ЖОБА
«Арал ауданының жергiлiктi атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн бағалаудың әдiстемесiн бекiту туралы» Арал ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 26 қарашадағы №189-қ қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арал ауданы әкімдігінің мына қаулысының күші жойылсын:
«Арал ауданының жергiлiктi атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн бағалаудың әдiстемесiн бекiту туралы» Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 26 қарашадағы № 189-қ қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген).
2. «Арал ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ А. ОҢҒАРБАЕВ