«Cапақ ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесі бойынша жария тыңдаудың хаттамасы
Сапақ ауылы 26.04.2024 жыл.
Төрағалық етуші: Ауылдық округ әкімі Ж. Жалғасбеков
Хатшы: Ауылдық округ әкімі аппаратының
бас маманы Ө. Санақұлов
Қатысқандар: Ауылдық округ әкімі аппаратының
қызметкерлері
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
«Сапақ ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жасалған 26.04.2024 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері ауыл әкімшілігі ғимаратында жария тыңдауда талқыланды.
Жария тыңдау барысында бөлімінің сыбайлас жемқорлық тауекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша Қолданылған тәртіптік жазаны тым қысқа мерзімде алып тастау жағдайларын жоюды және тәртіптік жазаны қолданылған күннен бастап 3 ай iшiнде күшінде болуы туралы сондай-ақ тағы басқа мәселелер.
Жария тыңдауға қатысқан тұлғалар тарапынан ұсыныстар мен пікір алмасулар орын алды. Ауыл әкімі Ж. Жалғасбеков қатысушыларға алғыс білдіріп, жария тыңдауды жабық деп қорытындылады.
Сонымен қатар, жария тыңдау қорытындысымен анықтамада көрсетілген ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларының жоспары белгілеу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындыратын сәйкессіздіктерді жою бойынша ұсыныстарды уәкілетті органға жолдау тапсырылды.
Ауылдық округ әкімі Ж. Жалғасбеков
Бас маман Ө. Санақұлов