- Қамыстыбас ауылдық округіне Қамыстыбас ауылы, Санияз және Сорбеткей елді мекендері қарайды. XIX ғасырдыңбас кезінде Хиуа хандығының жаугершілігіне қарсы Сыр бойы қазақтарының ұйымдастырушысы Жанқожа батырдың сарбаздарына қару-жарақ соғушы темір ұсталарының мекені болған. 1904 жылға дейінгі атауы – Темірші. Теміршіден дайындалған қару-жарақтарды Хиуа хандығына ғана емес, орыс отаршылдарына да қарсы сілтеген. Орыс отаршылдары 1904-1905 жылдары Орынбор-Ташкент темір жолының ашылуына байланысты іргелес Қамыстыбас көлінің жағалауындағы Қамыстыбас қонысының атауымен атаған.
- Қамыстыбас ауылы 1918 жылықұрылған.
- Жер көлемі 6 029 га, аудан орталығы - Аралқаласынан оңтүстікке қарай 90 км, Қамыстыбас көлінен шығыс қарай 2 км жерде орналасқан.
- Халық саны – 2001; үй саны - 410.
- Негізгі шаруашылық бағыттары: мал және балық шаруашылығы.
- Қамыстыбас ауылында мектеп жасындағы балаларды толықтай сапалы біліммен қамтитын 250 орындық №21 орта мектеп, мектепке дейінгі 130 орындық типтік жобадағы жеке «Жансая» бөбекжай-балабақша қызмет көрсетеді. Ауылда мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға арналған ауылдық клуб пен жергілікті тұрғындарға қызмет көрсететін ауылдық клуб ішінен кітапхана жұмыс істейді. Тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мақсатында елді мекенде дәрігерлік амбулатория қызмет жасайды. Төтенше және күрделі жағдайларда науқастар 90 шақырым жердегі Арал аудандық ауруханасына жеткізіледі. Сондай-ақ, ауылды темір жол екіге бөліп, облыс орталығына қатынауда жеңілдетуде. Балалардың бос уақытын үнемдеу үшін «Дене шынықтыру- сауықтыру кешені» жұмыс жасаса, жазды күндері "Қамбаш" олимпиадалар және қосымша білім беру орталығы" өз жұмысын жалғастыруда. Сонымен қатар, ауылда «Арал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мен өрттің алдын алуға «Өрт сөндіру» пункті де қамтылған.
- Сумен жабдықтау жүйесі Орталықтандырылған ауыз су: Қамыстыбас ауылымен Сорбеткей елді мекені толықтай орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Тұрғындар таза ауыз суды арнайы су тарату тораптары мен үйге тартылған құбырлар арқылы тұтынады.
2025 жылдың желтоқсан айында ауылда автоматтандырылған газ тарату стансасы іске қосылып, көгілдір отын пайдалануға берілді.
Округ аудандық және облыстық орталықтандырылған жоғары вольтты электр желілеріне қосылған.
Көшелерді жарықтандыру: ауылда 4 көше заманауи жарықдиодты (LED) шамдармен жарықтандырылған.
Жол-көлік инфрақұрылымы: Сыртқы байланыс жолы: Арал қаласымен қатынас
М-32 (Самара-Шымкент) тас жолы арқылы қатынайды. Толықтай асфальтталған. Ішкі жолдар: Елді мекен ішіндегі орталық көшелер толықтай асфальталған.
- Байланыс және телекоммуникация желілері.
Ұялы байланыс мұнаралары: Ауылда оператордың (Activ, Beeline, Tele2, Altel) базалық станциялары орнатылған, бұл тұрғындардың 4G мобильді интернетін пайдалануына мүмкіндік береді. Қазақтелеком жен Транстелеком байланыс жүйесімен қамтамасыз етілген.
«Қамыстыбас ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми байланыс мәліметтері:
Мекенжайы: 120112, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қамыстыбас ауылдық округі, Қамыстыбас ауылы.
Байланыс телефоны: +7 (72433) 2-92-74.
Ресми электрондық поштасы (E-mail): a.balmyrzaeva@korda.gov.kz