Аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімге куәлік табыстады

АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ САЙЛАНҒАН ӘКІМГЕ КУӘЛІК ТАБЫСТАДЫ

2026 жылғы 22 маусымда Арал ауданында актив өтті. Жиында Арал аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Зағатов Нұрбек Нұртайұлы Арал қаласының әкімі ретінде сайланған Ренат Қуанғанұлы Жанаевқа куәлік табыс етілді.

Арал қаласы тұрғындарының тікелей сайлауы нәтижесінде әкім лауазымына сайланған Ренат Қуанғанұлы Жанаев 2026 жылғы 22 маусымнан бастап өз міндеттерін ресми түрде атқара бастайды.

Ренат Жанаев 1979 жылы 16 қазанда дүниеге келген.

24 жылдан астам уақыт мемлекеттік құрылымдардағы түрлі жауапты қызметтерді атқарды. Оның ішінде Арал ауданы әкімінің көмекшісі, Арал ауданы әкімі аппараты, құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімшесінің жетекшісі, Арал ауданы әкімі аппаратының ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.

Арал қаласы әкімінің орынбасары, «Арал ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы.

Сайлауда өзін-өзі ұсынған.

 

Дата публикации
22 июня 2026