2021 жылғы 3 қарашадағы №АСК-114 қаулы Арал қаласы әкіміне кандидаттарға бөлінетін шығыстардың мөлшерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 33-бабы 2-1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес, аудандық  сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Арал қаласы әкіміне кандидаттарға бөлінетін шығыстар мынадай мөлшерде бекітілсін:

 

Әрбір кандидатқа, соның ішінде:

- кандидаттың жарияланымдарын баспасөз басылымдарында орналастыруға, кандидаттың бағдарламасымен телевизияда сөйлеуіне (15 минут), радиода сөйлеуіне (10 минут)

- 110,0 мың теңге;

- кандидаттың үгіт материалдарын шығаруға

- 50,0 мың теңге;

- кандидаттың көліктік шығыстарына

- 50,0 мың теңге;

- үй-жайларды жалға алуға

- 20,0 мың тенге;

Бір кандидаттың жалпы шығыстарының жиынтық мөлшері

- 230,0 мың теңге.

 

 

Аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                              Н.Зағатов

 

Аудандық  сайлау

комиссиясы хатшысы                                    Ш.Бисеналиева

Дата публикации
06 ноября 2021