«Бөген ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2023 жыл бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау туралы анықтама
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 5-тармағында мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайтындығы көрсетілген. Заңның осы талабын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары бекітілді.Қағиданың 3-тармағында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің басшысының, ол болмаған жағдайда оның міндеттерін атқарушының немесе оның лауазымын алмастырушының шешімі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу негіздемесі болып табылады.Аталған Заңның және Қағида талаптарын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне Бөген ауылдық округінің әкімі бекіткен ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс жоспарына сай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жүргізуге жауапты маманды бекіту туралы» округ әкімінің 2020 жылғы 22 шілдедегі № 61 өкімімен бекітілген жауапты тұлғамен «Бөген ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүргізілді.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында – персоналды басқару қызметі бөлімінің қызметтерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау - ақпаратты жинақтау, талдау және қорытындылау, сонымен қатар, құқықтық актілер мен ішкі құжаттар, статистикалық есептер, мемлекеттік органдармен бұрын жүргізілген тексеру нәтижелері, құқықтық статистикадан алынған, БАҚ құралдарында жарияланған, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және өзге де заңмен шектелмеген ақпараттарды жинақтап, талдау және бағалау жасау жолымен жүргізілді.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу методологиясы заңдылық, жан-жақтылық және кінәсіздік презумпциясы қағидаттарына негізделе отырып жасалған.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың практикалық құндылығы – сыбайлас жемқорлық сипатындағы тәуекелдер бойынша ұйымдастырушылық және құқықтық іс-шаралар қабылдау арқылы аталған кемшіліктерді жоюға мүмкіндік туғызады.«Бөген ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінiң талдау объектісінің қызметіне, оның ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы тұрғысынан талдау жасау және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мәселелері толық талданды.
Нәтижесімен, жауапты тұлғамен жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау және анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша «Бөген ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бірқатар нақты іс-шараларды атқару ұсынылды. Орындалуы бойынша жоспар бекітіліп, қатаң бақылауға алынған.