Лого

Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
t.alzhanov@korda.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Әлжанов Толыбай Шалғынбайұлы
Аудандық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің басшысы
Общая информация, образование

Әлжанов Толыбай Шалғынбайұлы 1971 жылдың 17 қаңтарында Арал қаласында дүниеге келген.  1978 жылы №14 Н. К. Крупская атындағы орыс орта мектебінің табалдырыгына қабылданып, 1988 жылы бітірді. Мектеп қабырғасында оқып жүріп қосымша Арал аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің волейбол бөлімшесінде осы спорт түрін меңгеріп шықты. Аудан, облыс чемпионы атанып, республикалық жарыстарда облыс құрама командасының қатарында облысымыздың намысын қорғады.

1988-1993 жылдар аралығында Өскемен құрылыс-жол институтын «Транспорттың жүк тасымалдауын ұйымдастыратын инженер» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Карьера

1993 жылдың тамыз айынан 1995 жылдың қыркүйегіне дейін Арал электротехникалық зауытында экономист болып еңбек жолын бастаған.

1995 жылдың қыркүйегі - 1999 жылдың ақпан айы аралығында «ЯКСАРТ» жеке фирмасының Арал қаласындағы май қүю бекетінде оператор болып жұмыс жасаған.

1999 жылдың ақпан айы – 2000 жылдың қыркүйегі аралығында Арал қаласындағы №83 орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі.

01.10.2000 - 11.08.2003 жылдар аралығында аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің волейбол бөлімшесінің жаттықтырушысы. 1999-2004 жылдары енбектен үзіліссіз Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Дене тәрбиесі оқытушысы, спорт жаттықтырушысы» мамандығы бойынша бітірген.

2003-2004 жылдар аралығында Арал аудандық туризм және спорт бөлімінің бас маманы.

2005 жылы Арал аудандық білім беру және спорт бөлімінің бас маманы.

2006-2016 жылдары аралығында Арал аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.

20.05.2016 - 03.05.2022 ж. аралығында Арал аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

13.05.2022 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Арал спорт клубы» КМ мекемесі директоры қызметін атқаруда.

Жанұялы, бес бала тәрбиелеуде.

 

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы