Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық Заңының 28-бабының 4-тармағына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасынасәйкес кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай берілсін.
2. "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 17-ққаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5338 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 ақпандағы "Толқын" газетінде және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің орынбасары Р. Өтешовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Арал ауданының әкіміМ. УРАЗБАЕВ
Арал ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "31"
қазандағы № 150-қ қаулысына қосымша