GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Қызметі
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Все материалы
07 сентября 2026
ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛЫНДА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ
Бүгін Райым ауылдық округіне қарасты Қызылжар ауылында 256-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымының өрт сөндіру бекеті ашылды.
Жаңа өрт сөндіру бекеті Қызылжар, Ақшатау, Шөмішкөл, Ескіұра және Райым ауылдарындағы жалпы саны 1013 тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Шерхан Есжанов, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Жасұлан Түйменов қатысып, ауыл тұрғындарын айтулы бастаманың іске қосылуымен құттықтады.
Іс-шара барысында елді мекендердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және өрттің салдарын жедел жою бағытында еңбек етіп жүрген бір топ сала мамандары мен ауыл тұрғындары аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Айта кетейік, өртке қарсы құралымдардың жұмысы ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, төтенше жағдайлардың алдын алуда және өрт оқиғаларына жедел ден қоюда маңызды рөл атқарады.
Мәдениет
13 июля 2026
⚜️⚽«AMANDYK CUP II»🏐ТУРНИРІ ӨТТІ!

Ағымдағы жылдың 08 шілдесі күні Қызылжар ауылының құрметті азаматы, мәдениет саласының үздігі, спорт пен өнердің жанашыры Жүгінісов Амандық Әлімжанұлын еске алуға арналған шағын футбол және волейболдан аймақтық турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.

Аталған турнирге Арал ауданының әр аймағынан және Қазалы ауданы, Қызылту ауылынан спортшылар қатысып, өзара тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті. Іс-шараның басты мақсаты – ардақты азаматтың жарқын бейнесін ұлықтап, оның спорт пен мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесін кейінгі ұрпаққа насихаттау болды.

Турнир аясында марқұмның рухына бағышталып, ауыл мешітінде құран бағышталып, келген қонақтарға ас берілді.

Кешкі уақытта Жүгінісов Амандық Әлімжанұлының ұлы Ернар Амандықтың және еліміздің өнер жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтіп, ауыл тұрғындары мен қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Тағылымды шараға қатысушылар Жүгінісов Амандық Әлімжанұлын құрметпен еске алып, оның елге сіңірген еңбегі мен өнегелі өмір жолы ұрпақ жадында мәңгі сақталатынын атап өтті!

10 июня 2026
Туризм саласын дамыту мәселесі қаралды

9 маусым күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен әкімдік мәжілісі өтіп, онда туризм саласын дамыту мәселесі жан-жақты қаралды.

Аудан басшысы туризм аудан экономикасын нығайтып, халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін маңызды сала екенін айтып, осы бағыттағы жұмыстарды жан-жақты жандандыру керектігін жеткізді. Бұл жұмыстар мемлекеттік саясат аясында да жан-жақты қолдауға ие болып келеді.

Мемлекет басшысының шетелдік инвесторлармен ел экономикасына қосымша қаржы тарту, отандық туризмді дамыту туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында облыста туризм басқармасы құрылды. Аталған басқарма өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған кешенді жұмыстарды үйлестіреді.

2025 жылдың қорытындысымен ауданға 21 мыңнан астам отандық және 1200 шетелдік турист келген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 38 пайызға артқан. Осыған байланысты жауапты сала басшыларына туристер санын көбейту, инвестициялық жобаларды іске асыру және барлық индикаторлардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Мәжілісте «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолы бойындағы сервистік кешендердің жай-күйі, «Аққұмшық» жағажайын дамыту, демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және туристік нысандардың санитарлық тазалығын сақтау мәселелері де көтерілді.

Сонымен қатар, «Арал» геопаркін ЮНЕСКО-ның Жаһандық геопарктер желісіне енгізу жұмыстары талқыланды. Ағымдағы жылдың шілде айында халықаралық сарапшылардың ауданға келуі жоспарлануда.

Жиын барысында әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыстар мен тұрғындармен кері байланысты жандандыру мәселесіне байланысты аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы М.Марат хабарлама жасады.

Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы мәселеге ерекше назар аударып, кемшіліктерді қалпына келтіру бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.

19 мая 2026
«Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру және «Д», «Е» санатындағы азаматтарды қолдау шаралары аясында жиын өтті

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Еркін Әбішевтің төрағалығымен жиын өтіп, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында өндірістік кооперативтерді дамыту және отбасының цифрлық картасындағы «D» және «E» санатындағы азаматтарды «С» санатына көшіру бағытындағы жұмыстарды үйлестіру барысы талқыланды.

Жиынға «Ауыл аманаты» жобасы аясында кооперативтік жобаларды жүзеге асыру мен ҚР Үкіметінің жанындағы өңірлік саясат бойынша жобалық кеңсесінің Қызылорда облысындағы өңірлік менеджері Индира Ақжігітова арнайы келіп, аталған мәселе бойынша азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, өндірістік кооперативтерді дамыту тетіктері және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған нақты шаралар талқыланды.

Жиында бағдарламаны тиімді іске асыру, ауыл тұрғындарының табысын арттыру және цифрлық картадағы төмен санаттағы отбасыларды қолдау бағытында нақты тапсырмалар мен ұсыныстар айтылды.

12 февраля 2026
Қызылжар ауылында өрт сөндіру ғимараты салынбақ!

Райым ауылдық округінің орталығы Қызылжар елді мекенінде өрт сөндіру ғимаратын салу жұмыстары жоспарлануда. 

Облыс және ауданнан келген өкілдер Қызылжар халқымен кездесу өткізіп, алдағы жоспар туралы мәлімдеді. Ауыл ақсақалдары бұл жобаны құптайтынын жеткізіп, осы істің тезірек жүзеге асуына тілек білдіріп, ақ баталарын берді! 

28 января 2026
2026 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРЫНАН БАСТАП ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ҰЕҰ ДЕРЕКҚОРЫНА ҰСЫНУДЫҢ КЕЗЕКТІ МЕРЗІМІ БАСТАЛҒАНЫН ХАБАРЛАЙМЫЗ!

«ҰЕҰ дерекқор базасына» есептік ақпарат ұсыну мерзімі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 наурызға дейін жалғасатынын естеріңізге саламыз.
ҰЕҰ Дерекқорына мәлімет ұсыну мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламалар және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҰЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурстарға қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.
Сонымен қатар, ҰЕҰ Дерекқорында тіркелу ұйымдарға үздік жобалармен танысуға, тәжірибе алмасуға, ынтымақтастық пен серіктестік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.
Мәліметтер ҰЕҰ өз қызметі жөніндегі ақпаратты ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына сәйкес ұсынылады.
«ҰЕҰ дерекқор базасы» ақпараттық жүйесі esep.govtec.kz жаңа цифрлық платформасында жұмысын жалғастыруда.
Жаңартылған платформа бойынша әдістемелік нұсқаулықпен келесі сілтеме арқылы таныса аласыздар:
https://esep.govtec.kz/video.mp4
2026 жылы еліміздің үкіметтік емес ұйымдары 2025 жылғы қызметі бойынша есепті жаңартылған esep.govtec.kz платформасы арқылы ұсынатын болады.

30 октября 2025
Арал қаласында жоғары сұрыпты тұз өндірісі жолға қойылатын болады

Арал ауданы биыл ерекше құрылыс алаңына айналып отыр. Жыл басынан бері аудан көлемінде жүзеге асқан көптеген құрылыс нысандарын айтпағанда, жыл соңына дейін де бірқатар жаңа нысандар мен өндіріс орындарының ашылуы жоспарлануда. Солардың ішінде 4 ірі инвестициялық жобаның іске асуы күтілуде. Соның бірі – «Тоғыс-Аралотын» ЖШС-нің «Жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру» жобасы.

Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев жаңадан салынып жатқан осы өндіріс орнында болып, 1 млрд теңге қаржы бағытталған ауқымды жобаның құрылыс барысымен танысты.

Жоба бастамашысы қазіргі таңда Арал қаласындағы индустриялық аймақтың жанындағы жер телімінде техникалық және жоғары сұрыпты медициналық тұз өндіруді қолға алған. Бұл бастама жыл соңына дейін сәтті жүзеге асса, алдағы уақытта экстра сұрыпты ас тұзын өндіру жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда зауытқа Қытайдың жоғары сапалы технологиялық құрылғылары жеткізілген. Оларды ғимарат ішіне орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, мұндай құрылғылар бұған дейін Еуропа, Африка, Вьетнам, Индонезия және Өзбекстан сынды алпауыт мемлекеттерде де орнатылған. Негізгі ерекшелігі – құрылғылардың металдық сапасының жоғары болуы және тұз сұрыптаудағы техникалық стандарттарға толық сәйкестігі.

Жобаның жылдық қуаттылығы 40 мың тоннаны құрайды. Өнімнің 50 пайызы ішкі нарыққа, ал қалған бөлігі экспортқа шығарылады деп күтілуде. Өндіріс орны толық іске қосылғанда 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Зауыт толық автоматтандырылған жүйе бойынша жұмыс істейтіндіктен, басқару процесіне арнайы мамандар тартылмақ.

Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы жобаны жүзеге асыруға атсалысып жатқан Қытай мемлекетінің мамандарымен тілдесіп, кәсіпорынның артықшылық тұстарына назар аударды. Құрылыс қарқынын үдетіп, жыл соңына дейін тұз өндірісін толық іске қосу қажеттігін атап өтті.

19 сентября 2025
Жол қаупісіздігіне байланысты бірқатар мәселе қаралды

Арал аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру туралы және Жол жүрісі мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар мәселелер назарға алынды. Аудан әкімі жиын барысында Жолдаудан туындайтын маңызды мәселелерді ұдайы назарда ұстап, алдағы міндеттерді айқындау қажеттігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар Жолдауды іске асыру жөнінде кең ауқымда арнайы идеологиоялық актив отырысын өткізіп, нақты тетіктерді саралау керектігін жеткізді. Жиында мұнан өзге жол жүрісі мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Биылғы жылы ауданымыздың жол құрылысын дамыту бағытында 31 шақырымға жуық жол жөнделуде. Жыл қорытындысымен жақсы жағдайдағы жолдардың үлесін 55,8 пайызға жеткізу жоспарлануда. Ол үшін жол құрылысы жұмыстарының сапалы әрі мерзімінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету маңызды. Аудан басшысы жиын барысында осы мәселелерді ерекше назарға алып, жол құрылысы мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және темір жол саласы бойынша атқарылуы тиіс бірқатар жұмыстарға сәйкес жауапты тұлғаларға маңызды тапсырма жүктеді.

Мәдениет
21 апреля 2025
«Киелі ескерткіш - келешекке аманат»

«Киелі ескерткіш - келешекке аманат»

18 сәуір – "Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні.
Осы орайда, Қызылжар аудандық мәденинт үйі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын қызметкерлері ауыл маңында орналасқан  "Қожас ұлы Сырлыбай" , "Март" ата және "Шарапат" ата  ескерткішіне тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Ескерткіштер - біздің мәдениетіміз бен тарихымыздың бір бөлігі. Бүгінгі таңда ескерткіштерді қорғау мемлекеттің, қала мен қоғамның басты міндеттерінің бірі болып табылады.

13 марта 2025
Ардагер ұстаз Гулнар Анапияева апайымыз, Өскемен қаласында өткен “Ғасырлық дәстүрлер” фестивалінен Бас жүлде иеленді!

СҮЙІНШІ! Арал ауданы, Райым ауылдық округі, Шөмішкөл ауылының қолөнер шебері, ұлттық дәстүрді жалғастырушы ардагер ұстаз Гулнар Анапияева апайымыз, Өскемен қаласында өткен “Ғасырлық дәстүрлер” фестивалінен Бас жүлде иеленді! Тек бір ғана Шөмішкөлдің емес, күллі Сыр жұртшылығының жеңісі! Жеңісіңіз құтты болсын дей келе, шығармашылық табыстар тілейміз!

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы