Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №324 «2025-2027 жылдарға арналған Беларан ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«2025-2027 жылдарға арналған Беларан ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы     № 342  шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімінің жобасына

түсіндірме жазба

Қазақстан  Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет Кодексінің  96 бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, «2025-2027 жылдарға арналған Беларан ауылдық округінің бюджет туралы» Арал аудандық мәслихатының 2024 жылғы  27 желтоқсандағы № 342 шешіміне өзгерістер енгізу жоспарлануда.

 

КІРІСТЕР

Беларан  ауылдық округі бюджетінің кіріс бөлігін салық түсімдеріне өзгерту жасау көзделді. Оның ішінде жеке табыс салығы (101202) жіктемесі бойынша 57,5 мың теңгеге азайтып,ал  көлік салығы (104402)  жіктемесі бойынша 57,5 мың теңгеге ұлғайтуға.

 

ШЫҒЫНДАР

        

        Округ бюджетінің шығыстар жағынан  124001015 бюджеттік  бағдарламасы бойынша   бос орын қалыптасуынан және мемлекеттік  сатып алудан  , барлығы 805 мың теңге үнемделген.Осы үнемделген  қаржыны   124022015 бюджеттік  бағдарламасына бағыттау жоспарлануда .

         124 022015  «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасына - 805,0 мың теңгені мекемеге 1 дана планшет 305,0 мың теңге ,1 дана ноутбук 400,0 мың теңге  және 1  дана  сыртқы темір есік 100,0 мың теңгеге сатып  алуға;

Дата публикации
27 ноября 2025