«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5 – бабының 9 тармағына сәйкес Арал аудандық сайлау комиссиясы хабарлайды:

Аудандық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 4 қарашадағы шешімімен 2021 жылғы 14 қарашаға тағайындалған сайлауда Арал қаласы әкіміне кандидат болып тіркелді

Талекенов Ербол Сатбаевич – 1983 жылы туған, қазақ, «Арал ауданы әкімдігі», Арал ауданы әкімінің орынбасары, Арал қаласында тұрады. «Nur Otan» партиясынан ұсынылған, «Nur Otan» партиясының мүшесі.

Алибеков Кайсар Алибекович – 1978 жылы туған, қазақ, «Арал аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі», бас маман, Арал қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.

Умбеталиев Алтай Женисович – 1969 жылы туған, қазақ, «SULPAK» сауда үйі, қауіпсіздік қызметінің басшысы, Арал қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.

Жубанов Жанибек Жарасович – 1980 жылы туған, қазақ, «Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі», бөлім басшысы, Арал қаласында  тұрады. Өзін-өзі ұсынған.

Дата публикации
04 ноября 2021