Өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған Арал қаласы әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 заңының 36 бабы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабын басшылыққа алып, Арал қаласы әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, аудандық сайлау комиссиясы

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Арал қаласы әкімін сайлауы бойынша Арал қаласы шекарасында Арал  сайлау округі құрылсын.

2. Арал қаласы әкімінің сайлауы 2021 жылғы 14 қарашаға (жексенбі) тағайындалсын.

3. 2021 жылғы 14 қарашаға тағайындалған Арал қаласы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу іс-шараларының Күнтізбелік жоспары бекітілсін.

4. Осы қаулы Арал аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын және аудандық «Толқын» газетінде хабарлама берілсін.

 

Аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                              Н. Зағатов

 

Аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                              Ш. Бисеналиева

 

 

 

№АСК-107

16.10.2021ж.

 

Дата публикации
16 октября 2021