2021 жылғы 14 қарашада өткізілген Арал қаласы әкімін сайлаудың қорытындысы туралы ХАБАР

2021 жылғы 14 қарашада Қызылорда облысының Арал ауданы Арал қаласы әкімінің сайлауы өткізілді.

Арал аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасына, 44 бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10 бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының дауыс берудің нәтижелері туралы хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 21863 азамат енгізілген, оның ішінде 18674-і дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 65, «Барлығына қарсымын» деген жолда белгісі бар - 10.

Әрбір кандидатты жақтап берілген дауыстар саны:

Жанибек Жарасович Жубанов – 3517; Ербол Сатбаевич Талекенов– 13541;  Алтай Женисович Умбеталиев– 1541.

Арал қаласының әкімі болып 1983 жылы туылған,  қазақ, Арал ауданы әкімінің орынбасары, Арал қаласында тұратын, «Nur Otan» партиясымен ұсынылған, «Nur Otan» партиясының мүшесі Ербол Сатбаевич Талекенов сайланды.

 

Арал аудандық аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
14 ноября 2021