
Қарақұм ауылдық округі халықының негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып табылады. Ауылдық округтің барлық жер көлемі 72554 гектарды құрайды. Оның ішінде 64550 гектары жайылымдық жерлер, 18652 гектары шабындық жерлер болып саналады.
Округте шаруа қожалық саны - 100. Шаруа қожалықтардың барлығы мал шаруашылығымен айналысады. Ауылдық округ бойынша жеке және шаруа қожалығында 30096 бас мал тіркелген. Оның ішінде:
түйе малы – 4162,
жылқы – 7432,
МІҚ – 8387,
уақ мал – 10115, басты құрайды.
Ауылшаруашылығы малдарын жем-шөп қорымен қамтамасыз ету мақсатында 2023-2024 жж. қыс айларына межеде 25 025 тонна дайындау керек болса, қазіргі таңда шөптің 100,6 пайызы орындалды. Яғни, жеке және шаруа қожалықтар өздерін 25 185 тонна шөппен қамтамасыз етті. Қазіргі таңда 21300 тонна қалдық шөп қоры бар.
Округтегі кәсіпкерлерлікті қолдау мақсатынды түрлі бағдарламалар жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп 2024 жылға 32 жеке кәсіпкер тіркеу жоспарлануды.