
Оңғарбаев Аманжол Сақыпұлы - 1968 жылы 7 қарашада Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ақбасты ауылында дүниеге келген.
Жоғары білімді.
1993 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген.
2000 жылы «Болашақ» университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.
2004 жылы Қызылорда Гуманитарлық Заң университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын: 1993 жылы Қызылорда облыстық тіл басқармасында бірінші санаттағы маман болып бастаған;
1995 - 1996 жылдары Ұлт саясаты жөніндегі Қызылорда облыстық комитетінің жетекші маманы;
1996 - 2000 жылдары облыстық «Ақмешіт апталығы» газеті бас редакторының орынбасары;
2000 - 2001 жылдары «АСУ» ЖШС директоры;
2001 - 2010 жылдары «Халық» газеті ЖШС және «ASU» баспа үйі» ЖШС директоры, бас редакторы;
2010 - 2024 жылдары «Сыр медиа» ЖШС бас директоры;
2024 жылдың 22 қаңтарынан бастап Арал ауданының әкімі.