

Арал ауданы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар 35 291 адамды қамтып отыр. Статистикалық деректердің қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш аудан халқының 44,5 пайызын құрайды.
Статистикалық есеп бойынша ауданда 248 спорт объектісі тіркелген. Оның: 5-і спорттық кешен, 1-уі стадион, 59-і спорт залдар, 14-і бейімделінген спорт бөлмелері, 169-і жазықтағы спорт алаңдары.
Арал ауданы бойынша Олимпиада ойындары бағдарламасына кірген 12 спорт түрлері бойыншы спорт үйірмелері жұмыс жасайды. Оның ішінде: баскетбол, бокс, волейбол, грек-рим күресі, еркін күрес, дзюдо, жеңіл атлетика, қол добы, таеквондо, үстел теннисі, футбол, әйелдер күресі.
Олимпиада ойындары бағдарламасына кірмеген және ұлттық спорт түрлері бойынша 10 спорт түрлері бар: гір спорты, қол күресі, дойбы, шахмат, асық ату және бес асық, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, аударыспақ және теңге ілу.
Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған дене тәрбиесі мен сауықтыру және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізудің арнайы жылдық жоспары бекітіліп жүзеге асырылады. Жоспарға аудандық, салалық спартакиадалардан бастап, құқық бұзушылық профилактикасы бойынша, даталы күндерге, ауданға аты мәлім азаматтарды еске алуға арналған іс-шараларға дейін қамтылған.
2025 жылдың қаңтар айынан бастап қараша айының соңына дейін аудан бойынша 100 спорттық жарыс өткізілді. Оның ішінде:
-6 республикалық,
-8 облыстық,
-86 аудандық іс-шара.
2025 жылы аудан спортшылары ресми чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда 37 медальға ие болды: 11 алтын, 12 күміс, 14 қола.
ҚР чемпионаттары: 5 алтын, 11 күміс, 12 қола
Азия чемпионаты: 6 алтын, 1 күміс, 2 қола
Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлау бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: Тізілімге енгізілген спорт түрлері бойынша "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар және біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман лауазымында мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі:
немесе Азия немесе Пара Азия ойындарында (жазғы, қысқы) немесе Азия-Тынық мұхиты ойындарында 7-8 орын алған бір спортшыны дайындау;
немесе барлық жас топтары арасында Әлем чемпионатында немесе Азия чемпионатында немесе Дүниежүзілік Универсиадада (жазғы, қысқы) 7-8 орын алған немесе студенттер арасында Әлем чемпионатында 4-5 орын алған бір спортшыны дайындау;
немесе мүгедектігі бар адамдар үшін барлық жас топтары арасында Әлем чемпионатында немесе Азия чемпионатында 8-9 орын алған бір спортшыны дайындау;
немесе Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 2-3 орын алған бір спортшыны дайындау;
немесе ересектер арасында Қазақстан Республикасының Спартакиадасында немесе Қазақстан Республикасының Универсиадасында (жазғы, қысқы) 2-3 орын алған бір спортшыны дайындау;
немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) құрама командасына үш спортшыны дайындау;
немесе одан әрі жетілдіру үшін екі спортшыны республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мамандандырылған мектеп-интернаттарға-олимпиадалық резервтегі колледждеріне және облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарына тапсыру;
немесе дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органда немесе дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органда кемінде екі жыл ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы;
немесе "Қазақстан Республикасының спорт шебері" атағынан төмен емес спорттық атақтың болуы.
«Біліктілік санатын алу үшін өтінішіңізді Арал қаласы, Қарасақал Ерімбет көшесі №67 мекенжайында орналасқан «Халыққа қызмет көрсету» орталығы департаментінің Арал аудандық бөліміне барып тапсыра аласыз. Сондай-ақ өтініш беру мүмкіндігі Egov Mobile қосымшасы арқылы да қарастырылған. Өтініш тіркелгеннен кейін орталық мамандары оны тиісті ақпараттық жүйе арқылы Арал ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне жолдайды»
15 жұмыс күні ішінде