

Арал аудандық білім бөлімі Қазақстан президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы халыққа жолдауындағы білім саласына берген тапсырмаларын орындау бағытында жұмыс жасайды.
Ағымдағы оқу жылында ауданның барлық білім беру ұйымдары оффлайн форматындағы дәстүрлі оқытуға көшірілді.
Осыған орай, жазғы маусым кезеңінде білім беру мекемелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ішкі әжетханалармен, бейнекамералармен толықтай қамтылса, санитарлық-эпидемологиялық талаптарды сақтауға арналған дизенфекциялық құралдардың жеткілікті қорымен қамтамасыз етілген. Оқушылардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында ерікті түрдегі екпе салдыру шарасынан ұстаздарымыздың барлығы (100 пайыз) өтіп, мекемелер дерлік «Ashyq» жобасына қосылды. Мектептерде заманауи үлгідегі пәндік оқу кабинеттерінің де жүйесі қалыптасқан.
Арал ауданында 50 мектеп бар (5 бастауыш, 6 негізгі, 39 орта). Білім ордаларында 1-11 сынып аралығында 17627 оқушы дәріс алады. Оларға тәлім-тәрбие беретін беретін 2582 педагог кадрдың педагог-шебер – 2, педагог-зерттеуші – 261, педагог-сарапшы – 681, педагог-модератор – 578, бұл жалпы мұғалімдердің 59 пайызын құрайды.
2020-2021 оқу жылы білім беру мекемелеріне 57 жас маман, ал биылғы оқу жылында 76 жас маман орналасып отыр.
Мектептерді 1 – 11 сынып аралығындағы жетіспейтін оқулықтармен және әдеби кітаптармен қамту мақсатында бюджеттен 89 млн. 511 мың теңге, сонымен бірге өз алдына қаржыландыру бойынша 30 млн. теңге бөлінді. Оқулықтар аудан мектептеріне толық таратылып берілді.
Биылғы жылы ауданда маусым-шілде аралығында 1-10 сынып аралығындағы барлық балалардысауықтырумен және онлайн каникул-2021 іс-шарасы бойынша инстаграм желісіне үйірме сабақтары жүргізілді. Оның ішінде «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығына жалпыға бірдей міндетті оқу қоры есебінен - 408бала, мектеп жанындағы 43 мектепте ашылатын күндізгі лагерлерде ыстық тамақпен 2109 бала бірінші кезекте жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен атаулы әлеуметтік көмек алатын, аз қамтылған, көп балалы отбасы балалары қамтылды.
Барлық мектепке дейінгі 54 ұйымда 528 педагог қызмет (жоғары білімдісі – 334, оның ішінде мектепке дейінгі 242; арнаулы орта білімдісі – 194, оның ішінде мектепке дейінгі 144; жоғары санатты – 1; І санат – 71; ІІ санат – 149, педагог-зерттеуші – 3; педагог-сарапшы – 19; педагог-модератор - 108 ) атқарады. (704 техникалық қызметкер)
Инклюзивті білім алуға жағдай жасау мақсатында, 15 мемлекеттік балабақша да (75 пайыз) және 1 жеке балабақша да («Нұр-Ай») арнайы логопед маманымен қамтылып, барлығы 47,0 пайыз болып отыр.