

Арал ауданы аумағында барлық шаруа қожалықтарының саны-527, мемлекеттік емес ауыл шаруашылық ұйымдары-12, мемлекеттік ауыл шаруашылық ұйымдары-2, ал ауыл шаруашылық айналымына тартылған ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы алаңы-621983,0 гектар, оның ішінде суармалы егістіктер-34,0 гектар, тыңайған жерлер-146,0 гектар, шабындықтар-7271,0 гектар, жайылымдықтар-465663,0 гектар, оның суландырылғаны-302381 гектар.
Бөлім арқылы осы уақытқа дейін кәсіпкерлік мақсатта жалпы көлемі 81,276 гектар жер учаскелері сауда-саттық (аукцион) арқылы сатылып,жалпы сомасы 26 645 923 теңге жалдау құқығына сатылып сауда-саттық (аукцион) арқылы өткізілді.
Арал ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жерлерінен жалға беру шарттарында көрсетілген талаптарды сақтамаған жалпы көлемі -1580 гектар,2 жер учаскелерінің жалға беру шарттары біржақты бұзылып,мемлекет қайтарылып алынды.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы «Жер Кодексінің» 48 бабына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) шығарылып беріледі. Аталған кодекстің 48 бабының 3 тармағына сәйкес, сатуға арналған жер учаскесі:жер учаскесінің шекарасы айқындалғаннан;жер учаскесінің нысаналы мақсаты және оның кадастрлық (бағалау) құны анықталғаннан; сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізу туралы шешім қабылданғаннан; сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейін сауда – саттыққа шығарылады. Конкурсты өткізу туралы хабарлама тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында және жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жарияланып отырады. Жер учаскесінің шекарасын анықтау мақсатында Арал аудандық жер қатынастары бөліміне баруыңызға болады.
Үш жылдық мерзiм өткенге дейiн өндiрiстiк жағдайларға немесе әкiмшiлiктiң бастамасы бойынша басқа ауылдық елдi мекендерге (немесе бір ауылдық елді мекеннің шегінде) жұмысқа ауысқан кезде қосымша келісім бойынша міндеттемелер қабылдай отырып, алынған әлеуметтiк қолдау шараларына құқығын сақтауға құқығы бар
Бағдарламаға тек ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандар қатыса алады.