2026 жылдың ІІІ тоқсан бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп
Арал ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 2026 жылдың ІІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 55 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 1462 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
- мемлекеттік орган арқылы (қағаз түрінде) 83 (5,7 %) қызмет;
- мемлекеттік корпорация арқылы 13 (0,9 %) қызмет;
- Электронды үкімет порталы арқылы 1366 (93,4 %) қызмет көрсетілді.
2026 жылдың ІІІ тоқсан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында барлығы 3 қызмет көрсетуші объектіге ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты 2026 жылдың ІІІ тоқсан бойынша арыз-шағым түскен жоқ.