Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау туралы ақпарат (2026 ж IІI тоқсан)

Аудан бойынша жергілікті атқарушы органдармен 2026 жылдың 9 айында  1456 өтініш тіркеліп, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда (2025ж. 9 айында 1261 өтініш ) 16 % пайызға көбейген.

Аудан әкімі аппаратында 2026 жылдың 9 айында барлығы 535 өтініш түсіп қаралды. Оның ішінде  жеке тұлғалардан 473, заңды тұлғалардан 62 өтініш түскен. Шағымдар саны-9, Өткен жылдың есепті мерзімімен (2025  ж. осы кезеңінде 595 өтініш түскен) салыстырғанда–10 пайызға азайған. Жоғарғы органдар арқылы 149 өтініш келіп түсіп, оның ішінде 14 өтініш ерекше бақылауға алынып, зерделенді.

Аудан әкімі аппаратына түскен 535 өтініштің: 159 басқа органдарға, 345 өтініш аппаратта қаралып, 31 өтініштің қаралуы тоқтатылды. Барлық келіп түскен өтініштер бойынша заңға сәйкес жауаптары берілді. Келіп түскен өтініштердің басым бөлігі- жер учаскелерін беру, жұмыспен қамту, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелеріне қатысты болып отыр.

2026 жыл басынан бері барлық дербес бөлімдер мен қала, кент, ауылдық округтердің мамандары аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінен бекітілген кестеге сәйкес тағылымдамадан өтті.

Аудан әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің қабылдауы тұрақты түрде жүргізілуде. 2026 жылдың 9 айында барлығы 257 адам қабылданды. Атап айтқанда, 124 адам аудан әкімінің және 133 адам аудан әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысының қабылдауында болып, 37 азаматтың өтініштері шешімін тапса, 134 азаматқа заң аясында түсініктеме берілді,  86-ы құзыреттілігіне сәйкес басқа органға жолданды.

 

Дата публикации
09 октября 2026