Қамыстыбас ауылы, 2024 жыл
2024-2026 жылдарға арналған Қамыстыбас ауылдық округінің азаматтық бюджеті
әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
Жергілікті атқарушы органның қызметі есепті кезеңде Елбасы Жолдауынан туындайтын мәселелерді, мемлекеттік, аймақтык бағдарламаларды іске асыруға бағытталды. Қабылданған іс-шараларды іске асыру барысында қаланың әлеуметтік–экономикалық дамуында біршама ілгерілеушіліктер байқалды.
Кәсіпкерлік
Қамыстыбас ауылына 77 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оның ішінде 77 субъект (9 заңды тұлға, 77 жеке кәсіпкер) жұмыс істейді.
2023 жылы 5 бизнес нысан ашылды. Олардың арасында кафе-бар, автокөлік жуу, балабақша, азық-түлік дүкендері бар.
Ауылшаруашылығы
Бүгінгі таңда Қамыстыбас ауылында 661 бас ірі қара, 579 бас жылқы, 233 бас түйе, 2049 бас ірі қара бар.
Жұмыспен қамту, әлеуметтік төлемдер бойынша:
2023 жылы қаланы тазарту бойынша қоғамдық жұмыстарға 44 адам тартылды. Жыл соңына дейін 44 адам жұмысқа орналасты. Биылғы жылы көшелерді тазалаумен 22 қоғамдық қызметкер айналысады.
Жарықтандыру
Қамыстыбас ауылының 52 көшесі түнгі жарық шамдарымен қамтылған.
Абаттандыру және тазалық
"Eлді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру "124011015 бюджеттік бағдарламасы бойынша ПВХ шамдарын орнату және қалпына келтіру үшін қайта бағдарлауға" Менің жүрегім Қамбаш" деген жазуға мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржыдан 300,0 мың теңгеге жүргізілді.
Бейнебақылау камералары
2020 жылдан 2023 жылға дейін қала көшелерінде барлығы 2 бейнебақылау камерасы орнатылды.
САЛЫҚ ТҮСІМДЕРІ.
2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында барлық салық пен басқа да түсім түрлерінің болжамының орындалуы 4 052,7 мың теңге немесе 133,8 пайызды құрады.
ІІ. Қамыстыбас ауылдық округіндегі бюджеттің түсімдері және шығындары
Бюджет кодексінің 52-1 бапқа сәйкес жергілікті салық түсімдерінен және ауылдық округ әкімдерінің иелігіндегі меншікті жалға беруден түсетін кірістерден, сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылардан, әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұлдардан, жеке және заңды тұлғалардың ерікті алымдарынан қолма қол бақылау шоттарына түсімдер түсіру арқылы кірістері жоспарланып, шығындары мен айырмасы субвенция ретінде жоспарланды.
«2024-2026 жылдарға арналған Қамыстыбас ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 162 шешімімен бекітілді.
2024-2026 жылдарға арналған Қамыстыбас ауылдық округіндегі бюджеттің негізгі параметрлері
мың. теңге
|
Атауы |
2024 жыл |
2025 жыл |
2026 жыл |
||
|
бекітілген жоспар |
нақтыланған жоспар () |
бекітілген жоспар |
бекітілген жоспар |
||
|
Түсімдер |
94 751,0 |
|
89 334,0 |
89 334,0 |
|
|
1. Кірістер, оның ішінде: |
94 751,0 |
|
89 334,0 |
89 334,0 |
|
|
Салықтық түсімдер |
5 359,0 |
|
5 439,0 |
5 439,0 |
|
|
Салықтық емес түсiмдер |
0 |
|
0 |
0 |
|
|
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер |
744,0 |
|
755,0 |
755,0 |
|
|
Трансферттердің түсімдері, оның ішінде: |
88 648,0 |
|
83 140,0 |
83 140,0 |
|
|
Ағымдағы нысаналы трансферттер |
13 152,0 |
|
0 |
0 |
|
|
Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен субвенциялар |
75 496,0 |
|
83 140,0 |
83 140,0 |
|
|
Бюджеттік кредиттерді өтеу |
0 |
|
0 |
0 |
|
|
Мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер |
0 |
|
0 |
0 |
|
|
Қарыздар түсімі |
0 |
|
0 |
0 |
|
|
Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары |
0 |
|
0 |
0 |
|
|
Шығыстар |
94 751,0 |
|
89 334,0 |
89 334,0 |
|
|
Шығындар, оның ішінде: |
94 751,0 |
|
89 334,0 |
89 334,0 |
|
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер |
54 904,0 |
|
44 296,0 |
44 296,0 |
|
|
Денсаулық сақтау |
0 |
|
0 |
0 |
|
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
1 899,0 |
|
1 966,0 |
1 966,0 |
|
|
Жергілікті деңгейдемәдени-демалыс жұмысын қолдау |
37 948,0 |
|
43 072,0 |
43 072,0 |
|
|
Басқалар |
0 |
|
0 |
0 |
|
|
Борышқа қызмет көрсету |
0 |
|
0 |
0 |
|
|
Трансферттер |
0 |
|
0 |
0 |
|
|
Бюджеттік кредиттер |
0 |
|
0 |
0 |
|
|
Қаржы активтерін сатып алу |
0 |
|
0 |
0 |
|
|
Қарыздарды өтеу |
0 |
|
0 |
0 |
|
Түсімдері
2024-2026 жылдарға арналған Қамыстыбас ауылдық округінің бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау Әдістемесімен, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамындағы макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде, Қазақстан Республикасының Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.
2024-2026 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті кірістері (трансферттерді есепке алмағанда)
2024 жылға – 6 103 мың теңге;
2025 жылға – 6 194 мың теңге;
2026 жылға – 6 194 мың теңге;
Ауылдық округ бюджетінің салықтық түсімдері 2024-2026 жылдарға төмендегідей көлемде белгіленді:
2024 жылға – 5 359 мың теңге;
2025 жылға – 5 439 мың теңге;
2026 жылға – 5 439 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерінің жоспары:
2024 жылға – 744 мың теңге;
2025 жылға – 755 мың теңге;
2026 жылға – 755 мың теңге болып белгіленді.
Аудан бюджетінен ауылдық округ бюджетіне берілетін субвенция көлемі 2024 жылы – 75 496 мың теңге, 2025 жылы – 83 140 мың теңге, 2026 жылы – 83 140 мың теңге болып белгіленді.
Сонымен қатар, 2023 жылғы 21 желтоқсандағы 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет бекітілуіне байланысты 2024 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің кіріс бөлігі республикалық бюджеттен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, ұйымдар жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге 152 мың теңгеге және аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферт есебінен ауылдық округ әкімшілігінің ғимаратын сатып алуға 13 000 мың теңгеге көбеюі жоспарлануда.
Осыған байланысты, ауылдық округ бюджеті кірістерінің көлемі барлығы 2024 жылы – 94 751 мың теңге, 2025 жылы – 89 334 мың теңге, 2026 жылы – 89 334 мың теңгені құрауда.
Қамыстыбас ауылдық округі бюджетінің шығындары
Жоспарланған 2024-2026 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, аудан экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Президенттің Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Бюджеттік бағдарламалар бойынша 2024 жылғы
Қамыстыбас ауылдық округі бюджетінің шығындары
млн.теңге
|
ф/г |
Атауы |
2024 жылға арналған жоспар |
Барлық шығындар көлемінің үлесі,% |
|
|
II. Шығындар |
94 751,0 |
100 |
|
01 |
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер
|
54 904,0 |
57,94 |
|
|
124001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» |
41 904,0 |
44,22 |
|
|
124022 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» |
13 000,0 |
13,72 |
|
03 |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
|
1 899,0 |
2,00 |
|
|
124008 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» |
1 421,0 |
1,49 |
|
|
124009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» |
478,0 |
0,50 |
|
04 |
Мәдениет саласындағы қызмет |
37 948,0 |
40,05 |
|
|
124006 «Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау» |
37 948,0 |
40,05 |
Бюджеттік бағдарлама бойынша 2024 жылғы ауыл бюджетінің шығындары
|
|
Аудандық маңызы бар қала,ауыл,кент,ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету; |
|
|
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету; |
|
|
Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау |
|
|
Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру. |
|
|
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары |
Ауылдық округ бюджетінің жалпы шығындар көлемі 2024 жылы – 94 751 мың теңге, 2025 жылы – 89 334 мың теңге, 2026 жылы – 89 334 мың теңге көлемінде жоспарлануда.
Ал, 2024-2026 жылдары ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеу кезінде жоспарлы кезеңдегі тұтыну бағасының индексіне сәйкес (еңбекақыны есептемегенде) 2024 жылы 4,5 пайызға, 2025 жылы 3,5 пайызға көбейту арқылы жоспарланды.
Сонымен қатар, 2024-2026 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетін қалыптастыру барысында ағымдағы жылға дейін республикалық және облыстық, аудандық бюджеттерден қаржыландырылған ағымдағы нысаналы трансферттер ауылдық округ бюджетінің шығыстар базасына қосылғаны ескерілді.
2024-2026 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті шығындары функционалдық топтары бойынша төмендегідей:
«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобы бойынша:
124 001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
2024 жылға – 41 904 мың теңге;
2025 жылға – 44 296 мың теңге;
2026 жылға – 44 296 мың теңге.
Осы шығындар аппарат қызметкерлерін ұстауға, коммуналдық, іс-сапар және байланыс шығындарын өтеуге бағытталады, сонымен қатар, республикалық бюджеттен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, ұйымдар жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалақысын арттыруға 27 мың теңге қаржы қаралғандығы ескерілді.
124 022 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
2024 жылға – 13 000 мың теңге;
Бұл шығын аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферт есебінен ауылдық округ әкімшілігінің ғимаратын сатып алуға 13 000 мың теңге қаралған.
«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобы бойынша:
124 006 «Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
2024 жылға – 37 948 мың теңге;
2025 жылға – 43 072 мың теңге;
2026 жылға – 43 072 мың теңге.
Бұл шығындар жергілікті деңгейдегі мәдени көпшілік шараларды ұйымдастыру және өткізуге, халық арасынан талантты және дарынды өнерпаздардың шығармашылығын дамытуға ықпал етуге, қалалық мәдениет үйлері мен елді мекендердегі клубтық мекемелерде мәдени іс-шараларды өткізуге және республикалық бюджеттен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, ұйымдар жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын арттыруға125 мың теңге қаралғандығы ескерілді.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобы бойынша:
124 008 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
2024 жылға – 1 421 мың теңге;
2025 жылға – 1 471 мың теңге;
2026 жылға – 1 471 мың теңге.
Бұл шығындар елді мекендерді жарықтандыру жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталады.
124 009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
2024 жылға – 478 мың теңге;
2025 жылға – 495 мың теңге;
2026 жылға – 495 мың теңге.
Аталған шығындар елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге қаралған.
Шығындардың қалған бөлігі ҚР Бюджет кодексіне сәйкес бюджет құрылымы негізінде әзірленді.