«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 заңының 36 бабы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабының 3-тармағына сәйкес Қызылорда облысының Арал аудандық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 16 қазандағы №АСК-107 қаулысымен өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған Арал қаласының әкімін сайлау 2021 жылғы 14 қарашаға тағайындалды.
Арал қаласы әкімін сайлауы бойынша Арал қаласы шекарасында Арал сайлау округі құрылды.
Сайлауды әзірлеу мен өткізу іс-шараларының Күнтізбелік жоспарына сәйкес Арал қаласының әкіміне кандидаттарды ұсыну қазан айының 17-сінде басталып, 30 қазанда сағат 18:00-де аяқталады, кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталып, 4 қарашада сағат 18:00-де аяқталады.
Арал аудандық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: 120100, Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі №27, аудандық өнер мектебі ғимараты, байланыс телефоны: 2-23-13, электронды поштасы aral-saylau@mail.kz
Комиссия құрамы: төраға - Зағатов Нұрбек Нұртайұлы, төрағаның орынбасары - Балманов Махамбетжан, хатшы - Бисеналиева Шамшырақ Көшкінбайқызы, мүшелер: Ізмағамбетов Байнұр Жомартұлы, Рсалиев Нұрлыбек Срашұлы, Әбиева Ақжарқын Еңсепбайқызы.