Лого

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
АРАЛ АУДАНЫНЫҢ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН КОМИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

2026 жылғы 13 қазанда Қызылорда облыстық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру мәселелері бойынша Арал аудандық сайлау комиссиясының алғашқы отырысы өткізілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 12 қазандағы Жарлығына сәйкес, барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 12 қазандағы №60/98 қаулысына сай Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалды.

Арал аудандық сайлау комиссиясының отырысында 3 мәселе қаралды.

  1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы;
  2. Сайлау инфрақұрылымы туралы: комиссиялардың құрамдары, округтер, олардың тізімдерін жариялау, сондай-ақ сайлаушыларды сайлау комиссияларының орналасқан жерлері туралы хабардар ету;
  3. Учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесін бекіту туралы.

Арал ауданында барлығы 73 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның ішінде 1 аумақтық, 1 облыстық, 15 округтік және 56 учаскелік сайлау комиссиясы бар.

Аталған комиссиялардың құрамында жалпы 423 мүше қызмет атқарады. Атап айтқанда, аудандық сайлау комиссияларында – 7, облыстық – 5, округтік комиссияларда – 75, учаскелік комиссияларда 336 комиссия мүшесі бар.

 

Арал аудандық сайлау комиссиясы

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы