Арал қаласы бойынша дауыс беру күніне дайындық туралы

1. 14 қараша күні Арал қаласы әкімін сайлауда дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 07:00 де басталады.

Арал қаласы әкіміне барлығы 3 кандидат ұсынылды.

Саяси партиямен ұсынылған кандидат саны – 1(«Nur Otan»партиясы), 2-і - өзін-өзі ұсынғандар.

Барлық кандидаттың мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігі анықталды.

Осылайша, сайлауға қатысатын кандидат саны -3.

Дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 20.00-ге дейін жалғасады.

Арал қаласы әкімінің сайлауына 15 сайлау учаскесі, осы учаскелік сайлау комиссиясының 109 мүшесі және аумақтық сайлау комиссиясының 7 мүшесі тартылған.

Тізімге енгізілген сайлаушылар саны 21863 адамды құрайды.

Тіркелген кандидаттардың сапалық құрамы

Тіркелген 3 кандидаттың 2– мемлекеттік қызметшілер, 1 – лауазымды тұлға.

Кандидаттардың үшеуіде  ер адамдар.

Кандидаттардың ешқайсының ғылыми дәрежесі жоқ, «Болашақ» бағдарламасының түлегі болып табылмайды.

Мамандықтар бөлінісі бойынша: 1-і (33,33%) – финансист, 1-і (33,33%) – экономист, 1-і (33,33%) – юрист

Кандидаттардың орта жасы 44,ең жасы – 38 жаста, егдегісі – 52 жаста.

Кандидаттардың барлығының ұлты қазақ.

3 кандидаттың 3-і де Арал қаласында тұрады.

2. Сайлау бюллетеньдері Арал қаласындағы сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы резервімен әзірленіп, сайлау учаскесіне жеткізілді. Сайлау бюллетеньдері орналасқан үй-жайлар хатталып, ішкі істер органдарының күзетіне тапсырылды.

3. Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайлар Ортсайлаукомның бекіткен Нұсқаулығына сәйкес жабдықталған.

Сайлау учаскесінде кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар, комиссия құрамдары, жоғары тұрған комиссия, сот, прокуратура органдарының телефондары туралы қажетті ақпараттары, УСК қаулыларымен бекітілген дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп ережелері бар стендтер ілінген.

Дауыс беру кезінде ерекше қажеттілігі бар сайлаушылар үшін қажетті жағдайлар жасалған. Мүмкіндігі шектеулі сайлаушыларға арналған орындар, кабиналар әзірленген. Көзі нашар көретін сайлаушылар үшін Брайль шрифті қолданылып бюллетень толтыруға қажетті трафарет және тиісті аудиороликтер мен лупа дайындалған.

КОВИД-19 инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында сайлау комиссиялары бірретік қорғаныс бетперде, қолғап, қалқанша, халаттың қажетті санымен және антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілген. Сайлау комиссиясы сайлауды өткізуге дайын.

Арал қаласы әкімін сайлауда дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдеріне Т.А.Ә. енгізілген кандидаттардың тізімі:

Жубанов Жанибек Жарасович

Талекенов Ербол Сатбаевич

Умбеталиев Алтай Женисович

Дата публикации
13 ноября 2021