Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен аудандық полиция бөлімінде орын алған кадрлық өзгерістерге байланысты жиын өтті.
Актив жиынында аудан әкімі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес Құдайберген Бектөре Қасқырбайұлы Арал аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары қызметінен босатылып, Арал аудандық полиция бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалғанын айтып, Бектөре Қасқырбайұлының жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Жаңа басшыны аудан активіне таныстыру мақсатында облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрсұлтан Әлтай арнайы іссапармен келіп, жаңа басшының қызметіне қатысты және алдағы мақсат-міндеттері жайлы айтып, аудан активіне ресми таныстырды.
Жиын барысында аудан әкімі жаңадан тағайындалған полиция бөлімінің басшысына бірқатар міндеттер жүктеді. Аманжол Сақыпұлы Мемлекет басшысының құқық қорғау органдары алдындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу және азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттерге ерекше тоқталды.
Сондай-ақ, ауданда алаяқтық, интернет-алаяқтық, мал ұрлығы және бөтеннің мүлкін ұрлау деректерінің алдын алу, қоғамдық тәртіпті күшейту, бірлескен рейдтік іс-шараларды жүйелі жүргізу мен республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігі айтылды.
Актив отырысында аудандағы кадрлық өзгерістерге байланысты ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері өздерінің ізгі лебіздерін білдіріп, басшылық қызметке тағайындалған Бектөре Қасқырбайұлына сәттілік тіледі.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы сала басшылары және ардагерлерімен бірге облыс әкімдігінің қолдауымен Арал аудандық полиция бөліміне берілген 7 жаңа қызметтік автокөліктермен танысты.
Аудан басшысы бұл – полиция қызметкерлерінің материалдық-техникалық әлеуетін нығайтуға бағытталған маңызды қолдау екені жеткізіп, жаңа көлікпен жасақталған бөлімнің жұмысына сәттілік тіледі.
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Оған аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев төрағалық етіп, жиынның маңыздылығын атап өтті.
Жиынның күн тәртібінде аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарған жұмыстары қаралып, жан-жақты талқыланды.
Талқыланған мәселелер бойынша аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ж.Данабеков, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Құдайберген және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғ.Тоғысова баяндама жасады.
Аудан әкімі жиын барысында мемлекеттік сатып алу саласындағы заң талаптарының сақталуы, бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуы, азаматтарды жеке қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру, құрылыс нысандарының сапасын бақылау, қаржылық тәртіп пен ішкі бақылауды күшейту мәселелеріне кеңінен тоқталды.
Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы бөлім басшыларына анықталған кемшіліктерді жою, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтегі жауапкершілікті арттыру бағытында нақты тапсырмалар берді.
Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен аудан аумағында пайдалануға берілген құрылыс нысандарын заңнама талаптарына сәйкес құжаттандыру және тиісті мекемелердің теңгеріміне беру мәселелеріне арналған мәжіліс өтті.
Жиында құрылыс нысандарын құжаттандыру, мемлекеттік тіркеу рәсімдерін аяқтау, оларды пайдаланушы мекемелердің теңгеріміне қабылдау бағытындағы жұмыстар бойынша аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ж.Данабеков баяндама жасады.
Атап айтқанда, Тоқабай елді мекеніндегі №248 орта мектептің, аудандық көпбейінді орталық ауруханасының жапсаржайы мен жұқпалы аурулар бөлімшесінің, сондай-ақ жаңадан пайдалануға берілген білім беру нысандарының құжаттарын рәсімдеу және теңгерімге қабылдау мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, аудан аумағындағы ауыз су, электр және газ инфрақұрылымы нысандарын теңгерімге өткізу жұмыстарының баяу жүргізіліп отырғаны айтылып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Мәжілісте Арал қаласындағы автомобиль жолдарын, кіреберіс арка мен түнгі жарық шамдарын теңгерімге өткізу, сондай-ақ биыл пайдалануға берілген әлеуметтік нысандардың құжаттарын жедел рәсімдеу мәселелері де көтерілді.
Жиын қорытындысында аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы барлық жауапты мекемелерге құрылыс нысандарын құжаттандыру және теңгерімге беру жұмыстарын жеделдетіп, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мәселелеріне байланысты мәжіліс өтті.
Жиында өңірдегі эпидемиологиялық ахуал, аурудың алдын алу шаралары, кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын ұйымдастыру және жауапты мекемелердің өзара іс-қимылын күшейту мәселелері қаралды.
Мәжіліс барысында көктемгі залалсыздандыру жұмыстарының нәтижелері мен кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жайында аудан әкімінің орынбасары Шерхан Есжанов хабарлама жасады.
Аудан басшысы мәселені назарға алып, сапалы әрі тиімді жұмыстар жүргізу бойынша жауаптыларға бірқатар тапсырмалар берілді. Бұған дейін кеткен кемшіліктер жиын барысында назарға алынып, бақылауды назардан тыс қалдырған ауылдық округ әкімдерінің жұмысы қатаң сынға алынды.
Сонымен қатар, қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне бөлінген қаражатты мақсатты пайдалану, қора-жайлардың санитариялық жағдайын қамтамасыз ету және атқарылатын жұмыстардың сапасына қатаң бақылау жасау міндеттелді.
Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы жиын барысында шаруа қожалықтарында кенеге қарсы профилактикалық шараларды үздіксіз жүргізу, малдарды арнайы препараттармен өңдеу және ветеринариялық іс-шараларды күшейту қажеттігін атап өтті.
Аудан басшысы жауапты сала басшыларына және ауылдық округ әкімдеріне Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі ұйымдастырып, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Ақордада Қазақстан Президентіне екі мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.
🟦Сенім грамоталарын Грек Республикасының елшісі Антониа Кацуру мен Португалия Республикасының елшісі Жозе де Каштру Атаиде Амарал тапсырды.
🟦Мемлекет басшысы Қазақстан бейбіт сыртқы саясат жүргізетінін атап өтті.
🟦Президенттің айтуынша, қазір әлемде орын алған барлық проблема тек бейбіт жолмен, яғни дипломатиялық арналар мен құралдар арқылы шешілуге тиіс.
🟦Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия және Португалия елдерінің басшылары мен премьер-министрлеріне ыстық ықыласын жолдап, оларды Астанаға сапармен келуге шақырды.
🟦Іс-шара соңында Мемлекет басшысы елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігі оларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін растады.
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев грек-рим күресінен Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалимен,жеке бапкері Ғабиден Райымбекпен кездесті.
Әлем чемпионын жарқын жеңісімен құттықтау үшін басқосуға облыстың зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, спорт саласының ардагерлері, жаттықтырушылар мен жергілікті спортшылар қатысты.
Аймақ басшысы бұл жеңіс Сыр өңірінің ғана емес, Қазақ елінің мәртебесін арттырғанын айтты.
«Бүгін – біздің өңіріміз үшін ерекше қуанышты күн.Спорт әлеміндегі биік белесті бағындырып, Тәуелсіз Қазақстанымыздың атын төрткүл дүниеге танытқан жерлесіміз, мақтанышымыз Айдос Сұлтанғалиұлын грек-рим күресінен Әлем чемпионы атануымен құттықтау үшін арнайы бас қостық.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Спортшыларымыздың ерлігі – ел рухын көтеретін, ұлт бірлігін нығайтатын маңызды фактор», – деп ерекше атап өткен болатын.
Айдос Сұлтанғалиұлы жақында Хорватия астанасы Загреб қаласында өткен ересектер арасындағы грек-рим күресінен Әлем чемпионатында араға 26 жыл салып, қазақ спорты тарихындағы теңдессіз жетістікке қол жеткізді. Осы тарихи жеңіс барша Қазақ елінің, Сыр жұртшылығының мерейін үстем етті.
Грек-рим күресінен Әлем чемпионатының алтын медалін елімізге соңғы рет 1999 жылы Грекияның Афины қаласында өткен дүбірлі додада Мхитар Манукян (63 кг) алып келген болатын.Араға ширек ғасыр салып, жерлесіміз Айдос Сұлтанғали әлемдік аренада топ жарды.
Чемпионымызды Мемлекет басшымыз арнайы құттықтап «Айдос – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз»,– деп жоғары бағалады.
Бұл жеңіс – жас балуандарымызға үлгі-өнеге, еліміздің спортына серпін беретін жоғары жетістік.
Айдос бауырымыздың жеңісіне бапкері Ғабиден Райымбекұлының сіңірген еңбегі зор. Ол тек спортшыны емес, нағыз батыр азаматты тәрбиелеп шығарды. Шәкіртінің әрбір жеңісі бапкерінің маңдай терінің жемісі деп санаймыз. Қос батырымызға қандай құрмет көрсетсек те лайықты.
Айдосқа бұған дейін де мемлекет, облыс тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Өткен жылы еліміздің, өңіріміздің жанашыр азаматы Бақдәулет Еркінбекұлының демеушілігімен автокөлік табысталған. Бұдан бөлек, ай сайын 1 млн. теңге мемлекеттік стипендия беріледі. Бұл қолдау әрі қарай жалғасады.
Біз батырымызды әрдайым бабында болуы үшін қолдап, қорғауымыз керек. Алдағы Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырынан көрінуіне жан-жақты жағдай жасаймыз.
Бүгінгі мерейлі сәтте барша Сыр жұртшылығының атынан Айдос бауырымызға жаңа автокөлік пен пәтер кілттерін, бапкері Ғабиденге де жаңа пәтер беру туралы шешім қабылдадық.
Батырларымызға сый-сыяпаттарымызды табыстауға рұқсат етіңіздер», – деді Н.Нәлібаев.
Жиында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жұмағали Киікбаев сөз сөйлеп, құттықтау лебіздерін жеткізді.
Басқосуда сөз алған грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері Ғабиден Райымбек, грек-рим күресінен спорт шебері, Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасының мүшесі, республикалық, халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиұлы көрсетілген құрметке алғыс білдірді.
Еске салайық, өңірде спорт саласын дамыту бағытында ауқымды жобалар қолға алынып, жүйелі жұмыс атқарылды. Өңірімізде соңғы 3 жылда 20 спорт кешені пайдалануға берілді, биыл тағы 6 нысан ел игілігіне табысталады.
Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев жұмыс сапарымен Ақбай ауылына барып, ауылдық округ көлемінде атқарылып жатқан бірқатар жұмыстармен танысты.
Алдымен ауыл ішінен салынып жатқан мешіт үйінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Осыдан 4-5 жыл бұрын ауыл азаматтарының қолдауымен бастау алған құлшылық үйі кейінгі уақыттары түрлі себептермен аяқталмай қалған. Бүгінде осы ғимаратты толық бітіріп, ел игілігіне пайдалануға беруге кәсіпкер, облыстық мәслихат депутаты М.Жұмашев демеушілік жасауда. Оған қоса мешіт ауласынан ауыл тұрғындарына арнап арнайы асхана ғимаратын да салуға қолдау көрсетуде. Қазіргі таңда ғимараттың құрылыс жұмыстары аяқталған. Қосымша асхана ғимаратының құрылысы жүруде.
Аудан әкімі елдегі игілікті іске куә болып, ғимараттың дінге қызмет етер руханият ордасына айнала беруіне тілектестік білдірді.
Сондай-ақ мешіт ауласында ауыл ардагерлерімен тілдесіп, тұрғындар тарапынан айтылған бірқатар сауалдарға назар аударды. Елдегі өзекті деген мәселелер ұдайы назарда болатынын айтып, алдағы уақытта шешуге жұмыс жасалатындығын жеткізді.
Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы мұнан соң Ақирек тауының басында жатқан Арастан баб зиратына барып, баба басын абаттандырып, келушілерге қолайлы жағдай жасау бағытында қолға алынып жатқан бірқатар жұмыстармен танысты.
Жаһанда жеті жерде жайы қалған Арыстан бабтың бір ізі Арал ауданына қарасты Ақирек тауының басында екенін бірі білсе, бірі білмес. Бабамыздың есімін келешек ұрпақтың жадында мәңгі жаңғырту мақсатында Ақирек ауылдық округіндегі «Арыстан баб» кесенесіне жаңадан тілеухана, асхана, автотұрақ және қонақ үй ғимаратын салып, заманауи абаттандыру ісі қолға алынуда. Бұл бағытта «Ақиректе Арыстан баб» қоғамдық қоры құрылғаны да белгілі. Бүгінде киелі мекеннің басындағы кешенді жұмыстар басталып кетті. Қазіргі таңда тау басындағы мазарат орналасқан барлық аумақ түгелдей қоршалып, баба басына баратын жаяу жүргіншілер жолы салынғалы жатыр. Жергілікті кәсіпкер Мейрамбек Тоғысұлының демеушілігімен зират басынға электр жарығы тартылуда.
Аудан әкімі осы сынды жұмыстарға куә болып, алда істелетін біршама жұмыстардың жай-жапсарымен танысты. Баба рухына Құран бағыштап, игілікті істің сәтімен жүзеге асуына әркез қолдау болатындығын жеткізді.