Лого

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Өнеркәсіп және туризм

Өнеркәсіп

Жалпы, 2025 жылы Арал ауданы аумағында жалпы құны 3,2 млрд теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба іске қосылды. Аталған жобалар аясында 50 жаңа жұмыс орны ашылды:

  • «Ase Invest» ЖШС – тұрмысқа қажетті құрғақ ұнтақтар өндіру жобасы. Жоба құны – 300 млн теңге, жұмыс орындары – 10 адам;
  • «Sinooil» ЖШС – жанар-жағармай құю станциясын салу жобасы. Жоба құны – 500 млн теңге, жұмыс орындары – 10 адам;
  • «Қарашалаң балық» ЖШС – Арал қаласында балық өңдеу зауытын ашу жобасы. Жоба құны – 422 млн теңге, жұмыс орындары – 20 адам;
  • «Petro Retail PFS» ЖШС – жол бойы қызмет көрсету орталығын ашу жобасы. Жоба құны – 2 млрд теңге, жұмыс орындары – 10 адам.

Сонымен қатар, 2026 жылдың соңына дейін Арал ауданында жалпы құны 17,0 млрд теңгені құрайтын 9 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл жобалар нәтижесінде 135 жаңа жұмыс орны ашылады:

  • «Qazaq Camel» ЖШС – түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығару зауытын салу. Жоба құны – 3,0 млрд теңге, жұмыс орындары – 23 адам;
  • «Эко Энерджи Плюс» ЖШС – автомобиль газ толтыру компрессорлық станциясы бар көпфункционалды жол бойы кешенін салу. Жоба құны – 1,0 млрд теңге, жұмыс орындары – 15 адам;
  • «Тоғыс-Аралотын» ЖШС – жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру жобасы. Жоба құны – 1,8 млрд теңге, жұмыс орындары – 20 адам;
  • «Тоғыс-Аралотын» ЖШС – Арал қаласында мотоцикл құрастыру зауытын ашу. Жоба құны – 1,0 млрд теңге, жұмыс орындары – 15 адам;
  • «Тоғыс-Аралотын» ЖШС – балық шаруашылығын ұйымдастыру жобасы. Жоба құны – 685 млн теңге, жұмыс орындары – 12 адам;
  • «Альхена» ЖШС – қуаттылығы 30 МВт күн электр станциясын салу. Жоба құны – 8,6 млрд теңге, жұмыс орындары – 20 адам;
  • ДК «Аманжолов Жұбаныш» – ылғал майлықтар өндіру зауытын ашу. Жоба құны – 320 млн теңге, жұмыс орындары – 10 адам;
  • «Алаш Метан» ЖШС – Арал ауданында метан газын құю бекетін ашу. Жоба құны – 600 млн теңге, жұмыс орындары – 10 адам;
  • «Хан Батыр» ЖШС – тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу жобасы. Жоба құны – 94 млн теңге, жұмыс орындары – 10 адам.

 

Туризм

2025 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша Арал ауданында туристер саны 13 910 адамды құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға артты. Оның ішінде ішкі туристер – 13 150 адам, сыртқы туристер – 760 адам. Қазіргі таңда аудан аумағында 18 қонақ үй, 6 туристік нысан және 50-ден астам қоғамдық тамақтану орны туристерге қызмет көрсетуде. Туризм саласын цифрландыру мақсатында туристік нысандар мен сервистік қызметтер туралы ақпаратты қамтитын QR-кодтар орнатылды.

Қазақстан Республикасының туристендіру картасына сәйкес аудан аумағындағы туристік объектілер республикалық және өңірлік деңгейлерге бөлінген. Республикалық деңгейдегі туристік нысан ретінде «Геопарк Арал», ал өңірлік деңгейде Қамыстыбас көлі жағажайы белгіленген. Сонымен қатар, Халықаралық Аралды құтқару қорымен бірлесіп әзірленген «ARAL GEOPARK» туристік бағыты аясында 6 туристік нысан қамтылып, жобаға қатысты құжаттар ЮНЕСКО Халықаралық ұйымына тіркеуге ұсынылды.

Документы
Ақпарат
31 июля 2026
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА «Арал ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша
Ақпарат
29 июля 2026
«Арал ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесі бойынша жария талқылаудың хаттамасы
Шешім
29 октября 2025
Арал ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Новости
Полезные материалы
Қамыстыбас ауылы
Аралдағы Көкарал бөгеті
Арыстанбаб зираты, ІХ-ХІ ғғ.
Медиагалерея
События
20 мая
Арал ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
17 марта
Арал ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі
18 апреля
Арал ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері?

«Арал ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауданда кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларын дамыту жөніндегі саясатты жүргізу.

  1. Міндеттері:

1) кәсіпкерлік дамуын үйлестіруді қамтамасыз ету;

2) өнеркәсіп салалары қызметін үйлестіру және дамуының мониторингін жүргізу;

3) сауда, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының қызметін үйлестіру;

4) ауданда шағын кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасын және оны іске асырудың іс-шаралар жоспарын әзірлеу және олардың орындалуын бақылау;

5) заңнамамен жүктелген басқа да міндеттерді орындау.

  1. Функциялары:

1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асыру;

2) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасау;

3) кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке кәсіпкерлікті дамыту инфрақұрылымына талдау жүргізу;

4) өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз ету;

5) өңiрде шағын кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз ету;

6) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Арал ауданындағы филиалымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;

7) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;

шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;

9) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз ету;

10) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асыру;

11) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлеу;

12) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлеу;

13) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөнінде шаралар әзірлеу және іске асыру;

14) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;

15) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру;

  1. Құқықтары мен міндеттері:

Құқықтары:

1) кәсіпкерліктің инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, несие және грант алуға кәсіпкерлерге әдістемелік көмек көрсету;

2) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

3) мүдделі органдармен келісе отырып, уақытша жұмысшы топтар құрылуына ықпал ету, үйлестіру, ғылыми-техникалық және сараптамалық комиссиялар, сондай-ақ кәсіпкерлік мәселелері дамуының, сауда қызметтерінің проблемалары жөнінде кеңес-семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізілуін ұйымдастыру;

4) кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау стратегиясын жүзеге асыру;

5) бөлім қызметі мәселелері бойынша аудан басшылығының және аудан әкімдігінің отырыстарының қарауына ұсыныстар енгізу;

6) аудан әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу;

7) бөлім мұқтаждығына қажетті тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жасау үшін конкурстар ұйымдастыру;

меншік нысанына және ведомствалық бағынысқа қарамастан ауданда кәсіпкерлік пен сауда қызметтерін дамыту мәселері бойынша кәсіпорындар қызметіне талдау жасау және мониторинг жүргізу;

9) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімі және облыс әкімдігі, аудан әкімі және аудан әкімдігінің актілерін орындау жөнінде ұсыныстар енгізу;

10) меншік нысанына және ведомствалық бағынысқа қарамастан, кәсіпкерлік кәсіпорындарынан және сауда қызметтерінен қажетті ақпарат сұрау және алу.

Міндеттері:

1) жеке және заңды тұлғалардың «Арал ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;

2) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;

3) заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;

4) қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді мен жүзеге асырады.

Несиеге және грант алуға қандай көмек көрсетеді?

Аудан бойынша кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жұмыстарды орындайды. Несие және грант алуға жобалар дайындау үшін кәсіпкерлерге әдістемелік көмек көрсетеді.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі несиеге қатысты қандай мемлекеттік бағдарламамен жұмыс жасайды?

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі несиега қатысты арнайы 4 мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде сүйемелдеу жұмыстарын жүргізеді. Олар: «Қызылорда өңірлік инвестицлық орталығы», «Аграрлық несие корпорациясы» «Ауыл Аманаты», «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламаларымен жұмыс жасайды.

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы