«Атанши ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесі бойынша жария тыңдаудың хаттамасы

«Атанши ауылдық округі әкімінің аппараты»  КММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесі бойынша жария тыңдаудың хаттамасы

Жіңішкеқұм ауылы                                   28.02.2024 жыл.

Төрағалық етуші: Ауылдық округ әкімі Е. Ізбасаров

 Хатшы  Ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Р. Әбдісұлтанұлы

 Қатысқандар: Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

 Атанши ауылдық округі әкімінің аппаратына жасалған 27.02.2024 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері ауылдық округ әкімдігінің ғимаратында жария тыңдауда талқыланды.

Жария тыңдау барысында бөлімінің сыбайлас жемқорлық тауекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша құжаттардың мерзімінде тіркеуге алынуы және орындалуы туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша, жеке қабылдау бойынша, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жасалған қосымша талдамалық анықтамада көзделген ұсыныстарды талқылау мен пысықтаулар жүргізілді.     

Атап айтқанда, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы  31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына азаматтардың Заңға сәйкес жеңілдіктер алу құқығын растайтын анықтама алу мүмкіндігін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіміне енгізу, ӘРПК-не сәйкес әкімшілік рәсімді жүзеге асыру кезінде әкімшілік органның құқықтық актісін қабылдауды қажет етпейтін жолданымдарды  оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен қарастыру және жолданымды қарау нәтижесімен қабылданатын шешімнің түрлерін «жолданымның мәні бойынша түсініктеме берілді», «ішінара қанағаттандырылды» немесе «толық қанағаттандырылды» деген шешім түрлерімен толықтыру, сондай-ақ тағы басқа мәселелер.

Жария тыңдауға қатысқан тұлғалар тарапынан ұсыныстар мен пікір алмасулар орын алды. Ауылдық округ әкімі Е. Ізбасаров қатысушыларға алғыс білдіріп, жария тыңдауды жабық деп қорытындылады.

Сонымен қатар, жария тыңдау қорытындысымен анықтамада  көрсетілген ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға  ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларының жоспарын белгілеу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындыратын сәйкессіздіктерді жою бойынша ұсыныстарды уәкілетті органға жолдау тапсырылды.

Ауылдық округ әкімі                           Е. Ізбасаров

 Бас маман                                              Р. Әбдісұлтанұлы

Дата публикации
28 февраля 2024