2026 жылдың II тоқсаны бойынша көші-қон қызметі тобының анықтамасы

2026 жылдың маусым айында 200 шетел азаматы тіркелді. Оның 200-де РВП-мен тіркелгендер. Барлығыда ТМД мемлекеттерінен келгендер.

Есепті мерзімде аудан көлемінде шетел азаматтары болуы мүмкін қонақ үйлер, үй жайлар, базарлар, темір жол вокзалы, мекемелер және құрылыс жүріп жатырған объектілерге және «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» дәлізі бойындағы асханаларға арнайы шолу жүргізіліп, нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 3 бөлігінің 1 тармағымен 30 шетел азаматына қатысты хаттама рәсімделіп ескерту шарасы көрілді.

ҚР ӘҚБтҚ-нің 517-бабының 4-бөлігімен Өзбекстан Республикасының 2 азаматына қатысты хаттама рәсімделіп, аудандық соттың қулысымен Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарылды.

Қазақстан Республикасының 27 азаматына қатысты шетел азаматтарын үй-жайларына қабылдап, белгіленген тәртіппен уақытылы тіркеулен өткізуді қамтамасыз етпегені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 518 бабының 1 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып ескерту шарасы көрілді.

Қазақстан Республикасының 4 азаматына қатысты шетелдіктің жұмыс күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз өз бетінше жұмысқа тартқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 519 бабының 1 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып айыппұл салынды.

Мемлекеттік борышкерлерге қатысты   нәпаха төлеуден жалтарушы тұлғаға қатысты 4 іздестіру ісі арналып, олардың 3-нің жүрген жері анықталып қысқартылса, қазіргі таңда қалдықта қалып отқаны -1. Аталған бағыттағы жұмыстар бойынша іздестіру шаралары жалғасуда.

Дата публикации
09 июля 2026