Учаскелік сайлау комиссияларының жекелеген мүшелерін комиссия құрамындағы міндеттерінен босату туралы

ҚАУЛЫ

 

Арал қаласы                                №АСК-111                         21 қазан 2021 жыл

 

Учаскелік сайлау комиссияларының

жекелеген мүшелерін комиссия құрамындағы

міндеттерінен босату туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы, 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағына сәйкес Арал  аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына сәйкес Арал ауданы көлемінде құрылған №41 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Марат Төлегенұлы Сарбасов, №49 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Нұрболат Төлебайұлы Теміров және №53 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Әбдіқадыр Нұғыманұлы Әбдіжалелов өз өтініштері бойынша комиссия құрамындағы міндеттерінен  босатылсын. 

2. Осы қаулы тиісті учаскелік сайлау комиссияларына және Арал аудандық мәслихатына жіберілсін.

 

                 

Аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                             Н.Зағатов

 

Аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                            Ш.Бисеналиева      

 

 

21.10.2021ж №АСК-111

 

 

Дата публикации
21 октября 2021