|
«РАЙЫМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ »
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ «ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ»КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
|
|
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ
«ДОМ КУЛЬТУРЫ СЕЛА КЫЗЫЛЖАР» КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОГО УЧРЕЖДЕНИЯ «АППАРАТ АКИМА АУЛЬНОГО ОКРУГА РАЙЫМ»
|
|
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қызылжар ауылы
«24» желтоқсан 2025 ж./г.
«Райым ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты «Қызылжар ауылдық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту туралы
|
|
Кызылординская область, Аральский район, аул Кызылжар
№26 |
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 285 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдардың 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Қызылжар ауылдық мәдениет
үйі» КМҚК директоры: М.Омаров
|
|
«Райым ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты «Қызылжар ауылдық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысының 2025 жылғы «24» желтоқсан № 26 бұйрығымен бекітілген |
«Райым ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты «Қызылжар ауылдық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт – қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін белгіленген, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесі.
Аталған стандарт келесі бағыттардан тұрады:
1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін картаға түсіру;
2) мүдделер қақтығысын болдырмау;
3) қаржылық бақылау шаралары;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
5) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есептілігі мен ашықтығы;
6) персоналды басқару үдерістерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;
7) мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.
1) заңдылық;
2) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды басымдыққа алу;
3) жариялылық пен айқындық;
4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;
6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау және көтермелеу;
8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы.
1) жекжаттар – ата-анасы бір және ата-анасы бөлек туған ағалы-інілер және апалы-сіңлілер, ата-аналары және жұбайының (зайыбының) балалары:
2) қоғамдық бақылау – қоғамдық бақылау субъектілерінің осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен және формаларда жүзеге асырылатын, қоғамдық бақылау объектілерінің актілері мен шешімдерінің қоғамдық мүдделерге сәйкестігін талдауға және бағалауға бағытталған қызметі;
3) қоғамдық бақылау субъектілері – Қазақстан Республикасының азаматтары; діни бірлестіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген коммерциялық емес ұйымдар; сондай-ақ қоғамдық бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға өкілеттік берілген өзге де субъектілер;
4) қонақжайлылық таныту – іскерлік қатынастарды орнатуға, нығайтуға немесе дамытуға арналған тамақтану (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас және т.б.), қабылдау, ойын-сауық, қоғамдық немесе спорттық іс-шараларға билеттер ұсыну. Бұл ретте, қонақжайлылық таныту үшін шақырушы тараптың өзі қатысуы қажет, әйтпесе шыққан шығындар сыйлық деп есептеледі;
5) мүдделер қақтығысы – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өз лауазымдық міндеттерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына алып келуі мүмкін;
6) мемлекеттік сатып алу – тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді толықтай немесе ішінара бюджет қаражаты, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан бөлінген ақша және (немесе) меншікті кірістері есебінен сатып алуы;
7) отбасы мүшелері – жұбайы (зайыбы), ата-аналар, балалары (оның ішінде кәмелет жасына толған), сондай-ақ асырауындағы және онымен тұрақты тұратын адамдар;
8) сыбайлас жемқорлық тәуекелі – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі;
9) сыйлық – өтеусіз берілетін/алынатын ақша қаражаты немесе өзге де мүлік, артықшылықтар, жеңілдіктер, көрсетілетін қызметтер, материалдық емес активтер;
10) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін картаға түсіру – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға, талдауға, бағалауға (ранжирлеуге) және оларды жою шараларын әзірлеуге бағытталған процесс;
11) сыбайлас жемқорлық картограммасы – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізбесін, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды және ықтимал сыбайлас жемқорлық осалдықтары жөнінде белгі беретін басқа да мәліметтерді қамтитын, жаңартылмалы деректер жиынтығы.
2-тарау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін картаға түсіру және сыбайлас жемқорлық картограммасын қалыптастыру
Картаға түсірудің нәтижесі анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейімділіктің графикалық түрде бейнеленуі болып табылады және Агенттік төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау әдістемелік ұсынымдарының (бұдан әрі – Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау әдістемесі) 43-тармағына және Әдістемелік ұсынымдарға 1-қосымшаға сәйкес ресімделеді.
1) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ішкі процестерді, функцияларды, ұйымдастырушылық құрылымды, қызметті реттейтін заңнаманы, анықталған сыбайлас жемқорлық немесе мүдделер қақтығысы фактілерін және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін басқа да ақпарат көздерін жүйелі талдау.
«Райым ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты «Қызылжар ауылдық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ішкі талдау жұмыстарын Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауды жүргізу бойынша әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасы, ұйымдық-штаттық құрылым штат саны өзгерген жағдайда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жатқызылған функцияларды іске асыратын қызметкерлердің лауазымдық міндеттері өзгерген кезде немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ықпал ететін өзге де өзгерістер орын алған жағдайда тәуекелдер карталарын тұрақты түрде жаңарту.
2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жіктеу.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау әдістемесінің 43-тармағында көзделген критерийлер негізінде саралау;
3) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және барынша азайту.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жоспары тәуекелдер картасының негізінде нақты шаралар, мерзімдер, орындаушы және іс-шараның аяқталу формасы көрсетіле отырып әзірленеді. Мемлекеттік органдарда бұл жоспарды бірінші басшы бекітіп, бақылайды.
4) Тиісті мүдделі тараптарды ақпараттандыру.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жоспары әкім аппаратының интернет-ресурсында орналастырылады.
Бұл ретте, қорғалуға жататын құпия ақпаратты, сондай-ақ инсайдерлік, коммерциялық ақпараттың және дербес деректердің жария болып кету қаупі бар болса, жоспардың бір бөлігі ғана жариялануы ықтимал;
5) Кері байланыс тетігін құру.
Мүдделі тараптарды ақпараттандыру және жариялылықты қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар мен басқа да құпияларды, ақпаратқа қолжетімділікті, жеке деректерді және олардың қорғалуын реттейтін заңнамасының талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылуға тиіс.
Сыбайлас жемқорлық картограммаларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері олардың ранжирленуімен, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі қамтылады, сондай-ақ БАҚ-тағы жарияланымдар, шағымдар, өтініштер, сыбайлас жемқорлықтың алғышарттары туралы басқа да ақпарат талдауы болуы мүмкін.
Сыбайлас жемқорлық картограммасы Қызылорда облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылады.
3-тарау. Мүдделер қақтығысын болдырмау
1-параграф. Мүдделер қақтығысын болдырмаудың қажеттілігі
Тыйым салынады:
1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыруға;
2) өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруға, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында болуға;
3) квазимемлекеттік сектор субъектісінің бір басқару органында (байқау кеңесінде, атқарушы органында) өзінің жақын туыстарымен, жұбайымен (зайыбымен) және (немесе) жекжаттарымен бірге лауазымдарды атқаруға;
4) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалануға;
5) материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер не көрсетілетін қызметтер ұсынған адамдардың пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін оларды жеке өзі немесе делдалдар арқылы алуына;
6) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашуға және иеленуге, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға;
7) өкілді органның депутаты болуға, өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң тікелей бақылауындағы мемлекеттік органда үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болуға;
8) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметпен және басқа да ақы төленетін қызметпен айналысуға, оның iшiнде коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық өкілеттіктеріне кiрмейтiн болса, ұйымдық-құқықтық формасына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;
9) материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға;
10) ереуiлдi және рұқсат етілмеген митингтерді қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және лауазымдық мiндеттердi орындауына кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;
11) өзінің қызметтік өкілеттіктерін қызметтік мүддеге қайшы келетін түрде пайдаланып, өзіне немесе басқа тұлғаларға, ұйымдарға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында, сондай-ақ басқа тұлғаларға немесе ұйымдарға зиян келтіру үшін әрекет етуге;
12) «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысуға немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға;
13) мүдделер қақтығысын туындататын шешімдерді әзірлеуге, талқылауға немесе қабылдауға қатысуға не қандай да бір тәсілмен қабылданатын шешімдерге ықпал етуге;
14) мүдделер қақтығысы орын алған болса, лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруға;
15) өзінің құқықтары мен өкілеттіктерінен айқын тыс әрекеттер жасауға;
16) ресми құжаттарға алдын ала жалған мәліметтер немесе олардың шынайы мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгізуге;
17) қызметінде өзіне немесе басқа тұлғаларға, ұйымдарға пайда мен артықшылықтар алу немесе басқа тұлғаларға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында әрекет етпеуге;
18) қызметке салғырттық көрсетуге, яғни қызметке немқұрайлы немесе бейжай қарауы салдарынан өз міндеттерін орындамауға немесе дұрыс орындамауға;
19) өзінің қызметтік жағдайын және бұрын атқарған лауазымындағы артықшылықтарды жеке мүдделері үшін пайдалануға.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар мемлекеттік лауазымға кірген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы адамға заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өз меншігіндегі, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестерді, акцияларды (акцияны) және пайдаланылуы кірістер алуға алып келетін өзге де мүлікті мемлекеттік қызметті өткеру уақытында сенімгерлік басқаруға беруге міндетті.
2-параграф. Мүдделер қақтығысын анықтау
Жұмыскердің жеке деректеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету мемлекеттік құпиялар және өзге де құпия, ақпаратқа қол жеткізу, дербес деректерді қорғау туралы заңнама талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылуға тиіс.
Мемлекеттік органдарда персоналды басқару ақпараттық жүйесіне қол жеткізуге рұқсат беруді бірінші басшының және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі уәкілетті лауазымды адамның келісуі болған жағдайда қызметтік жазба түрінде және барлық шектеулерді ескере отырып осыған жауапты адам береді.
1) сыртқы және ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу;
2) мүдделер қақтығысы туралы өтініштермен немесе басқа да ақпаратпен, сондай-ақ ішкі актілермен жұмыс істеу;
3) уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тексерулері, ревизиялары немесе аудиттері;
4) жұмыскерлердің акцияларға, компаниялардың жарғылық капиталына үлестерге иелік етуі сияқты жеке мүдделерін қоса алғанда; контрагенттердің туыстарының болуы; лауазымдық міндеттемелермен байланысты болуы мүмкін қосымша кіріс көздері туралы деректерді жинауы және талдауы;
5) жұмыскерлердің іс-әрекеттері мен шешімдерін артықшылықтар немесе біржақтылық белгілерінің бар-жоғына талдау;
6) сыртқы көздерден алынған деректерді жұмыскерлер ұсынған деректермен салыстыру;
7) мүдделер қақтығысына алып келуі мүмкін лауазымдарға талдау жүргізу және ресурстарды бөлумен, қаржыны басқарумен, сатып алумен, бағалаумен және бақылаумен байланысты процестерге ең көп әсер ететін бөлімшелер мен лауазымдарды айқындау, сонымен қатар сотқа дейінгі тергеп-тексеру, сондай-ақ қылмыстық, азаматтық, әкімшілік сот жүргізу және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істері жөнінде іс жүргізу нәтижелері бойынша анықталуы мүмкін.
Қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері бар фактілер анықталған жағдайда, «Райым ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты «Қызылжар ауылдық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының тиісті ақпаратты Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
3-параграф. Мүдделер қақтығысының алдын алу шаралары
1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыскерлер туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы өзіне белгілі болған сәтте өзінің тікелей басшысын немесе аппарат басшысын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу функциясы бар құрылымдық бөлімді жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
Егер тікелей басшы болмаса, келесі жоғары тұрған тұлғаны хабардар ету қажет. Қажет болған кезде, мүдделер қақтығысы фактілері туралы хабардар еткен адамдарды бірінші басшының қабылдауы мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
Егер мүдделер қақтығысы мемлекеттік саяси қызметшілерге қатысты туындаса немесе туындауы мүмкін болса, хабарламаны бірінші басшыға жіберу ұсынылады.
2) мүдделер қақтығысы туралы хабарламаны немесе ақпаратты алған басшы үш жұмыс күні ішінде оларды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жөніндегі құрылымдық бөлімшенің қарауына жібереді;
3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу функциясы бар құрылымдық бөлім мүдделер қақтығысы жөніндегі аталған хабарламаларды немесе басқа да ақпаратты қарап, он жұмыс күні ішінде аппарат басшылығына мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу жөнінде ұсынымдар немесе мұндай қақтығыстың жоқ екені туралы қорытынды ұсынады;
4) мүдделер қақтығысы расталған кезде аппарат басшысы ұсынымды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу бойынша мынадай:
мүдделер қақтығысына байланысты мәселе бойынша лауазымдық міндеттерді атқаруды басқа адамға тапсыру;
лауазымдық міндеттерді өзгерту;
мүдделер қақтығысын жою жөнінде өзге де шаралар қабылдауға міндетті;
5) бірінші басшыға өзінде туындаған мүдделер қақтығысы мәселесі бойынша объективті шешім қабылдау үшін осы факт анықталған кезден бастап өкілеттіктерді уәкілетті адамға беру ұсынылады;
6) мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу мүмкін болмаған жағдайда, мүдделер қақтығысы орын алған немесе орын алуы мүмкін адам ол анықталған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей мүдделер қақтығысына жол берілмейтін тең дәрежелі лауазымға тағайындалады.
Мүдделер қақтығысының алдын алу және оларды анықтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметте өзге де шектеулерді сақтау бойынша іс-шараларды да әдеп жөніндегі уәкілетті өкіл мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшы бекіткен жыл сайынғы әдеп жөніндегі уәкілдердің үлгілік жұмыс жоспарына сәйкес жүргізеді.
4-параграф. Сыйлықтар, сапарлар және қонақжайлылық таныту туралы ережелер
Жұмыскерлерге мүмкіндігінше лауазымдық функцияларды орындаумен байланысты және пара ретінде қабылдануы мүмкін кез келген сыйлықтардан, сапарларға шақырудан, сондай-ақ қонақжайлылық танытудан барынша аулақ болуға кеңес беріледі.
1) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, адамның тиісті функцияларды орындамайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан өзінің мемлекеттік немесе оған теңестірілген функцияларын орындағаны үшін ақша, көрсетілетін қызметтер және өзге де нысандар түрінде кез келген сыйақы қабылдауына тыйым салынады;
2) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оған теңестірілген адам жеке өзі немесе делдал арқылы оларды танытатын адамдардың пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер не көрсетілетін қызметтер алса, егер мұндай әрекеттер (әрекетсіздік) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның немесе оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттіктеріне кірсе, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, әкімшілік жауапкершілік көзделген;
3) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар, лауазымды тұлғалар және олардың отбасы мүшелері хабардар етілмей олардың шотына келіп түскен ақша, олар анықталғаннан кейін екі аптадан аспайтын мерзімде тиісті мемлекеттік кіріс органына мұндай қаражаттың түсу мән-жайлары туралы түсініктеме беріле отырып, республикалық бюджетке аударылуға жатады;
4) қызмет бабында өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын орындаумен байланысты өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге де адамдардан жалпы қамқоршылығы немесе қызметі бойынша жол бергені үшін сыйлықтар немесе көрсетілетін қызметтер қабылдауға тыйым салынады;
5) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар, лауазымды тұлғалар және олардың отбасы мүшелері хабардар етілмей келіп түскен, сондай-ақ олар тиісті функцияларды орындауына байланысты алған сыйлықтар сыйлықтың алынған күнінен бастап не жоғарыда аталған адамдарға сыйлықтың келіп түскен туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз берілуге жатады, ал аталған адамдарға нақ сондай мән-жайларда көрсетілген қызметтерге қызмет көрсетілген күннен бастап не мемлекеттік қызметшіге қызметтің көрсетілгені туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде ол республикалық бюджетке ақша аудару арқылы ақы төлеуге тиіс;
6) өздеріне сыйлықтар келіп түскен жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар, лауазымды тұлғалар жоғары тұрған лауазымды адамды хабардар ете отырып, оларды «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған құны бойынша, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын сатып алу-сату шарты негізінде сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады;
7) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға немесе оларға теңестірілген адамдарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне түскен сыйлықтар жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға толық және (немесе) уақтылы берілмесе, егер мұндай әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, оларға айыппұл салынады;
8) жұбайының (зайыбының), туыстарының өз есебiнен шақыруы бойынша; егер олармен арадағы қарым-қатынастар шақырылатындардың қызметтiк iс-әрекетi мәселелерiн қозғамаса, өзге де жеке тұлғалардың шақыруы бойынша (жоғары тұрған лауазымды адамның немесе органның келiсуімен); халықаралық шарттарға сәйкес немесе шет мемлекеттермен өзара уағдаластық бойынша; ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсiби, гуманитарлық іс-шараларға, оның iшiнде осындай ұйымдардың жарғылық қызметi шеңберiнде жүзеге асырылатын сапарларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың есебінен мемлекетішiлiк және шетелдiк туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруларды қабылдауға тыйым салынады;
9) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың отбасы мүшелері аталған адаммен қызмет бабында байланысты болатын жеке және заңды тұлғалардан сыйлықтарды және көрсетілетін қызметтерді, туристік, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруларды қабылдауға құқылы емес.
4-тарау. Қаржылық бақылау шаралары
1) персоналдыбасқаруқызметі (кадр қызметі) функционалдықміндеттерде бекіте отырыпмыналардыжүзегеасырады:
активтері мен міндеттемелері туралы, кірістері мен мүлкітуралыдекларациялардытапсырутуралыхабарламалардыжинаубойыншаіс-шараларөткізеді, сондай-ақ декларация тапсыруға міндетті адамдарды айқындау мәніне Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерді тұрақты түрде мониторингтейді;
жұмыскерлерге және олардың жұбайларына (зайыптарына) ҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасындабелгіленгенмерзімдердедекларациялардытапсыруқажеттілігі, сондай-ақ мәліметтерді тапсырмау немесе декларацияларда дәйексіз мәліметтер беру үшін жауаптылық туралы жұмыскерлерді жазбаша хабардар етеді;
нормативтік құқықтық актілерге декларацияларды тапсыру мәселелері бойыншаенгізілгенөзгерістертуралыоларқолданысқаенгізілгенсәттенбастапотызжұмыскүніішіндежұмыскерлердіжазбашанысанда хабардаретеді;
2) персоналдыбасқаруқызметі (кадр қызметі) декларациялардытапсырумерзімініңаяқталуынакеміндебір ай қалғандадекларациялардыҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасындабелгіленгенмерзімдердетапсыруқажеттігі, сондай-ақ мәліметтердітапсырмау немеседекларацияларда дәйексізмәліметтерберуүшінжауаптылықтуралыжұмыскерлердіжазбашатүрде хабардар етугетиіс.
Декларациялартапсырутуралыхабарламаларжұмыскерлердіңжекеісінеқосатіркеледі.
1) жауаптымемлекеттіклауазымдыатқаратынадамдаржәнеолардыңжұбайлары (зайыптары);
2) мемлекеттікфункциялардыорындауғауәкілеттікберілгенадамдаржәнеолардыңжұбайлары (зайыптары);
3) лауазымды тұлғалар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары) ұсынады.
Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары); мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары); лауазымды тұлғалар мен олардың жұбайлары (зайыптары); мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) заңға сәйкес есепті күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мүлікті сатып алған жағдайда, кірістері мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілген мүлікті сатып алуға жұмсалған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсетуге міндетті.
Активтері мен міндеттемелері туралы декларация декларациялау жүйесіне енген кезде бір рет тапсырылады (кандидат ретінде декларация ұсынылатын «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банк, сақтандыру ұйымы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы болуға ниеттенген адамдарға қатысты көзделген жағдайларды қоспағанда).
Декларацияда декларацияны қолда бар активтері мен міндеттемелері туралы ұсынудың алдындағы жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:
1) шет мемлекеттің аумағында тіркелген не тіркелуге тиіс жылжымайтын мүлік, көлік құралдары;
2) барлық банк салымдары бойынша жиынтығы 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) асып кетін Қазақстан Республикасынан тыс шетелдік банктердегі банк шоттарындағы ақша.
Бұл ретте, Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналасқан шетелдік банктерде шоттар (салымдар) ашуға және иеленуге тыйым салынатын жемқорлыққа қарсы шектеуді қабылдайтын адамдар активтері мен міндеттемелері туралы декларацияда банк салымының сомасына қарамастан Қазақстан Республикасының шегінен тыс шетелдік банктерде сақтаулы ақшаның болуын көрсетеді;
3) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарты бойынша тұрғын үй ғимаратындағы үлесі; Қазақстан Республикасынан тыс құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлесі;
4) бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы орындалатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда);
5) цифрлық активтер;
6) инвестициялық алтын;
7) зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
8) республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және активтері мен міндеттемелері туралы декларация ұсынылатын жылдың алдындағы 31 желтоқсанда қолданыста болған 10 000 АЕК шегіндегі сомада көрсетілетін қолма-қол ақша;
9) нотариалды куәландырылған шарт немесе міндеттеменің не талаптың туындауына негіз болатын өзге де құжат болса, дебиторлық немесе кредиторлық қарыз (екінші деңгейлі банктер алдындағы қарыздан басқа).
Активтері мен міндеттемелерітуралыдекларацияны (250.00-нысан) тапсырғанжылданкейінгіжылданбастапжылсайынкірістері мен мүлкітуралы декларация (270.00-нысан) тапсырылады, ондамыналартуралыақпараткөрсетіледі:
1) жеке кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметінен түсетін декларациялануға тиіс кірістерді қоспағанда, жеке тұлғаның өзі дербес салық салынуға жататын кірістері;
2) салық шегерімдері;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс мүлікті, оның ішінде өтеусіз негізде сатып алу және (немесе) иеліктен шығару;
4) республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және есептік салық кезеңіндегі 31 желтоқсанда қолданыста болған жиынтығы 10 000 еселенген АЕК-тен асатын сомада Қазақстан Республикасының шегіндегі шетелдік банктердегі банк шоттарындағы ақша
5) есептік салық кезеңіндегі 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бар жеке тұлғаның меншік құқығындағы мүлік;
6) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге (есепке) жататын мүлік не шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге (есепке) жататын құқық және (немесе) мәміле;
7) эмитенттері Қазақстан Республикасынан тыс тіркелген бағалы қағаздар, цифрлық активтер;
8) инвестициялық алтын;
9) Қазақстан Республикасынан тыс тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлес;
10) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктер мен ұйымдарға қарызды қоспағанда, нотариалды куәландырылған (расталған) міндеттемелердің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын шарт немесе өзге құжат болған кезде өзге адамдардың жеке тұлғаның алдындағы қарызы (дебиторлық қарыз) және (немесе) жеке тұлғаның өзге адамдар алдындағы қарызы (кредиторлық қарыз).
1) мемлекеттік саяси лауазымдарды атқаратын;
2) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын атқаратын лауазымды тұлғалар мен олардың жұбайларының (зайыптарының) декларацияларында қамтылған мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар мен өзге де құпияларды қорғау, ақпаратқа қолжетімділік, дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын сақтай отырып жариялауға міндетті.
Жариялауға жататын мәліметтер тізбесін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
1) бірінші басшының бұйрығымен персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) жұмыскерлерінің арасынан, сондай-ақ әдеп жөніндегі уәкілден шетелдік банктеріндегі шоттар туралы ақпаратты талдау мен мониторингтеуге жауапты адамдардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан шетелдік банктерде ақшаның болуы туралы мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды тұлғалардың тізбесін бекітеді;
2) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, лауазымды тұлғалар, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан шетелдік банктерде шоттар (салымдар) ашуға және иеленуге, Республикадан тыс орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға тыйым салынатыны туралы жазбаша келісімге қол қояды;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан шетелдік банктердегі ақша туралы мәліметтерге қолжетімділігі бар персоналды басқару қызметінің уәкілетті қызметкері жылына бір рет салық органдарына жұмыскерлердің шетелдік банктерде шоттарының бар-жоғын тексеруге сұрау жібереді. Сұрауға жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) түріндегі сәйкестендіру деректері көрсетілген жұмыскердің тізімі қоса беріледі;
4) салық органдарынан аталған мәліметтерді алғаннан кейін персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) оларды әдеп жөніндегі уәкілге мониторинг жүргізу үшін береді;
5) шетелдік банкте жұмыскерлердің шотының бар екені анықталған жағдайда, жемқорлықтың алдын алуға жауапты адам екі жұмыс күні ішінде бір мезгілде мемлекеттік органның бірінші басшысын, персоналды басқару қызметін, сондай-ақ шетелдік банкте шоты бар жұмыскерді хабардар етеді. Хабарламада шоттың жабылғанын растайтын құжаттарды ұсынудың соңғы мерзім (шоттың болу фактісі анықталған сәттен бастап алты ай) көрсетіледі;
6) жұмыскер растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, бірінші басшы немесе оны алмастыратын адам Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қабылдайды.
5-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
1) білім беру шаралары – жұмыскерлердің жемқорлық құқық бұзушылықтардың, мүдделер қақтығысын және басқаларды болдырмау тәсілдері туралы жұмыскерлердің хабардарлығын арттыру бойынша тұрақты өткізілетін семинарлар мен тренингтерді қамтуы мүмкін;
2) ақпараттық шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша нақты нұсқаулықтар мен нұсқаулар әзірлеу және оларды жұмыскерлер арасында тарату, сондай-ақ оқыту материалдарын (бейнероликтер, таныстырылымдар және брошюралар) дайындауды қамтиды. Осы мақсатта корпоративтік таратулар, ішкі порталдар және ақпараттық стендтер пайдаланылуы мүмкін;
3) ұйымдастырушылық шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізуді, жемқорлықтың алдын алуға жауапты жұмыскерлерді тағайындауды, жемқорлық фактілері туралы хабарлау арналарын құруды, сатып алу, лауазымдарға тағайындау және жұмыскерлердің тиімділігін және басқа да тәуекелді салаларды бағалау рәсімдеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды интеграциялауды қамтуы мүмкін.
Жұмыскерлердің білімін бағалау, оқытудың тиімділігі мен қосымша назар аударуды және оқыту бағдарламаларын бейімдеуді қажет ететін салаларды анықтау тестілеу, сауалнамалар және бақылаудың өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады.
Іс-шаралар жоспарын әзірлеу кезінде жұмыскерлердің алған білімдерін міндетті түрде бағалай отырып, оларды кемінде жарты жылда бір рет өткізу көзделуге тиіс.
Жоғарыда аталған Жоспардың нысаналы көрсеткіші ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту қорытындысы бойынша тестті сәтті (100%-дан кемінде 60% жинаған) тапсырған жұмыскерлер саны туралы көрсеткішті енгізу ұсынылады.
6-тарау. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есеп берушілігі және ашықтығы
7-тарау. Персоналдыбасқарупроцестеріндесыбайласжемқорлықтыңалдыналу
Конкурстуралыхабарландырулардажұмысқақабылдаупроцесінебайланыстыбұзушылықтартуралыхабарлауүшінбайланысмәліметтерінкөрсету қажет.
8-тарау. Мемлекеттіксатыпалусаласындағысыбайласжемқорлықтыңалдыналу
Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау және жүзеге асыру кезінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында белгіленген, атап айтқанда:
1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаражатты, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасы мен сапасының арақатынасын қамтамасыз ету арқылы оңтайлы және тиімді жұмсау;
2) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;
4) мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы;
5) қазақстандық тауар өндірушілерге, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілерге Қазақстан Республикасында ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада қолдау көрсету;
6) мемлекеттік сатып алу субъектілерінің жауапкершілігі;
7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға және мүдделер қақтығысына жол бермеу;
8) орнықты мемлекеттік сатып алуды дамыту қағидаттарын басшылыққа алу қажет.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алуды төтенше және ерекше жағдайларда ғана жүзеге асыру қажет.
1) мемлекеттік сатып алудың барлық кезеңінде тәуекел деңгейі жоғары мемлекеттік сатып алуларға қоғамдық мониторингті жүзеге асыру үшін қоғамдық бақылау субъектілерін тарту;
2) сатып алудың тиімділігін өлшеу көрсеткіштерін әзірлеу. Мысалы: «Бір көзден сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үлесін төмендету», «Бәсекелестік тәсілдерімен (конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату, электрондық дүкен арқылы) сатып алу үлесін арттыру» және т.б.;
3) сатып алу процесіне қатысатын жұмыскерлерді өзекті тақырыптар бойынша кемінде жарты жылда бір рет оқытуды қамтамасыз ету ұсынылады.
Талдау нәтижелері аяқталған күннен бастап үш күн ішінде бірінші басшыға хабарланады. Егер әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар фактілер анықталса, субъект бұл туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес уәкілетті органдарға хабарлауға тиіс.