«Райым ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты «Қызылжар ауылдық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту туралы

«РАЙЫМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ

АППАРАТЫ »

 

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ «ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ»КОММУНАЛДЫҚ   МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

 

 

 

КОММУНАЛЬНОЕ  ГОСУДАРСТВЕННОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ

 

«ДОМ КУЛЬТУРЫ СЕЛА КЫЗЫЛЖАР»

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОГО УЧРЕЖДЕНИЯ «АППАРАТ АКИМА

АУЛЬНОГО ОКРУГА РАЙЫМ»

 

Қызылорда облысы, Арал ауданы,                   Қызылжар ауылы

 

             «24» желтоқсан  2025 ж./г.

 

 

          «Райым ауылдық округі

          әкімінің аппараты»

          коммуналдық мемлекеттік

          мекемесіне қарасты

          «Қызылжар ауылдық  

          мәдениет үйі» коммуналдық   

          мемлекеттік қазыналық  

          кәсіпорнының сыбайлас  

          жемқорлыққа қарсы  

          стандартын бекіту туралы

 

 

 

 

 

                                   

Кызылординская область, Аральский район, аул Кызылжар

            

                                 №26

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 285 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдардың 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес «Арал ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты» бекітілсін.
  2. «Райым ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты «Қызылжар ауылдық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ақпараттық технологияларды дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «Райым ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты «Қызылжар ауылдық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөліміне жүктелсін.
  4. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

    

          «Қызылжар ауылдық мәдениет

                         үйі» КМҚК директоры:                                    М.Омаров  

 

 

 

      «Райым ауылдық округі әкімінің аппараты»   коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты     «Қызылжар ауылдық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысының                                                 2025 жылғы «24» желтоқсан № 26 бұйрығымен

бекітілген

 

 

«Райым ауылдық округі әкімінің аппараты»   коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты     «Қызылжар ауылдық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы «Райым ауылдық округі әкімінің аппараты»   коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты     «Қызылжар ауылдық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2024жылғы 31 желтоқсандағы № 285 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарға (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) сәйкес әзірленді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт – қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін белгіленген, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесі.

Аталған стандарт келесі бағыттардан тұрады:

1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін картаға түсіру;

2) мүдделер қақтығысын болдырмау;

3) қаржылық бақылау шаралары;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;

5) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есептілігі мен ашықтығы;

6) персоналды басқару үдерістерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;

7) мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың негізгі қағидаттары:

1) заңдылық;

2) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды басымдыққа алу;

3) жариялылық пен айқындық;

4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;

6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау және көтермелеу;

8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) жекжаттар – ата-анасы бір және ата-анасы бөлек туған ағалы-інілер және апалы-сіңлілер, ата-аналары және жұбайының (зайыбының) балалары:

2) қоғамдық бақылау – қоғамдық бақылау субъектілерінің осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен және формаларда жүзеге асырылатын, қоғамдық бақылау объектілерінің актілері мен шешімдерінің қоғамдық мүдделерге сәйкестігін талдауға және бағалауға бағытталған қызметі;

3) қоғамдық бақылау субъектілері – Қазақстан Республикасының азаматтары; діни бірлестіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген коммерциялық емес ұйымдар; сондай-ақ қоғамдық бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға өкілеттік берілген өзге де субъектілер;

4) қонақжайлылық таныту – іскерлік қатынастарды орнатуға, нығайтуға немесе дамытуға арналған тамақтану (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас және т.б.), қабылдау, ойын-сауық, қоғамдық немесе спорттық іс-шараларға билеттер ұсыну. Бұл ретте, қонақжайлылық таныту үшін шақырушы тараптың өзі қатысуы қажет, әйтпесе шыққан шығындар сыйлық деп есептеледі;

5) мүдделер қақтығысы – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өз лауазымдық міндеттерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына алып келуі мүмкін;

6) мемлекеттік сатып алу – тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді толықтай немесе ішінара бюджет қаражаты, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан бөлінген ақша және (немесе) меншікті кірістері есебінен сатып алуы;

7) отбасы мүшелері – жұбайы (зайыбы), ата-аналар, балалары (оның ішінде кәмелет жасына толған), сондай-ақ асырауындағы және онымен тұрақты тұратын адамдар;

8) сыбайлас жемқорлық тәуекелі – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі;

9) сыйлық – өтеусіз берілетін/алынатын ақша қаражаты немесе өзге де мүлік, артықшылықтар, жеңілдіктер, көрсетілетін қызметтер, материалдық емес активтер;

10) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін картаға түсіру – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға, талдауға, бағалауға (ранжирлеуге) және оларды жою шараларын әзірлеуге бағытталған процесс;

11) сыбайлас жемқорлық картограммасы – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізбесін, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды және ықтимал сыбайлас жемқорлық осалдықтары жөнінде белгі беретін басқа да мәліметтерді қамтитын, жаңартылмалы деректер жиынтығы.

  1. «Райым ауылдық округі әкімінің аппараты»   коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты «Қызылжар ауылдық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорныныңсыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты іске асыруының тиімділігі Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы
    29 желтоқсандағы № 438 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау» әдістемесі арқылы айқындалады.

 

2-тарау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін картаға түсіру және сыбайлас жемқорлық картограммасын қалыптастыру

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін картаға түсіру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау себептерін көрсетіп, олардың алдын алу және жою шараларын айқындауға, сондай-ақ бірінші басшының назар аударуын талап ететін сын-қатерлерді анықтауға мүмкіндік береді.

Картаға түсірудің нәтижесі анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейімділіктің графикалық түрде бейнеленуі болып табылады және Агенттік төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау әдістемелік ұсынымдарының (бұдан әрі – Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау әдістемесі) 43-тармағына және Әдістемелік ұсынымдарға 1-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

  1. Картаға түсіру алгоритмі.

1) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ішкі процестерді, функцияларды, ұйымдастырушылық құрылымды, қызметті реттейтін заңнаманы, анықталған сыбайлас жемқорлық немесе мүдделер қақтығысы фактілерін және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін басқа да ақпарат көздерін жүйелі талдау.

«Райым ауылдық округі әкімінің аппараты»   коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты     «Қызылжар ауылдық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ішкі талдау жұмыстарын Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауды жүргізу бойынша әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасы, ұйымдық-штаттық құрылым штат саны өзгерген жағдайда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жатқызылған функцияларды іске асыратын қызметкерлердің лауазымдық міндеттері өзгерген кезде немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ықпал ететін өзге де өзгерістер орын алған жағдайда тәуекелдер карталарын тұрақты түрде жаңарту.

2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жіктеу.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау әдістемесінің 43-тармағында көзделген критерийлер негізінде саралау;

3) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және барынша азайту.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жоспары тәуекелдер картасының негізінде нақты шаралар, мерзімдер, орындаушы және іс-шараның аяқталу формасы көрсетіле отырып әзірленеді. Мемлекеттік органдарда бұл жоспарды бірінші басшы бекітіп, бақылайды.

4) Тиісті мүдделі тараптарды ақпараттандыру.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жоспары әкім аппаратының интернет-ресурсында орналастырылады.

Бұл ретте, қорғалуға жататын құпия ақпаратты, сондай-ақ инсайдерлік, коммерциялық ақпараттың және дербес деректердің жария болып кету қаупі бар болса, жоспардың бір бөлігі ғана жариялануы ықтимал;  

5) Кері байланыс тетігін құру.

Мүдделі тараптарды ақпараттандыру және жариялылықты қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар мен басқа да құпияларды, ақпаратқа қолжетімділікті, жеке деректерді және олардың қорғалуын реттейтін заңнамасының талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылуға тиіс.

  1. Картаға түсіру Cыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарының орындау шеңберінде жүргізетін сыбайлас жемқорлық картограммаларын қалыптастыру үшін қолданылады.  
  2. Сыбайлас жемқорлық картограммасы ықтимал сыбайлас жемқорлық көріністері жайлы хабар беретін мәліметтерді жүйелеуге және алдын алу шараларын әзірлеу мақсатында әзірленеді.

Сыбайлас жемқорлық картограммаларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері олардың ранжирленуімен, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі қамтылады, сондай-ақ БАҚ-тағы жарияланымдар, шағымдар, өтініштер, сыбайлас жемқорлықтың алғышарттары туралы басқа да ақпарат талдауы болуы мүмкін.  

Сыбайлас жемқорлық картограммасы Қызылорда облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылады.

 

3-тарау. Мүдделер қақтығысын болдырмау

 

1-параграф. Мүдделер қақтығысын болдырмаудың қажеттілігі

 

  1. Мүдделер қақтығысының алдын алу парасаттылықты арттыруда және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда басты рөл атқарады.
  2. Мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген, оларға теңестірілген адамдар мен лауазымды тұлғаларға бірқатар талаптар көзделген.

Тыйым салынады:

1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыруға;

2) өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруға, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында болуға;

3) квазимемлекеттік сектор субъектісінің бір басқару органында (байқау кеңесінде, атқарушы органында) өзінің жақын туыстарымен, жұбайымен (зайыбымен) және (немесе) жекжаттарымен бірге лауазымдарды атқаруға;

4) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалануға;

5) материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер не көрсетілетін қызметтер ұсынған адамдардың пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін оларды жеке өзі немесе делдалдар арқылы алуына;

6) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашуға және иеленуге, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға;

7) өкілді органның депутаты болуға, өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң тікелей бақылауындағы мемлекеттік органда үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болуға;

8) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметпен және басқа да ақы төленетін қызметпен айналысуға, оның iшiнде коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық өкілеттіктеріне кiрмейтiн болса, ұйымдық-құқықтық формасына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;

9) материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға;

10) ереуiлдi және рұқсат етілмеген митингтерді қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және лауазымдық мiндеттердi орындауына кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;

11) өзінің қызметтік өкілеттіктерін қызметтік мүддеге қайшы келетін түрде пайдаланып, өзіне немесе басқа тұлғаларға, ұйымдарға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында, сондай-ақ басқа тұлғаларға немесе ұйымдарға зиян келтіру үшін әрекет етуге;

12) «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысуға немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға;

13) мүдделер қақтығысын туындататын шешімдерді әзірлеуге, талқылауға немесе қабылдауға қатысуға не қандай да бір тәсілмен қабылданатын шешімдерге ықпал етуге;

14) мүдделер қақтығысы орын алған болса, лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруға;

15) өзінің құқықтары мен өкілеттіктерінен айқын тыс әрекеттер жасауға;

16) ресми құжаттарға алдын ала жалған мәліметтер немесе олардың шынайы мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгізуге;

17) қызметінде өзіне немесе басқа тұлғаларға, ұйымдарға пайда мен артықшылықтар алу немесе басқа тұлғаларға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында әрекет етпеуге;

18) қызметке салғырттық көрсетуге, яғни қызметке немқұрайлы немесе бейжай қарауы салдарынан өз міндеттерін орындамауға немесе дұрыс орындамауға;

19) өзінің қызметтік жағдайын және бұрын атқарған лауазымындағы артықшылықтарды жеке мүдделері үшін пайдалануға.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар мемлекеттік лауазымға кірген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы адамға заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өз меншігіндегі, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестерді, акцияларды (акцияны) және пайдаланылуы кірістер алуға алып келетін өзге де мүлікті мемлекеттік қызметті өткеру уақытында сенімгерлік басқаруға беруге міндетті.

 

2-параграф. Мүдделер қақтығысын анықтау

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жөніндегі құрылымдық бөлім бір тоқсанда бір реттен сиретпей ашық деректерді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де ақпарат көздерін талдай отырып, мүдделер қақтығысын талдауды жүзеге асырады. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға уәкілетті жұмыскерлер жұмыскерлердің және олардың отбасы мүшелерінің жеке деректері: тегіне, атына, әкесінің атына (болған жағдайда) және жеке сәйкестендіру нөмірлеріне (ЖСН) қол жеткізумен қамтамасыз етілуге тиіс.

Жұмыскердің жеке деректеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету мемлекеттік құпиялар және өзге де құпия, ақпаратқа қол жеткізу, дербес деректерді қорғау туралы заңнама талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылуға тиіс.

Мемлекеттік органдарда персоналды басқару ақпараттық жүйесіне қол жеткізуге рұқсат беруді бірінші басшының және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі уәкілетті лауазымды адамның келісуі болған жағдайда қызметтік жазба түрінде және барлық шектеулерді ескере отырып осыған жауапты адам береді.

  1. Мүдделер қақтығысы мыналарды өткізу кезінде анықталуы мүмкін:

1) сыртқы және ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу;

2) мүдделер қақтығысы туралы өтініштермен немесе басқа да ақпаратпен, сондай-ақ ішкі актілермен жұмыс істеу;

3) уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тексерулері, ревизиялары немесе аудиттері;

4) жұмыскерлердің акцияларға, компаниялардың жарғылық капиталына үлестерге иелік етуі сияқты жеке мүдделерін қоса алғанда; контрагенттердің туыстарының болуы; лауазымдық міндеттемелермен байланысты болуы мүмкін қосымша кіріс көздері туралы деректерді жинауы және талдауы;

5) жұмыскерлердің іс-әрекеттері мен шешімдерін артықшылықтар немесе біржақтылық белгілерінің бар-жоғына талдау;

6) сыртқы көздерден алынған деректерді жұмыскерлер ұсынған деректермен салыстыру;

7) мүдделер қақтығысына алып келуі мүмкін лауазымдарға талдау жүргізу және ресурстарды бөлумен, қаржыны басқарумен, сатып алумен, бағалаумен және бақылаумен байланысты процестерге ең көп әсер ететін бөлімшелер мен лауазымдарды айқындау, сонымен қатар сотқа дейінгі тергеп-тексеру, сондай-ақ қылмыстық, азаматтық, әкімшілік сот жүргізу және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істері жөнінде іс жүргізу нәтижелері бойынша анықталуы мүмкін.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу функциясы бар құрылымдық бөлім «Райым ауылдық округі әкімінің аппараты»   коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты     «Қызылжар ауылдық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының құрылымдық бөлімшелерінде олардың жұмыс ерекшеліктері мен қалыптасқан ұйымдастырушылық мәдениетін ескере отырып, мүдделер қақтығысы тәуекелдерін мерзімді түрде бағалай алады, сондай-ақ басқа ұйымдармен немесе үшінші тараптармен бірлескен жобалар шеңберінде мүдделер қақтығысын басқару үшін арнайы рәсімдер әзірлей алады.

Қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері бар фактілер анықталған жағдайда, «Райым ауылдық округі әкімінің аппараты»   коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты «Қызылжар ауылдық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының тиісті ақпаратты Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

 

3-параграф. Мүдделер қақтығысының алдын алу шаралары

 

  1. Мүдделер қақтығысының алдын алуға бағытталған іс-әрекеттер:

1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыскерлер туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы өзіне белгілі болған сәтте өзінің тікелей басшысын немесе аппарат басшысын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу функциясы бар құрылымдық бөлімді жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.  

Егер тікелей басшы болмаса, келесі жоғары тұрған тұлғаны хабардар ету қажет. Қажет болған кезде, мүдделер қақтығысы фактілері туралы хабардар еткен адамдарды бірінші басшының қабылдауы мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Егер мүдделер қақтығысы мемлекеттік саяси қызметшілерге қатысты туындаса немесе туындауы мүмкін болса, хабарламаны бірінші басшыға жіберу ұсынылады.

2) мүдделер қақтығысы туралы хабарламаны немесе ақпаратты алған басшы үш жұмыс күні ішінде оларды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жөніндегі құрылымдық бөлімшенің қарауына жібереді;

3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу функциясы бар құрылымдық бөлім мүдделер қақтығысы жөніндегі аталған хабарламаларды немесе басқа да ақпаратты қарап, он жұмыс күні ішінде аппарат басшылығына мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу жөнінде ұсынымдар немесе мұндай қақтығыстың жоқ екені туралы қорытынды ұсынады;

4) мүдделер қақтығысы расталған кезде аппарат басшысы ұсынымды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу бойынша мынадай:

мүдделер қақтығысына байланысты мәселе бойынша лауазымдық міндеттерді атқаруды басқа адамға тапсыру;

лауазымдық міндеттерді өзгерту;

мүдделер қақтығысын жою жөнінде өзге де шаралар қабылдауға міндетті;

5) бірінші басшыға өзінде туындаған мүдделер қақтығысы мәселесі бойынша объективті шешім қабылдау үшін осы факт анықталған кезден бастап өкілеттіктерді уәкілетті адамға беру ұсынылады;

6) мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу мүмкін болмаған жағдайда, мүдделер қақтығысы орын алған немесе орын алуы мүмкін адам ол анықталған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей мүдделер қақтығысына жол берілмейтін тең дәрежелі лауазымға тағайындалады.

Мүдделер қақтығысының алдын алу және оларды анықтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметте өзге де шектеулерді сақтау бойынша іс-шараларды да әдеп жөніндегі уәкілетті өкіл мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшы бекіткен жыл сайынғы әдеп жөніндегі уәкілдердің үлгілік жұмыс жоспарына сәйкес жүргізеді.

 

4-параграф. Сыйлықтар, сапарлар және қонақжайлылық таныту туралы ережелер

 

  1. Лауазымдық функцияларды орындаумен байланысты сыйлықтар қабылдау немесе қонақжайлылық таныту заңсыз сыйақы ретінде болуы мүмкін. Сыйлықтар қабылдау және ұсыну, сапарға шақыру және қонақжайлылық таныту практикасын қатаң қадағалап, жолын кесу қажет.    

Жұмыскерлерге мүмкіндігінше лауазымдық функцияларды орындаумен байланысты және пара ретінде қабылдануы мүмкін кез келген сыйлықтардан, сапарларға шақырудан, сондай-ақ қонақжайлылық танытудан барынша аулақ болуға кеңес беріледі.

  1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында сыйлықтар қабылдау, сапарлар мен қонақжайлылық таныту мәселелері бойынша мынадай сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен жауапкершілік көзделген:  

1) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, адамның тиісті функцияларды орындамайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан өзінің мемлекеттік немесе оған теңестірілген функцияларын орындағаны үшін ақша, көрсетілетін қызметтер және өзге де нысандар түрінде кез келген сыйақы қабылдауына тыйым салынады;

2) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оған теңестірілген адам жеке өзі немесе делдал арқылы оларды танытатын адамдардың пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер не көрсетілетін қызметтер алса, егер мұндай әрекеттер (әрекетсіздік) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның немесе оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттіктеріне кірсе, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, әкімшілік жауапкершілік көзделген;

3) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар, лауазымды тұлғалар және олардың отбасы мүшелері хабардар етілмей олардың шотына келіп түскен ақша, олар анықталғаннан кейін екі аптадан аспайтын мерзімде тиісті мемлекеттік кіріс органына мұндай қаражаттың түсу мән-жайлары туралы түсініктеме беріле отырып, республикалық бюджетке аударылуға жатады;  

4) қызмет бабында өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын орындаумен байланысты өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге де адамдардан жалпы қамқоршылығы немесе қызметі бойынша жол бергені үшін сыйлықтар немесе көрсетілетін қызметтер қабылдауға тыйым салынады;  

5) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар, лауазымды тұлғалар және олардың отбасы мүшелері хабардар етілмей келіп түскен, сондай-ақ олар тиісті функцияларды орындауына байланысты алған сыйлықтар сыйлықтың алынған күнінен бастап не жоғарыда аталған адамдарға сыйлықтың келіп түскен туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз берілуге жатады, ал аталған адамдарға нақ сондай мән-жайларда көрсетілген қызметтерге қызмет көрсетілген күннен бастап не мемлекеттік қызметшіге қызметтің көрсетілгені туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде ол республикалық бюджетке ақша аудару арқылы ақы төлеуге тиіс;

6) өздеріне сыйлықтар келіп түскен жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын  адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар, лауазымды тұлғалар жоғары тұрған лауазымды адамды хабардар ете отырып, оларды «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған құны бойынша, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын сатып алу-сату шарты негізінде сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады;

7) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға немесе оларға теңестірілген адамдарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне түскен сыйлықтар жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға толық және (немесе) уақтылы берілмесе, егер мұндай әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, оларға айыппұл салынады;

8) жұбайының (зайыбының), туыстарының өз есебiнен шақыруы бойынша; егер олармен арадағы қарым-қатынастар шақырылатындардың қызметтiк iс-әрекетi мәселелерiн қозғамаса, өзге де жеке тұлғалардың шақыруы бойынша (жоғары тұрған лауазымды адамның немесе органның келiсуімен); халықаралық шарттарға сәйкес немесе шет мемлекеттермен өзара уағдаластық бойынша; ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсiби, гуманитарлық іс-шараларға, оның iшiнде осындай ұйымдардың жарғылық қызметi шеңберiнде жүзеге асырылатын сапарларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың есебінен мемлекетішiлiк және шетелдiк туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруларды қабылдауға тыйым салынады;

9) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың отбасы мүшелері аталған адаммен қызмет бабында байланысты болатын жеке және заңды тұлғалардан сыйлықтарды және көрсетілетін қызметтерді, туристік, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруларды қабылдауға құқылы емес.

  1. Қонақжайлылық таныту қатынастарды бастау, нығайту немесе дамыту мақсатында бейресми және бейтарап жағдайда жасалады. Қонақжайлылық таныту таңғы асқа, түскі асқа, кешкі асқа, қабылдауларға, ойын-сауық, қоғамдық немесе спорттық іс-шараларға шақыруды көздейді. Қонақжайлылық таныту шақырушы тараптың іс-шараға қатысуын білдіреді, олай болмаған жағдайда бұл сыйлық болып табылады.
  2. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жауапты құрылымдық бөлімге жарты жылда бір реттен сиретпей мүдделер қақтығысының үлгілік жағдайларын көздейтін оқыту іс-шараларын өткізу ұсынылады. Бюджетте қаражат болған жағдайда, ғимараттың кіреберіс бөлігінде сыйлықтар беруге және сыйлықтарды ғимаратқа әкелуге тыйым салынатыны, сондай-ақ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жауапкершілік туралы ақпаратты орналастыру ұсынылады.

 

 

4-тарау. Қаржылық бақылау шаралары

 

  1. Мемлекеттік қызметке түскенде және мемлекеттік қызмет өткеру кезінде декларацияларды тапсырмау не уақтылы тапсырмау әкімшілік жауаптылыққа алып келеді.
  2. Декларациялар тапсыру туралы хабарламаларды жинау тәртібі:

1) персоналдыбасқаруқызметі (кадр қызметі) функционалдықміндеттерде бекіте отырыпмыналардыжүзегеасырады:

активтері мен міндеттемелері туралы, кірістері мен мүлкітуралыдекларациялардытапсырутуралыхабарламалардыжинаубойыншаіс-шараларөткізеді, сондай-ақ декларация тапсыруға міндетті адамдарды айқындау мәніне Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерді тұрақты түрде мониторингтейді;

жұмыскерлерге және олардың жұбайларына (зайыптарына) ҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасындабелгіленгенмерзімдердедекларациялардытапсыруқажеттілігі, сондай-ақ мәліметтерді тапсырмау немесе декларацияларда дәйексіз мәліметтер беру үшін жауаптылық туралы жұмыскерлерді жазбаша хабардар етеді;

нормативтік құқықтық актілерге декларацияларды тапсыру мәселелері бойыншаенгізілгенөзгерістертуралыоларқолданысқаенгізілгенсәттенбастапотызжұмыскүніішіндежұмыскерлердіжазбашанысанда хабардаретеді;

2) персоналдыбасқаруқызметі (кадр қызметі) декларациялардытапсырумерзімініңаяқталуынакеміндебір ай қалғандадекларациялардыҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасындабелгіленгенмерзімдердетапсыруқажеттігі, сондай-ақ мәліметтердітапсырмау немеседекларацияларда дәйексізмәліметтерберуүшінжауаптылықтуралыжұмыскерлердіжазбашатүрде хабардар етугетиіс.

Декларациялартапсырутуралыхабарламаларжұмыскерлердіңжекеісінеқосатіркеледі.

  1. Заңға сәйкес активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны Заңның 11-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары) – лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адамның (органның) лауазымға тағайындау туралы актісі шығарылғанға дейін (декларация тапсыру айының бірінші күніндегі жағдай бойынша) тапсырады.
  2. Кірістері мен мүлкітуралыдекларацияны:

1) жауаптымемлекеттіклауазымдыатқаратынадамдаржәнеолардыңжұбайлары (зайыптары);

2) мемлекеттікфункциялардыорындауғауәкілеттікберілгенадамдаржәнеолардыңжұбайлары (зайыптары);

3) лауазымды тұлғалар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары) ұсынады.

Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары); мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары); лауазымды тұлғалар мен олардың жұбайлары (зайыптары); мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) заңға сәйкес есепті күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мүлікті сатып алған жағдайда, кірістері мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілген мүлікті сатып алуға жұмсалған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсетуге міндетті.

  1. Активтері мен міндеттемелерітуралы декларация.

Активтері мен міндеттемелері туралы декларация декларациялау жүйесіне енген кезде бір рет тапсырылады (кандидат ретінде декларация ұсынылатын «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банк, сақтандыру ұйымы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы болуға ниеттенген адамдарға қатысты көзделген жағдайларды қоспағанда).

Декларацияда декларацияны қолда бар активтері мен міндеттемелері туралы ұсынудың алдындағы жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:

1) шет мемлекеттің аумағында тіркелген не тіркелуге тиіс жылжымайтын мүлік, көлік құралдары;

2) барлық банк салымдары бойынша жиынтығы 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) асып кетін Қазақстан Республикасынан тыс шетелдік банктердегі банк шоттарындағы ақша.

Бұл ретте, Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналасқан шетелдік банктерде шоттар (салымдар) ашуға және иеленуге тыйым салынатын жемқорлыққа қарсы шектеуді қабылдайтын адамдар активтері мен міндеттемелері туралы декларацияда банк салымының сомасына қарамастан Қазақстан Республикасының шегінен тыс шетелдік банктерде сақтаулы ақшаның болуын көрсетеді;

3) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарты бойынша тұрғын үй ғимаратындағы үлесі; Қазақстан Республикасынан тыс құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлесі;

4) бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы орындалатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда);

5) цифрлық активтер;

6) инвестициялық алтын;

7) зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;

8) республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және активтері мен міндеттемелері туралы декларация ұсынылатын жылдың алдындағы 31 желтоқсанда қолданыста болған 10 000 АЕК шегіндегі сомада көрсетілетін қолма-қол ақша;

9) нотариалды куәландырылған шарт немесе міндеттеменің не талаптың туындауына  негіз болатын өзге де құжат болса,  дебиторлық немесе кредиторлық қарыз (екінші деңгейлі банктер алдындағы қарыздан басқа).

  1. Кірістер мен мүліктуралы декларация.

Активтері мен міндеттемелерітуралыдекларацияны (250.00-нысан) тапсырғанжылданкейінгіжылданбастапжылсайынкірістері мен мүлкітуралы декларация (270.00-нысан) тапсырылады, ондамыналартуралыақпараткөрсетіледі:

1) жеке кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметінен түсетін декларациялануға тиіс кірістерді қоспағанда, жеке тұлғаның өзі дербес салық салынуға жататын кірістері;

2) салық шегерімдері;

3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс мүлікті, оның ішінде өтеусіз негізде сатып алу және (немесе) иеліктен шығару;

4) республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және есептік салық кезеңіндегі 31 желтоқсанда қолданыста болған жиынтығы 10 000 еселенген АЕК-тен асатын сомада Қазақстан Республикасының шегіндегі шетелдік банктердегі банк шоттарындағы ақша

5) есептік салық кезеңіндегі 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бар жеке тұлғаның меншік құқығындағы мүлік;

6) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге (есепке) жататын мүлік не шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге (есепке) жататын құқық және (немесе) мәміле;

7) эмитенттері Қазақстан Республикасынан тыс тіркелген бағалы қағаздар, цифрлық активтер;

8) инвестициялық алтын;

9) Қазақстан Республикасынан тыс тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлес;

10) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктер мен ұйымдарға қарызды қоспағанда,  нотариалды куәландырылған (расталған) міндеттемелердің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын шарт немесе өзге құжат болған кезде өзге адамдардың жеке тұлғаның алдындағы қарызы (дебиторлық қарыз) және (немесе) жеке тұлғаның өзге адамдар алдындағы қарызы (кредиторлық қарыз).

  1. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) есептік күнтізбелік жылдан кейінгі жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей Арал ауданыәкімдігінің ресми интернет-ресурсында төменде көрсетілген:

1) мемлекеттік саяси лауазымдарды атқаратын;

2) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын атқаратын лауазымды тұлғалар мен олардың жұбайларының (зайыптарының) декларацияларында қамтылған мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар мен өзге де құпияларды қорғау, ақпаратқа қолжетімділік, дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын сақтай отырып жариялауға міндетті.

Жариялауға жататын мәліметтер тізбесін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

  1. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) жылына бір рет декларациядан мәліметтерді жариялау бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың25-тармағында аталған адамдарды үлгі етіп алудың маңыздылығын түсіндіру бойынша іс-шара өткізеді.
  2. Қазақстан Республикасы аумағынан тыс орналасқан шетелдік банктерде мемлекеттік қызметшілердің шоттарының (салымдарының) болуын тексеру былайша жүзеге асырылады:

1) бірінші басшының бұйрығымен персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) жұмыскерлерінің арасынан, сондай-ақ әдеп жөніндегі уәкілден шетелдік банктеріндегі шоттар туралы ақпаратты талдау мен мониторингтеуге жауапты адамдардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан шетелдік банктерде ақшаның болуы туралы мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды тұлғалардың тізбесін бекітеді;

2) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, лауазымды тұлғалар, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан шетелдік банктерде шоттар (салымдар) ашуға және иеленуге, Республикадан тыс орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға тыйым салынатыны туралы жазбаша келісімге қол қояды;

3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан шетелдік банктердегі ақша туралы мәліметтерге қолжетімділігі бар персоналды басқару қызметінің уәкілетті қызметкері жылына бір рет салық органдарына жұмыскерлердің шетелдік банктерде шоттарының бар-жоғын тексеруге сұрау жібереді. Сұрауға жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) түріндегі сәйкестендіру деректері көрсетілген жұмыскердің тізімі қоса беріледі;

4) салық органдарынан аталған мәліметтерді алғаннан кейін персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) оларды әдеп жөніндегі уәкілге мониторинг жүргізу үшін береді;

5) шетелдік банкте жұмыскерлердің шотының бар екені анықталған жағдайда, жемқорлықтың алдын алуға жауапты адам екі жұмыс күні ішінде бір мезгілде мемлекеттік органның бірінші басшысын, персоналды басқару қызметін, сондай-ақ шетелдік банкте шоты бар жұмыскерді хабардар етеді. Хабарламада шоттың жабылғанын растайтын  құжаттарды ұсынудың соңғы мерзім (шоттың болу фактісі анықталған сәттен бастап алты ай) көрсетіледі;

6) жұмыскер растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, бірінші басшы немесе оны алмастыратын адам Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қабылдайды.

 

5-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады:

1) білім беру шаралары – жұмыскерлердің жемқорлық құқық бұзушылықтардың, мүдделер қақтығысын және басқаларды болдырмау тәсілдері туралы жұмыскерлердің хабардарлығын арттыру бойынша тұрақты өткізілетін семинарлар мен тренингтерді қамтуы мүмкін;

2) ақпараттық шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша нақты нұсқаулықтар мен нұсқаулар әзірлеу және оларды жұмыскерлер арасында тарату, сондай-ақ оқыту материалдарын (бейнероликтер, таныстырылымдар және брошюралар) дайындауды қамтиды. Осы мақсатта корпоративтік таратулар, ішкі порталдар және ақпараттық стендтер пайдаланылуы мүмкін;

3) ұйымдастырушылық шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізуді, жемқорлықтың алдын алуға жауапты жұмыскерлерді тағайындауды, жемқорлық фактілері туралы хабарлау арналарын құруды, сатып алу, лауазымдарға тағайындау және жұмыскерлердің тиімділігін және басқа да тәуекелді салаларды бағалау рәсімдеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды интеграциялауды қамтуы мүмкін.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары жоспарланып, практикалық пайдалы жағына бағдарлануға тиіс. Оқыту тұрақты түрде өткізіліп, материалдар жұмыскерлерге қолжетімді және түсінікті болуы қажет.

Жұмыскерлердің білімін бағалау, оқытудың тиімділігі мен қосымша назар аударуды және оқыту бағдарламаларын бейімдеуді қажет ететін салаларды анықтау тестілеу, сауалнамалар және бақылаудың өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тиімді қалыптастыру және қолдау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітіледі. Ішкі ресурстарды оңтайландыру үшін Іс-шаралар жоспары Арал ауданыәкімі аппаратының басқа жоспарларымен біріктірілуі мүмкін.

Іс-шаралар жоспарын әзірлеу кезінде жұмыскерлердің алған білімдерін міндетті түрде бағалай отырып, оларды кемінде жарты жылда бір рет өткізу көзделуге тиіс.

Жоғарыда аталған Жоспардың нысаналы көрсеткіші ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту қорытындысы бойынша тестті сәтті (100%-дан кемінде 60% жинаған) тапсырған жұмыскерлер саны туралы көрсеткішті енгізу ұсынылады.

  1. Оқытуды ұйымдастыру кезінде U4 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ресурс орталығы (U4 Anti-Corruption Resource Centre), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім хабы (The Anti-Corruption Knowledge Hub), Базель басқару институты (Basel Institute on Governance) сияқты ресурстардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзекті материалдарды пайдалану ұсынылады.
  2. Бюджетте қаражат болған кезде қаржылық немесе қаржылық емес көтермелеу шараларын көздеумен жұмыскерлерді әртүрлі алаңдарда тақырыптық оқытуға ынталандыру ұсынылады.
  3. Арал ауданыәкімдігінің интернет-ресурсында түбіртек-парақтар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен, мүдделер қақтығысымен байланысты жағдайларда іс-қимыл алгоритмі бойынша қысқаша нұсқаулықтар орналастырылады.  

 

6-тарау. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есеп берушілігі және ашықтығы

 

  1. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметі туралы толық әрі шынайы ақпарат алуға құқықтары және осы ақпаратты мемлекеттік органдардың уақтылы әрі ашық ұсыну бойынша міндеттері белгіленген.
  2. Жұртшылықты ақпараттандыру және кері байланыс алу мақсатында Арал ауданыәкімдігінің интернет-ресурсы мен әлеуметтік медиа арналары уақтылы өзектілендіріліп отыруға тиіс.
  3. Құқықтық насихатты азаматтар мен кәсіпкерлерге қолданыстағы құқықтық актілерді түсінікті және қысқа тілде түсіндіре отырып, сондай-ақ, белгілі бір өмірлік жағдайлар мен заңды фактілер бойынша цифрлық шешімдерді қолдана отырып, олардың құқықтары туралы нақты хабардар етуді қамтамасыз ету жолымен жетілдіру бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №806 бұйрығымен бекітілген ережелерді басшылыққа алу ұсынылады.

 

7-тарау. Персоналдыбасқарупроцестеріндесыбайласжемқорлықтыңалдыналу

 

  1. Кадрлардыіріктеужәнеілгерілетудіңайқынжәнеобъективтіпроцестерікәсібижәнетиімдімемлекеттікаппараттықалыптастырудыңмаңыздышартыболыптабылады.
  2. Мемлекеттікәкімшіліклауазымдардың «Б» корпусынаорналасуконкурстарын «Мемлекеттікәкімшіліклауазымғаорналасудыңкейбірмәселелерітуралы» ҚазақстанРеспубликасыМемлекеттікқызметістеріагенттігітөрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығыменкөзделгенинтеграцияланған «e-Qyzmet» ақпараттықжүйесіарқылыөткізуұсынылады.

Конкурстуралыхабарландырулардажұмысқақабылдаупроцесінебайланыстыбұзушылықтартуралыхабарлауүшінбайланысмәліметтерінкөрсету қажет.

 

8-тарау. Мемлекеттіксатыпалусаласындағысыбайласжемқорлықтыңалдыналу

 

  1. Мемлекеттік сатыпалусыбайласжемқорлықтәуекеліжоғарыаймақболыптабыладыжәнетәуекелдер картасына енгізіледі. Мемлекеттіксатыпалудағытәуекелдер бюджетке, сатыпалутәсіліне, сатыпалуғақатыстырәсімдердіңнақтыреттелмеуінежәнебасқафакторларғабайланыстыбағалануымүмкін.
  2. Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлықты төмендетуге ықпал ететін негізгі факторлар сатып алумен айналысатын жұмыскерлердің кәсіби біліктілігін тұрақты түрде арттыру, сатып алу рәсімдерін стандарттау, мемлекеттік сатып алудың тиімділігі мен айқындылығын бағалау бойынша нақты басты көрсеткіштерді айқындау, мемлекеттік сатып алу процесіне қоғамдық бақылауды тарту болып табылады.

Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау және жүзеге асыру кезінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында белгіленген, атап айтқанда:

1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаражатты, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасы мен сапасының арақатынасын қамтамасыз ету арқылы оңтайлы және тиімді жұмсау;

2) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;

3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;

4) мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы;

5) қазақстандық тауар өндірушілерге, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілерге Қазақстан Республикасында ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада  қолдау көрсету;

6) мемлекеттік сатып алу субъектілерінің жауапкершілігі;

7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға және мүдделер қақтығысына жол бермеу;

8) орнықты мемлекеттік сатып алуды дамыту қағидаттарын басшылыққа алу қажет.

  1. Жеке мүдделерді ілгерілету мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында мемлекеттік сатып алуларды бәсекелестік тәсілдермен (конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату, электрондық дүкен арқылы) жүргізу ұсынылады.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алуды төтенше және ерекше жағдайларда ғана жүзеге асыру қажет.

  1. Тәуекел деңгейі жоғары топқа жатқызылатын сатып алулар бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қабылдауды жүзеге асыру кезінде «Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының  Заңында көзделген қоғамдық мониторингті жүзеге асыру үшін қоғамдық бақылау субъектілері тартылуы мүмкін.  
  2. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеге:

1) мемлекеттік сатып алудың барлық кезеңінде тәуекел деңгейі жоғары мемлекеттік сатып алуларға қоғамдық мониторингті жүзеге асыру үшін қоғамдық бақылау субъектілерін тарту;

2) сатып алудың тиімділігін өлшеу көрсеткіштерін әзірлеу. Мысалы: «Бір көзден сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үлесін төмендету», «Бәсекелестік тәсілдерімен (конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату, электрондық дүкен арқылы) сатып алу үлесін арттыру» және т.б.;

3) сатып алу процесіне қатысатын жұмыскерлерді өзекті тақырыптар бойынша кемінде жарты жылда бір рет оқытуды қамтамасыз ету ұсынылады.

  1. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жауапты құрылымдық бөлімшеге жылына бір рет бір ұйымның немесе байланысты ұйымдардың келісімшарттың немесе оның елеулі бөлігін алуы фактілері мәніне сатып алуларға талдау жүргізу ұсынылады.

Талдау нәтижелері аяқталған күннен бастап үш күн ішінде бірінші басшыға хабарланады. Егер әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар фактілер анықталса, субъект бұл туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес уәкілетті органдарға хабарлауға тиіс.

Бұйрық стандарт
Дата публикации
24 декабря 2025