
Райым ауылдық клубы 1977 жылы қаланып ел игілігіне пайдалануға берілді. 2007 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мекемеде 5 қызметкер жұмыс атқарады оның ішінде мәдени қызметкер саны 3, 1 есепші және 1 техникалық қызметкер жұмыс атқарады. Осы уақытқа дейін республикалық, облыстық және аудандық байқауларға қатысып жүлделі орындарға иеленіп келеміз. Елді мекен тұрғындарына түрлі ісшаралар және мерекелік күндерді атап өтуге жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.