GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Қызметі
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Все материалы
19 октября 2026
Қызылорда облысында Республика күніне орай республикалық Republic Day және Bereke Fest акциялары өтеді

Қызылорда облысында Республика күніне орай республикалық Republic Day және Bereke Fest акциялары өтеді.

Республика күні қарсаңында Қызылорда облысында 2026 жылғы
17 қазаннан 27 қазанға дейін қоса алғанда «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтеді. Бұл күні тұтынушыларға түрлі тауарлардың кең таңдауы төмендетілген бағамен ұсынылатын болады.
Мерекелік ұсыныстардың ең қызу кезеңі 21–27 қазан аралығына жоспарланған. Дәл осы күндері акциялардың негізгі бөлігі, арнайы бағалық ұсыныстар мен мерекелік жеңілдіктер болады. Сатып алушылар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды тиімді шарттармен сатып ала алады.
Жалпыреспубликалық науқанның бастамашылары - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар.
Акцияларды өткізу ұлттық мерекеге орайластырылған және халық үшін қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыруға, тұтынушылық сұранысты қолдауға әрі ішкі саудаға қосымша серпін беруге бағытталған. Отандық өндірушілердің өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.
Қызылорда облысында «Republic Day» және «Bereke Fest» акцияларына қатысатын сауда нысандарының толық тізімімен және олардың мекенжайларымен төменде танысуға болады.

«Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акцияларына қатысатын сауда нысандарының тізімі

«Republic Day» республикалық акциясы

1. «Aray city mall» СОС - Қызылорда қ., Н. Назарбаев даңғылы, № 13 А.
2. «Жібек жолы» СОС - Қызылорда қ., Жанқожа батыр көшесі, № 1.
3. «Байұзақ Плаза» СО - Қызылорда қ., Т. Рысқұлов көшесі, № 16.
4. «Ағжан» СҮ- Қызылорда қ., А. Тоқмағамбетов көшесі, № 16.
5. «Aizada Plaza» СҮ- Қызылорда қ., Қазыбек би көшесі, № 25.
6. «ADS Plaza» СҮ- Қызылорда қ., Қорқыт Ата көшесі, № 12.
7. «Отырар» СҮ- Қызылорда қ., Әйтеке би көшесі, № 1.
8. «Айтбек» СҮ- Қызылорда қ., И. Тоқтыбаев көшесі, № 7.
9. «Modnica» СҮ- Қызылорда қ., М. Әуезов көшесі, №1.
10. «Luxury mall» СҮ- Қызылорда қ., А. Байтұрсынов көшесі, № 46.
11. «Модный рай» СҮ- Қызылорда қ., М. Шоқай көшесі, № 42.
12. «Фристайл» СҮ- Қызылорда қ., М. Шоқай көшесі, № 21.
13. «Дәстүр» СҮ- Қызылорда қ., Жүнисова көшесі, №6.
14. «Ақтілек» СҮ - Тереңөзек кенті, Қ. Бөдеев көшесі, № 13.
15. «Айнұр» СҮ - Тереңөзек кенті, Қ. Бөдеев көшесі, № 23/а.
16. «Қарабура» СҮ - Жаңақорған ауданы, С. Сапарбеков көшесі № 108.
17. «Береке» СҮ - Жаңақорған ауданы, М. Кекенов көшесі, № 71.
18. «MARLEN» СҮ - Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Әйтеке би көшесі №82.
19. «Адина» СҮ - Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Сексенбаев көшесі н/з.
20. «Ботакөз» СҮ - Жосалы кенті, Амангелді көшесі н/з.
21. «Планета» СҮ - Шиелі ауданы, А. Байтұрсынов көшесі н/з.
22. «Bereke mega» СҮ - Шиелі ауданы, Абылай хан көшесі № 2.
23. «Аминок» СҮ - Жалағаш ауданы, Абай көшесі 41.

«Bereke Fest» республикалық акциясы

1. «Magnum» СЖ - Қызылорда қ., Н. Назарбаев даңғылы, № 13 А.
2. «Small» СЖ - Қызылорда қ., Н. Назарбаев даңғылы, № 20.
3. «Қызылорда оптомаркет» СЖ - Қызылорда қ., Ғ. Мүсірепов көшесі, № 21.
4. «Радуга» сауда желісі СЖ - Қызылорда қ., Қазыбек би көшесі, № 25.
5. «Анвар» СЖ - Қызылорда қ., Қ. Яссауи көшесі, № 23.
6. «Azhar city» СЖ - Қызылорда қ., Қараманов көшесі, № 96.
7. «Сымбат» СЖ - Арал ауданы, Бақтыбай батыр көшесі № 45.
8. «Green» СЖ - Арал ауданы, Әбілқайыр хан көшесі № 35.

19 октября 2026
СЫРДАН САЗДЫ СӘЛЕМ: ҚАЗАҚ ӨНЕРІ БЕРЛИН ТӨРІНДЕ
СЫРДАН САЗДЫ СӘЛЕМ: ҚАЗАҚ ӨНЕРІ БЕРЛИН ТӨРІНДЕ
 
Бүгін Германия астанасы Берлин қаласында Республика күніне орай Сыр елінің өнер шеберлері мерекелік концерт қойды. Оған Қазақстанның Германиядағы елшісі Нұрлан Онжанов, елшіліктің, қазақ диаспорасының өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері, сондай-ақ Берлинде тұратын отандастарымыз бен жергілікті мәдениет жанашырлары қатысты.
Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған мәдени шараның мақсаты – қазақ халқының бай рухани мұрасын, ұлттық өнері мен мәдени құндылықтарын халықаралық деңгейде таныстырып, Сыр өңірінің өнерін шетелдік көрерменге насихаттау.
Шығармашылық делегация Берлин төрінде ұлттық өнерімізді ұлықтап, қазақ мәдениетінің байлығы мен өзіндік болмысын танытты. Концертте «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі, Мәдениет саласының үздіктері Серік Жақсығұлов, Марат Сүгірбай, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Айдос Шадаев, Гүлназ Нағашыбай, Ринат Үсенов, Аружан Төреғали және Рано Сабанкулова өнер көрсетті. Ал «Томирис» би ансамблі ұлттық хореографияның озық үлгілерін ұсынып, кештің көркін аша түсті.
Концерт шымылдығы қазақ халқының рухани мұрасының символына айналған Қорқыттың күйімен ашылды. Кеш бағдарламасына жыраулық өнердің жауһарлары, халық әндері, ән-айтыс үлгілері мен патриоттық әндер арқау болды. Ұлттық өнердің сан қырын танытқан мазмұнды бағдарлама халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан өнер сабақтастығын айшықтады.
Мәдени шара аясында қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылып, халқымыздың қонақжай дәстүрі мен дастархан мәдениеті де таныстырылды. Бұл келушілердің қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарына деген қызығушылығын арттыра түсті.
Сыр өнерпаздарының сапары – ұлттық мәдениетімізді халықаралық кеңістікте дәріптеуге, шығармашылық байланыстарды нығайтуға және Қазақстанның мәдени әлеуетін танытуға бағытталған маңызды қадам. Қазақтың әні мен күйін шетел төрінде әуелеткен өнер иелері Сыр елінің рухани байлығын паш етіп, ұлттық өнеріміздің өміршеңдігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Өнерпаздар берлиндік көрерменнің ыстық ықыласы мен зор қошеметіне бөленді.
@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
19 октября 2026
АУДАН ӘКІМІ VIII ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
АУДАН ӘКІМІ VIII ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
 
Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев VIII шақырылымдағы Арал аудандық мәслихатының депутаттарымен кездесті. Басқосуға ауданның зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, қоғам қайраткерлері қатысты.
Кездесу барысында еліміздегі саяси жаңғыру үдерісі, жергілікті өкілді органдардың қызметі және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелер сөз болды.
Бүгінде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар аясында жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіруге ерекше мән беріліп келеді. Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамалар мен конституциялық өзгерістер елдің қоғамдық-саяси өміріне жаңа серпін беріп, өкілді органдардың жауапкершілігі мен рөлін айқындай түсті.
Осы ретте барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қабылданған шешім мен алдағы сайлау науқаны жергілікті өкілді органдар қызметінің жаңа кезеңіне жол ашып отыр.
Кездесуде аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы VIII шақырылым депутаттарымен бірлесіп ауданда атқарған жұмыстарға тоқталып, олардың ауданның өркендеуіне қосқан үлесін атап өтті.
Жиын барысында ауданның дамуына үлес қосқан VIII шақырылым депутаттарына құрмет көрсетіліп, облыс әкімінің алғыс хаты табыстады.
Кездесуде Арал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Арал ауданының Құрметті азаматы, ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегері Ә.Әйімбетов, 2016 - 2021 жылдары аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымының хатшысы қызметін абыроймен атқарған, Арал ауданының Құрметті азаматы Д.Мадинов сөз сөйлеп, мәслихат депутаттарының қызметіне қатысты пікірлерін ортаға салды.
Мұнан соң жетінші, сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың төрағасы Б.Төреахметов сөз алып, мәслихат қабырғасында атқарылған жұмыстарды саралап, осы кезге дейін бірлесіп жұмыс атқарған аудан активіне ризашылығын жеткізді.
Айта кетейік, депутаттар мәслихат қабырғасында 2023 жылдан бері 54 аудандық мәслихат сессиясын өткізіп, 400-ге жуық мәселе қарады. Аудандық мәслихаттың сессияларында аудан үшін өзекті деген тақырыптар күн тәртібіне шығарылып, ұсыныс-пікірлер талқыға салынды.
Ауданы әкімінің баспасөз қызметі
19 октября 2026
АРАЛДЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ!
АРАЛДЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ!
 
19 қазан – Құтқарушылар күні кәсіби мерекесі қарсаңында Қызылорда қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша облыстық жарыс өтті.
Аталған сайыста Арал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жоғары дайындық пен кәсіби шеберліктің үлгісін көрсетіп, жүлделі І орынды иеленді.
Бұл жеңіс құтқарушылардың күнделікті қызметтегі шыңдалған шеберлігінің, табандылығының, ұйымшылдығы мен командалық бірлігінің айқын көрінісі. Өрт сөндіру-құтқару спорты күш-қуатты ғана емес, шапшаңдықты, ептілікті, төзімділік пен әр секундтың қадірін білуді талап етеді. Осы қасиеттерді бойына жинаған аралдық құтқарушылар облыстық деңгейде үздік нәтиже көрсетіп, аудан мерейін үстем етті.
Құтқарушы қай кезде де адам өмірі мен қауіпсіздігін бәрінен жоғары қоятын, қиын сәтте көмекке келуге дайын тұратын батылдық пен жауапкершіліктің иесі. Олардың күнделікті қызметі ерлікке, төзім мен табандылыққа негізделген. Сондықтан ел тыныштығы мен тұрғындар қауіпсіздігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегі әрдайым құрметке лайық.
Осы орайда, Арал ауданының абыройын асқақтатып, облыстық жарыста жеңіс тұғырынан көрінген өрт сөндіруші-құтқарушыларды шын жүректен құттықтаймыз!
19 октября 2026
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ
 
Қаладағы руханият орталығында аудан әкімінің орынбасары Шерхан Есжановтың қатысуымен бизнес өкілдерімен кездесу өтті.
Басқосуға облыстық басқармалар мен қаржы ұйымдарының, кәсіпкерлікті қолдау мекемелерінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау бағдарламалары, жеңілдетілген несие алу, қаржыландыру және лизинг мүмкіндіктері бойынша арнайы келген мамандар тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жеке қабылдау форматында өткен жиында аудан кәсіпкерлері мен кәсібін жаңадан бастауды жоспарлаған азаматтар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.
Айта кетейік, жыл басынан бері Арал ауданында жалпы құны 1,7 млрд теңгені құрайтын 105 жобаға қаржылай қолдау көрсетілген. Бұл кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және аудан экономикасын нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
19 октября 2026
СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Тазалық – әрбір елді мекеннің көркі мен тұрғындардың ортақ жауапкершілігі. Осы мақсатта ауыл аумағында кезекті сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, санитарлық тазалық пен абаттандыру шаралары жүргізілді.
Сенбілік барысында көше бойлары мен қоғамдық орындар тазартылып, қоқыстар жиналды, аумақтардың көркейтілуіне бағытталған жұмыстар атқарылды.
Таза әрі көрікті ауыл қалыптастыруға атсалысқан барлық азаматтарға алғыс білдіреміз. Ортақ үйіміздің тазалығын сақтау – әрқайсымыздың міндетіміз.
15 июня 2026
Ерлік жолы – Жанқожа батыр
Ерлік жолы – Жанқожа батыр
 
”Адал адам” мәдени тәрбие орталығының “Арт уақыт” жобасы аясында «Ерлік жолы – Жанқожа батыр» тақырыптық кеші өткізілді.
Мақсаты: Жанқожа батырдың ерлігін, отансүйгіштігін жас ұрпаққа жеткізу. Тарихымызды біліп, батыи бабалардың рухына тағзым ету.
1856-1857 жылдары Сырдария бойында Ресей отаршылдығына қарсы көтерілген ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі Жанқожа Нұрмұхаммедұлының тарихи ерлігін насихаттауға арналған.
Бұл шара – өткенді ұмытпай, батыр бабалардың ел үшін төккен қанын, төзімін, күресін бүгінгі ұрпаққа жеткізу мақсатында өткізілген танымдық шара. XIX ғасырдың ортасында Сырдария өңіріндегі қазақтардың жері тартып алынып, салық ауыртпалығы күшейгені, халықтың наразылығының Қыпшақ руының Көтібар бөлімінен шыққан Жанқожаның әділдігі, батырлығы, ел арасындағы беделі, көсемдік қасиеті туралы айтылды. 1856 жылы Қазалы бекінісіне жасалған шабуыл, көтерілістің Сырдарияның төменгі ағысындағы барлық руларды қамтуы, бір жылға жуық созылған күрес туралы деректер беріледі. Көтеріліс әскери күшпен басылғанымен, ол қазақ халқының ұлттық санасының оянуына, отаршылдыққа қарсы күрестің басталуына түрткі болғаны түсіндіріледі.
Тағылым. Батырлардың «ел үшін, жер үшін» күресі бүгінгі ұрпаққа отансүйгіштіктің, бірліктің, әділдіктің үлгісі.
Тарихты ұмытпайық. Батырлар жолы – бізге өнеге!
15 июня 2026
ҚАМЫСТЫБАС АУЫЛЫНДА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ
ҚАМЫСТЫБАС АУЫЛЫНДА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ
Бүгін Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген ҚР Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов «Ауыл құтқарушылары» республикалық бағдарламасы аясында ауданға қарасты Қамыстыбас ауылдық округінде салынған өрт сөндіру пунктінің ашылу рәсіміне қатысты.
«Ауыл құтқарушылары» республикалық бағдарламасының мақсаты – өртке қарсы қызметі жоқ шалғай елді мекендерде жедел және тиімді көмек жүйесін құру. Табиғи жағдайлар мен қашықтықты ескере отырып, тұрғындардың қауіпсіздігіне уақытылы ден қою өте маңызды. Бүгінде осы бағдарлама шеңберінде аймақта 35 бекет салынған.
Рәсімде Шыңғыс Әрінов сөз сөйлеп, елімізде азаматтық қорғау саласының маңыздылығын атап өтті. «Ауыл құтқарушылары» республикалық бағдарламасы аясында республика бойынша 6 мыңнан аса өрт сөндіру бекеті салыну керек болса бүгін Қамыстыбас ауылында ашылған бекет 190-ыншысы екенін жеткізді. Өңірлерде өрт қауіпсіздігінің жедел алдын алу, азаматтардың қауіпсыз өмір сүруіне айтарлықтай септігін тигізетін бұл бекеттің ауданның Сыр беткейіндегі өзге ауылдарға да көмегі тиетінін жеткізді.
Мұнан соң облыс әкімінің орынбасары төтенше жағдайлардың алдын алудағы, тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өрт сөндіру бекеттерінің маңыздылығына тоқталды.
«Сыр өңірінде Президентіміздің, Үкіметтің тапсырмасымен азаматтық қорғау саласын жетілдіруге, төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын күшейтуге, материалдық-техникалық базасы мен кадрлық әлеуетін арттыруға айрықша басымдық берілуде. Бүгін міне, Аралдың Қамыстыбас ауылында өрт сөндіру пунктті ашылуда.
Жалпы төтенше жағдайдың алдын алып, адам өмірін құтқару – жоғары әрі жауапты миссия. Елдің амандығы, қоғамның тыныштығы үшін өз өмірін қатерге тігу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Осы салада аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлерге барша Сыр жұртшылығының атынан зор алғысымды білдіремін! Бүгінгі жаңадан табыстағалы тұрған заманауи техника ел игілігіне қызмет ете берсін», – деді Бахыт Дүйсенұлы.
Салтанатты рәсімде өрт сөндіру бекетін ашуға атсалысқандар мен азаматтық қорғау саласында қажырлы еңбек еткен қызметкерлер облыс әкімінің Алғыс хатымен және Төтенше жағдайлар министрлігінің наградаларымен марапатталды.
Мұнан соң Қамыстыбас ауылдық округінің тұрғыны, тыл ардагері С.Садақбаев елге қызмет етіп жатқан азаматтарға батасын беріп, жаңадан ашылып жатқан өрт сөндіру бекетінің жұмысына сәттілік тіледі.
Ауданға келген ҚР Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Сайранұлы Қамбаш көлі жағасындағы "Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі жедел-құтқару жасағы Қамыстыбас құтқару бөлімшесінің жұмысымен де танысты.
Қазіргі таңда бөлімшеде 14 қызметкер көл жағасында тынығушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, суға шомылу маусымындағы өздеріне жүктелген міндетті мүлтіксіз атқарып келеді. Мекеме 2 техника, 5 жүзу құралымен қамтамасыз етілген.
ҚР Төтенше жағдайлар министрі Ш.Әрінов азаматтық қорғау саласының қызметкерлері ең алдымен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керектігін алға тартып, бұл үшін елімізде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен барлық жағдай жасалып жатқанын жеткізді.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
15 июня 2026
ЖЕРГІЛІКТІ КОМАНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
ЖЕРГІЛІКТІ КОМАНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
Сол жағалаудағы «Қайсар Арена» стадионында жергілікті «Қайсар» мен Ақтау қаласының «Каспий» футбол командалары арасында Қазақстан Премьер-лигасының 13-ші туры аясында кезекті матч өтті.
Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов барып, жергілікті командаға қолдау білдірді.
Тартысты кездесудің алғашқы таймында «Қайсар» сапындағы Нұрдаулет Ағзамбаев пен Имо Эзикель қарсылас қақпасына гол соғып, команданы алға шығарды. Осылайша жергілікті команда 2:1 есебінде жеңіске жетті.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
15 июня 2026
ТҮНГІ РЕЙД ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА
ТҮНГІ РЕЙД ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА
 
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кезекті түнгі рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.
Мұндай профилактикалық жұмыстар түнгі уақытта беймезгіл жүрістің алдын алып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы