GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
07 октября 2026
«Ауыл аманаты» — АУЫЛ КӘСІБІНЕ ҚОЛДАУ

«АУЫЛ АМАНАТЫ» – АУЫЛ КӘСІБІНЕ ҚОЛДАУ

Қамыстыбас ауылының тұрғыны Қазиева Зухра 2025 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, асыл тұқымды ешкі шаруашылығын қолға алды.

Бүгінде кәсіпкер шаруашылығын дамытып, асыл тұқымды ешкілерді өсірумен және табиғи ешкі сүтін өндірумен айналысуда.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы – ауыл тұрғындарының кәсіп бастауына, өз ісін дамытуына және табысын арттыруына мүмкіндік беретін маңызды жоба.

 



06 октября 2026
Мұғалімдер күні!
Мұғалімдер күні құтты болсын!
24 сентября 2026
Ауданның әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына қатысты бірқатар мәселелер талқыланды

Бүгін аудан әкімдігінде кезекті Үкімет отырысында көтерілген мәселелер бойынша  мәжіліс өткізілді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, жол қауіпсіздігі, инфрақұрылым сапасы және тұрғындар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Е. Әбішев төрағалық етті. Алдымен Арал қаласында жаңадан ашылған «Арал теңізі» теміржол вокзалының құрылысына белсене атсалысқан азаматтардың еңбегін ерекше атап өтіп, вокзал директоры Ж.Мәмбеталиевке облыс әкімінің алғыс хатын табыстады.

Жиында жол қауіпсіздігі мәселесіне де ерекше назар аударылды. Тиісті сала мамандарына жасөспірімдердің түнгі уақытта көлік құралдарымен жүруінің алдын алу, тұрғындардың тыныштығын сақтау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында нақты тапсырмалар берілді.

Ауданда жол құрылысы бойынша бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: республикалық маңызы бар «Бейнеу – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл», «Қызылорда – Сексеуіл» бағыттарындағы жол жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне аталған жол құрылыстарының белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқталуын қатаң бақылауда ұстау тапсырылды.

Сонымен бірге жауапты сала басшыларына қоғамдық тәртіпті күшейту, жолдардың сапасын арттыру мақсатында жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізу тапсырылды.

Бұдан бөлек, тұрғындар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және жастардың рухани дамуына ықпал ету мақсатында «Кітап оқитын ұлт» жобасын бастау мәселесі көтерілді. Жоба 2027 жылдың сәуір айына дейін жалғасып, оған мектеп және колледж студенттерімен қатар ауылдық округтер мен кент тұрғындары, мемлекеттік қызметшілердің жаппай қатысуы көзделіп отыр.

Жиын барысында көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын бақылауда ұстау міндеттелді.

24 сентября 2026
Қызылорда қаласын аяқсумен қамту мәселелері қаралды

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда Қызылорда қаласын аяқсумен қамтудың және суару жүйесінің қазіргі жағдайы, алдағы кезеңге арналған жоспарлар талқыланды.
«Су ресурстарына толық талдау жүргізіп, қалаға қажетті көлемді нақтылап, келесі жылға су беру мүмкіндігін қарастыру маңызды. Әуежай маңы мен Белкөл кентіне кіреберіс аумақтардағы жасыл белдеуге аяқсу тұрақты берілуі және тал отырғызылуы керек.
Арық жүйелерін толық түгендеп, су жетпейтін учаскелерге қатысты нақты жобалық және қаржылық ұсыныс енгізіңіздер. Аяқсумен қамтылған аумақтарды кезең-кезеңімен ұлғайту үшін нақты жоспар әзірлеңіздер. Көшет отырғызу және оларды суаруды ұйымдастырыңыздар», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Бүгінде қала аумағына аяқсу 15 нүктедегі 22 насос қондырғысы арқылы беріледі. Оның 4-еуі биыл орнатылған. Арық жүйелерінің жалпы ұзындығы 98,8 шақырым, 68 көшені қамтиды. «Жібек жолы», «Сарқырама» және «Қызылжарма» каналдары арқылы 14,4 шақырымдық үлкен лоток жүйесі, 39 көшеде 68,6 шақырым болатын кіші лотоктар, ал 26 көшеде 15,8 шақырымдық лотоксыз арық жүйесі бар. Қала ішіндегі арықтарға су 6 аумақтағы насос қондырғылары арқылы таратылады.
Алдағы уақытта №217 мектеп ауласындағы су ұңғымасы жөнделіп, қайта іске қосылады. Бұл Қорқыт ата көшесінің бір бөлігіне аяқ су жеткізуге мүмкіндік туғызады. Аяқсу жеткізілген аумақтарды көгалдандыру мақсатында М.Шоқай, Қожа Ахмет Яссауи және Д. Қонаев көшелерінің бойына көшет отырғызылады.

09 сентября 2026
КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Қамыстыбас ауылдық округінің әкімі А. Балмырзаеваның төрағалығымен ауыл кәсіпкерлерінің қатысуымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, салық базасын қалыптастыру, экономикалық белсенділікті арттыру, елді мекеннің тазалығы мен абаттандырылуы, кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбеті және өзге де өзекті мәселелер қаралды.
Сонымен қатар, кәсіпкерлердің жеке ұсыныстары мен мәселелері тыңдалып, оларды шешу жолдары бойынша пікір алмасу жүргізілді.
Кездесуде ауыл кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған жаңа мүмкіндіктер, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар мен бірлескен міндеттер сөз болды.
Ауылдың тұрақты дамуы мен көркеюінде кәсіпкерлердің белсенділігі мен жауапкершілігінің маңызы зор. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.
09 сентября 2026
«Отбасы банк» акционерлік қоғамы Қызылорда филиалының директоры тағайындалды

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге орай мәжіліс өтті. Онда «Отбасы банк» акционерлік қоғамы басқармасы басшысының бұйрығымен банктің Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры лауазымына тағайындалған Жайшаев Руслан Асылбекұлы таныстырылды.
Бұған дейін филиалды басқарған Әділжан Рахымжанұлы Сәулебаевқа өңірде атқарған қызметі үшін Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды.
Руслан Жайшаев 1980 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қырғыз ұлттық мемлекеттік университетінде «Банк ісі», «Мирас» университетінде «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған. Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» дәрежесін иеленген.
Еңбек жолын 2003 жылы банк саласында қашықтан қызмет көрсету бөлімінің менеджері ретінде бастаған. 2006-2010 жылдары «Банк ЦентрКредит», «Қазкоммерцбанк», «Цеснабанк» акционерлік қоғамының Алматы қаласындағы филиалдарында, 2010-2016 жылдары «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Алматы және Жамбыл облыстық филиалдарында түрлі жауапты қызметтер атқарған. 2016-2017 жылдары «Қазкоммерцбанк» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры, 2017-2020 жылдары «Отбасы банк» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық және Шымкент қалалық филиалдары директорының орынбасары болған.
2020 жылдан осы уақытқа дейін «Отбасы банк» АҚ Түркістан облыстық филиалының директоры қызметін атқарып келді.

25 августа 2026
Тұрғындар талабының орындалуы тексерілді

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, қала әкімі Нұржан Ахатовпен Қызылорда қаласының шағын аудандарын аралады.
Еске салсақ, аймақ басшысы бұған дейін шағын аудандар тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру үшін тазалық пен абаттандыруға байланысты нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Тұрғындар Абай даңғылы бойындағы №62 үйдің ауласына балалар ойын алаңын салып беруді және ауланы жарықтандыруды сұраған.
Мұрат Нәлқожаұлы бүгінгі аралау кезінде берілген тапсырмалардың нәтижесімен танысып, бұл жұмысты одан әрі жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ «Астана», «Арай» шағын аудандарындағы, сол жағалаудағы көпқабатты тұрғын үйлер аулаларының, көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдарының тазалығы, абаттандырылуы тексерілді.
Аяқсу мәселесі де назардан тыс қалмады.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Н.Назарбаев даңғылындағы насос қондырғысы мен құбырлар іске қосылып, Бөкейхан көшесінің Абай даңғылынан Яссауи көшесіне дейінгі ұзындығы 2 шақырым болатын арық жүйесіне аяқсу берілді. Яссауи мен Шүкіров көшесінің қиылысына насос қондырғысы орнатылып, Бөкейхан көшесінен Ғ. Мұратбаев көшесіне дейінгі аралықтағы ұзындығы 960 метр арыққа да су жіберілді.
Жалпы қаладағы 68 көшеде 98,6 шақырым арық жүйесі бар.

23 августа 2026
Аймақты дамытуға бағытталған жаңа жобалар талқыланды

Өңірде бірқатар маңызды жоба қолға алынғаны белгілі. Осыған орай, «Мемсараптама» РМК бас директоры Тимур Қарағойшиннің төрағалығымен өткен жиынға облыс әкімі Мұрат Ергешбаев тікелей байланыс арқылы қатысты.
Жиында алдағы уақытта жүзеге асырылатын жаңа жобалардың жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу, мемлекеттік сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру барысы қаралды.
Ірі жобаның бірі – Қызылорда қаласындағы Тоқтыбаев көшесінен Сырдария өзені арқылы өтетін жаңа автомобиль көпірі. Жаңа көпір қаланың көлік инфрақұрылымын дамытуға, жол қозғалысын реттеуге және шаһардың екі бөлігін байланыстыруға мүмкіндік береді.
Жобалық шешімге сәйкес, жалпы ұзындығы 338,5 метр, төрт жолақты. Қазіргі уақытта жоба-сметалық құжаттаманы «Тека Проект» ЖШС демеушілік қаражат есебінен әзірлеп, мемлекеттік сараптамаға жіберді. Оң қорытындыны алдағы қыркүйек айында алу көзделіп отыр.
Тағы бір жоба – Президент саябағы аумағында салынып жатқан жаңа драма театрдың құрылысы.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Қызылорда қаласында жаңа драма театр салуды тапсырды. Осы жылдың сәуір айында театрдың іргетасы қаланды.
Жаңа ғимарттың жалпы аумағы 4 мың шаршы метрден асады, 520 көрерменге арналған. Мұнда репетициялық залдар, студиялар, шығармашылық кеңістіктер мен әкімшілік кабинеттер қарастырылған. Сонымен қатар, театр заманауи сахналық техникамен, қуатты дыбыс жүйесімен және соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Бұл өз кезегінде түрлі жанрдағы қойылымдарды жоғары кәсіби деңгейде сахналауға мүмкіндік береді.
Жиын қорытындысы бойынша аталған жобалар жан-жақты талқыланып, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.

09 июля 2026
Арал Геопаркі аясындағы жұмыстар пысықталды

Бүгін Қамыстыбас ауылдық округі әкімдігінде Арал Геопаркі құрамына Қамыстыбас ауылдық округіне қарасты Аққұмшық жағажайын енгізу мәселесі бойынша жұмыс кездесуі өтті.

 

Кездесу барысында Аққұмшық жағажайының табиғи және туристік әлеуеті, геопарк талаптарына сәйкестігі, қажетті құжаттарды әзірлеу, инфрақұрылымды жетілдіру және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жан-жақты пысықталды.

 

Сонымен қатар, жауапты мамандарға тиісті құжаттарды уақытылы рәсімдеу, жағажай аумағын абаттандыру, санитарлық тазалықты сақтау және туристерге қолайлы жағдай жасау бағытында нақты тапсырмалар берілді.

 

Аққұмшық жағажайын Арал Геопаркі құрамына енгізу өңірдің туристік әлеуетін арттыруға, табиғи мұраны насихаттауға және ішкі туризмді дамытуға оң ықпал етеді деп күтілуде.

07 июля 2026
Жаңа ата заң – әділетті Қазақстанның жаңа құқықтық негізі

Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қолданысқа енгізілуіне арналған аудан активінің кеңейтілген отырысы өтті.

Жиынға аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жетекшілері, ардагерлер, қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Актив отырысында жаңа Конституцияның тарихи маңызы, елдің саяси-құқықтық дамуындағы орны және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқындаған реформаларды жүзеге асырудағы негізгі міндеттер жан-жақты талқыланды.

Аудан әкімі өз сөзінде жаңа Конституция – елдің құқықтық жүйесін жаңғыртып қана қоймай, мемлекет пен қоғам арасындағы жауапкершіліктің жаңа деңгейін қалыптастыратын маңызды құжат екенін атап өтті.

Шын мәнінде жаңа Ата Заңның қабылдануы Жаңа Қазақстанды құру жолындағы тарихи қадам. Құжатты әзірлеу барысында саяси партиялар, ғалымдар, сарапшылар, қоғамдық ұйымдар мен белсенді азаматтардың ұсыныстары ескеріліп, қоғам сұранысына сай жан-жақты сараланды.

Жаңа Конституцияда алғаш рет адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде айқындалып, заң үстемдігі, әділеттілік, қоғамдық келісім, ұлтаралық және дінаралық татулық, табиғатқа жанашырлық, азаматтардың өзара жауапкершілігі сияқты қағидаттар конституциялық деңгейде бекітілді.

Сонымен қатар, Қазақстанның егемендігі, тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы өзгермейтін ұлттық құндылықтар ретінде нақты айқындалды. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – Қазақстан халқы екендігі тағы бір мәрте бекітілді және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың құқықтық тетіктері күшейтілді. Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға да бағытталған жаңа құқықтық негіздер қалыптастырылды.

Конституция – тек заңдар жинағы ғана емес. Ол – мемлекетіміздің даму бағытын айқындайтын, ел бірлігі мен тұрақтылығының, қоғамдық келісім мен заң үстемдігінің басты кепілі.

Жиын барысында аудандық мәслихат төрағасы Б.Төрахметов, аудан прокуроры Д.Әбіш Конституция талаптарын іске асыру, құқықтық мәдениетті арттыру бағытындағы негізгі басымдықтарға тоқталса, аудан прокурорының көмекшісі Р.Жанаев қолданысқа енген жаңа Ата Заңның жаңашылдықтары мен маңызы жөнінде баяндама жасады.

Мұнан өзге аудандық білім бөлімінің басшысы С.Жанназарова мен аудандық «Толқын» газетінің бас редакторы А.Сайлауов сөз сөйлеп, жаңа Конституция талаптарын іске асыру бағытында мемлекеттік саясатты халыққа кеңінен түсіндіру бойынша алдағы міндеттерге тоқталды.

Аудандағы зиялы қауым өкілдері тарапынан медицина саласының ардагері, Арал ауданының құрметті азаматы А.Асанбаев қолданысқа енген жаңа Конституция жайында өз ойын ортаға салды.

Жиын қорытындысында аудан әкімі жауапты мекемелерге бірқатар нақты міндеттер жүктеді. Атап айтқанда, жаңа Конституцияның нормаларын тұрғындар арасында кеңінен түсіндіру, Президент айқындаған стратегиялық реформаларды сапалы жүзеге асыру, инвестиция тарту, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын құру, тұрғын үй құрылысын дамыту, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ «Адал азамат», «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын қоғамда орнықтыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі жалғастыру тапсырылды.

Әрбір азаматтың Ата Заңды құрметтеуі, оның қағидаттарын күнделікті өмірде басшылыққа алуы елдің тұрақты дамуы мен кемел келешегінің маңызды кепілі.

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы