Лого

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жұмыспен қамту

Жыл басынан бері жұмыс іздеуші есебінде - 5169 адам хабарласты. Оның 4615-і тұрақты және уақытша жұмысқа орналасты.

Кәсіптік оқумен қамтамасыз ету

Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 66 адам жолданды (қайық моторисі мамандығына 3 ай мерзімге). Оның 59-ы оқуын аяқтағаннан кейін тұрақты жұмыспен қамтылды.

Кәсіпкерлікті дамыту бойынша

«Бастау бизнес» жобасына электрондық еңбек биржасы арқылы 1523 адам онлайн форматта оқыған.

Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды көлемі 1 225 200 теңгеден 400 адамға грант берілді.

Субсидияланатын жұмыс орындары 

Әлеуметтік жұмыс орындарына 51 адам жолданды.

Әлеуметтік жұмысты аяқтаған 15 адам тұрақты жұмысқа орналастырылып, қалған 36 адам шарттарына сәйкес, келесі жылға өтпелі жұмысшылар.

Жастар тәжірибесіне 285 адам жолданды. Тәжірибені аяқтаған 31 адамның 26-ы тұрақты жұмыспен қамтылып, қалған 254 адам шарттары бойынша келесі жылға өтпелі.

Қоғамдық  жұмысқа 878 адам жолданды. Қоғамдық жұмысты 878-і аяқтап, 231-і тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Алғашқы жұмыс орнына 15 адам жолданып, шарт бойынша келесі жылға өтпелі.

Ұрпақтар келісімшарты жобасына 5 адам жолданды. Жұмысты аяқтаған 2 адам тұрақты жұмысқа орналасты, қалған 3 адам шарттарына сәйкес, келесі жылға өтпелі жұмысшылар.

Күміс жас жобасы бойынша 9 адам жолданды. Жұмысты аяқтаған 2 адам тұрақты жұмысқа орналасты (100,0%). Қалған 7 адам шарттарына сәйкес, келесі жылға өтпелі жұмысшылар.

Бүгінгі күнге жұмыссыздар саны (қалдық) базалық  дерекқор бойынша 498 адам, яғни желтоқсан айының ресми жұмыссыздық  деңгейі 1,6 пайызды құрап отыр.

Жалпы жұмыссыздық  деңгейі статистикалық мәліметке сәйкес аудан бойынша  5,0 пайыз құрайды.

Документы
Ақпарат
01 июля 2026
«Арал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Ақпарат
27 апреля 2026
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандардың, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің сұранысқа ие мамандықтарының тізбесі
Қаулы
09 апреля 2026
Арал аудандық мәслихаты шешімінің Жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Новости
Полезные материалы
Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тауарларға тапсырыс беру кезінде мүгедектігі бар адамдардың назарына!
Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша атқарылған жұмыстар
Медиагалерея
События
12 августа
Хабарландыру!!!
09 августа
ХАБАРЛАНДЫРУ
18 мая
Хабарландыру
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Бос жұмыс орындары туралы ақпараттарды қалай білуге немесе көруге болады?

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес, жұмыс беруші еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді enbek.kz электрондық еңбек биржасына орналастыруға міндетті.

Бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді enbek.kz электрондық еңбек биржасынан көруге болады.

Жұмысынан айырылған жағдайда, қандай төлемдер беріледі?

Тұрғылықты жері бойынша Мансап орталығына немесе enbek.kz электрондық еңбек биржасы мен электронды үкімет порталы (egov) арқылы жұмыссыз ретінде сәтті тіркелгеннен кейін жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге өтінім жолдауға болады.

Әлеуметтік төлем алдыңғы жұмыс берушідегі жұмыс өтіліне және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың болуына байланысты 1 айдан 6 айға дейін тағайындалуы мүмкін (егер алдыңғы жұмыс берушіден әлеуметтік аударымдар болған жағдайда).

Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адам тұрғылықты мекен-жайы бойынша Мансап орталығына, ал тұрғылықты жері бойынша Мансап орталығы болмаған жағдайда кент, ауылдық округ әкіміне egov электронды үкімет порталы арқылы, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы және екінші деңгейлі банк (Халық банк) қосымшасы арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтініш білдіруге болады. Жүгіну барысында отбасының табыстарын алдын-ала есептеу, отбасының жұмысқа қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту және өзге де әлеуметтік бейімдеу шараларына қатыстыру мәселелері бойынша кеңес беру және өтініш қабылдау жұмыстары жүргізілетін болады.

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы