Лого

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Құрылыс

Арал аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында 2025 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар

  1. Арал қаласы, кәріздің сыртқы желісінің құрылысы (1-кезең)
    Жоба құны – 675,1 млн. теңге. Құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталып, нысан мемлекеттік қабылдаудан өткізілді. КНС №1–3 бойынша құбыр желілері тартылды.
  2. Арал қаласы, әкімшілік ғимарат (Руханият орталығы)
    Жоба құны – 1,7 млрд. теңге. Құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталып, нысан халық игілігіне пайдалануға берілді.
  3. Мергенсай ауылдық округі, Тастүбек елді мекеніне су желісі
    Жоба құны – 1,0 млрд. теңге. Су желісі толық жүргізіліп, нысан пайдалануға берілді.
  4. Қарақұм ауылдық округі, Ерімбетжаға елді мекеніне су желісі
    Жоба құны – 1,1 млрд. теңге. Су желісі жүргізіліп, нысан халық игілігіне берілді.
  5. Арал қаласының ВЛ-0,4 кВ әуе жүйелері
    Жоба құны – 722,3 млн. теңге. Темірбетон бағаналар орнатылып, 19,3 шақырым электр желісі монтаждалды. Жоба 2026 жылға өтпелі.
  6. Аманөткел ауылы, 150 орындық ауылдық клуб.
    Жоба құны – 611,7 млн. теңге. Ғимараттың құрылысы және ішкі сылау жұмыстары аяқталды, сыртқы инженерлік желілер жүргізілуде. Жоба 2026 жылға өтпелі.
  7. Октябрь ауылдық округі, Шижаға ауылындағы спорт кешені.
    Жоба құны – 454,9 млн. теңге. Іргетасы құйылып, металл каркас орнатылды, ішкі бетон еден төсеніштері мен қабат аралық бөлгіштер салынды. Жоба 2026 жылға өтпелі.
  8. Шижаға елді мекеніне әуе желілері.
    Жоба құны – 491,7 млн. теңге. Темірбетон бағаналар орнатылып, 20,5 шақырым электр желісі жүргізілді. Жоба 2026 жылға өтпелі.
  9. Сексеуіл кентінің электр желілерін жаңғырту
    Жоба құны – 1,8 млрд. теңге. Темірбетон тіректер орнатылып, электр желілері жаңартылды. Жоба 2026 жылға өтпелі.
  10. Қамыстыбас ауылында газ құбыры мен газ тарату желілері.
    Жоба құны – 1,1 млрд. теңге. Газ желілері жүргізіліп, 118 абонент табиғи газбен қамтамасыз етілді. Жоба 2026 жылға өтпелі.
  11. Арал қаласынан әлеуметтік осал топтарға тұрғын үй сатып алу
    60 пәтер сатып алынып, бөлінген қаражат толық игерілді.
Документы
Ақпарат
22 мая 2020
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін жұмыс тобын құру туралы
Новости
Полезные материалы
Арал ауданы бойынша қала құрылыстық құжаттамалары бойынша ақпарат
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласы бойынша атқарылған жұмыстар
Медиагалерея
События
25 мая
«Арал аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жасалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Кәсіпкерлік мақсатта дүкен құрылысын салғым келеді. Ол үшін не жасауым керек?

Құрылыс дегеніміз негізінен әр түрлі ғимараттар мен үйлерді салумен, салынып жатқан нысандарды іске қосуға байланысты жабдықтарды монтаждаумен шұғылданатын материалдық өндіріс саласы. Құрылысқа үйлер мен ғимараттарды жөндеуге байланысты жұмыстар да жатады.

Осындай құрылыс жұмыстарын жүргізу Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» №750 бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) сәйкес мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады: 1) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу;

2) эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу

3) жобалау-сметалық құжаттамасын (бұдан әрі – жобалау) әзірлеу және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан (бұдан әрі – сараптама) өткізу;

4) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;

5) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.

Осы құжаттар жинауды түсіндіріп берсеңіз?

Әрбір кезеңді дербес қарастыратын болсақ:

 

1-кезең. Құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу. Жобаларды әзірлеуге арналған бастапқы материалдар мыналарды қамтиды:

1) сәулет-жоспарлау тапсырмасы (бұдан әрі – СЖТ);

2) техникалық шарттар (өтініш берушінің инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағын (бұдан әрі – техникалық шарттар);

3) жолдар мен көшелердің көлденең қималары;

4) тік жоспарлау белгілері;                                        

5) түбегейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірме;

6) сыртқы инженерлік желілер трассасының схемасы.

Бастапқы материалдарды ұсыну туралы өтініш жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің атына "электрондық үкімет" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы төмендегі құжаттарды қоса жалғай отырып, бекітілген нысан бойынша беріледі:

1) жер учаскесіне құқығын белгілейтін құжат ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорында тіркелмеген жағдайда");

2) бекітілген нысан бойынша сауалнама парағы (техникалық шарттарды алған жағдайда);

3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).

Егер өтінішті уәкілетті өкiлi беретін болса: заңды тұлға үшін – өкілеттілігін растайтын құжат бойынша; жеке тұлға үшін – нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша беріледі.

 

2-кезең. Эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу. Бастапқы материалдарды және эскизді (эскиздік жобаны) алғаннан кейін өтініш беруші бекітілген нысан бойынша оны жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне өтініш беру арқылы келісуді жүзеге асырады.

Өтінішке мыналар қоса беріледі:

1) эскиз (эскиздік жоба);

2) СЖТ көшірмесі;

3) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Егер өтінішті уәкілетті өкiлi беретін болса: заңды тұлға үшін - өкілеттілігін растайтын құжат бойынша; жеке тұлға үшін - нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша беріледі.

Эскизді (эскиздік жобаны) келіскеннен кейін жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі келісілген эскизді (эскиздік жобаны) тіркеуді және деректер базасына енгізуді жүргізеді, сондай-ақ өтініш берушіге келісілген эскизді (эскиздік жобаны) береді.

 

3-кезең. Жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізу. Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуді тиісті жұмыс түрлеріне лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу тапсырыс беруші берген жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес СЖТ-ның негізгі талаптары мен ұсынымдарын ескере отырып, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 21-1-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын, эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу, реконструкциялау және кеңейту жобаларына, қалалық және ауылдық елді мекендердің құрылыс салу бас жоспарларының, курорттық аймақтар жобаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді жүзеге асырады.

Әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының сараптамасы Заңның 9-1-тарауына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі №299 бұйрығымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

 

4-кезең. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдарды құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзудің басталғаны жөнінде хабардар етеді.

Объектілердің құрылысы авторлық және техникалық қадағалаулардың міндетті сүйемелденуімен; белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

5-кезең. Салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру. Салынған объектi бекiтiлген жобаға сәйкес толық әзiр болған жағдайда және сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды болған және орындалған жұмыстар бекітілген жобаға сәйкес келген жағдайда /Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі №235 бұйрығымен бекітілген Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның нысандарына сәйкес/ тапсырыс беруші оны пайдалануға қабылдауды жүргiзедi /Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен бекітілген Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанына сәйкес/.

Заңның 74-бабының 1-тармағына сәйкес меншік иесі (тапсырыс беруші, инвестор, құрылыс салушы) құрылысы аяқталған, техникалық жағынан күрделi емес объектiлердi өз бетінше Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы №867 бұйрығынамен бекітілген Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау актісінің нысанына сәйкес қабылдауды жүзеге асырады.

Объектіні пайдалануға қабылдау актісін бекітпей объектіні пайдалануға қабылдауға жол берілмейді.

Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін не жасау керек

Жеке тұрғын үй құрылысы арнайы жобалық шешімдерді және оларды іске асыру кезінде іс-шараларды талап ететін сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар аймақтарда орналасқан екі қабаттан биік жеке тұрғын үй құрылысын қоспағанда, жергіілкті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен келісілген эскизге (эскиздік жобаға) сәйкес жүзеге асырылады.

Белгіленген тәртіппен бекітіліп берілген жер учаскесінде орналасқан, тұрғын үйдің және басқа да құрылыстардың құрылыстар, сондай-ақ шектес жер учаскелеріндегі құрылыстар арасында белгіленген міндетті нормативтік, санитариялық, өртке қарсы және техникалық айырмашылықтарды қамтамасыз еткен жағдайда жеке құрылыс салушы дербес белгілейді.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдарда белгіленген нормалар мен талаптарды (шарттарды, ережелерді, шектеулердi) бұзуға жол берген оның субъектiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес:

- объектілерді және олардың кешендерін, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не сараптама жүргізу талап етілетін, белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салу (реконструкциялау, реставрациялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделi жөндеу) – жеке тұлғаларға – бір жүз жиырма, лауазымды адамдарға – бір жүз алпыс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде (316-бап);

- құрылысты техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргізбей жүзеге асыру жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға – бір жүз алпыс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (321-бап);

- сәулет-құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын бұза отырып, объектілер мен кешендерді қабылдаудың және пайдалануға берудің белгіленген тәртібін бұзу жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде (318-бап);

- құрылысы аяқталған, бiрақ белгiленген тәртiппен пайдалануға берілмеген объектiлердi, кешендердi немесе олардың жекелеген бөлiктерiн пайдалану (тұру, кіріс алу мақсатында қызметтер көрсету, өнiм өндiру) жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде (323-бап);

- Өндiрiстiк, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектiлердi жерге тиісті құқықсыз заңсыз салу заңсыз тұрғызылған немесе тұрғызылып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұза отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады (319-бап).

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы