2024-2026 жылдарға арналған Сапақ ауылдық округінің бюджеті туралы

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2023 жылғы

26 желтоқсандағы№ 159   «2024-2026 жылдарға арналған Сапақ ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихаты                              ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2023 жылғы         26 желтоқсандағы   № 159 «2024-2026 жылдарға арналған Сапақ ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне  мынадай өзгерістер енгізілсін:

          1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

          «1. 2024-2026 жылдарға арналған Сапақ ауылдық округінің бюджеті       1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

          1) кірістер – 41 349 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 3 314 мың теңге;

          салықтық емес түсімдер – 0;

          негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0;

         трансферттер түсімдері – 38 035 мың теңге;

         2) шығындар – 42 449 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

         бюджеттік кредиттер – 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

         қаржы активтерін сатып алу – 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

          5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 100 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –    1 100 мың теңге;

қарыздар түсімі – 0;

қарыздарды өтеу – 0;

бюджет қаражататының пайдалынылатын қалдықтары – 1 100 мың теңге.».

Аталған шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

 

 

 

Арал аудандық мәслихатының

                                      төрағасы                                        Б. Турахметов

 

Дата публикации
08 ноября 2024