2025-2027 жылдарға арналған Сапақ ауылдық округінің бюджеті туралы

«2025-2027 жылдарға арналған Сапақ ауылдық округінің

 бюджеті туралы»

 

          «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-7тармағына сәйкес Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2025-2027 жылдарға арналған Сапақ ауылдық округінің бюджеті
    1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

          1) кірістер – 43 989 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 2 813 мың теңге;

          салықтық емес түсімдер – 0;

          негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0;

         трансферттер түсімдері – 41 176 мың теңге;

         2) шығындар – 43 989 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

         бюджеттік кредиттер – 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

         қаржы активтерін сатып алу – 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0.

  1. 2025 жылға арналған Сапақ ауылдық округ бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

 

 

  Арал аудандық

  мәслихатының төреағасы                                                  Б.Турахметов

 

Дата публикации
25 декабря 2024