2026-2028 жылдарға арналған Арал қаласы әкімінің
азаматтық бюджеті
Арал қаласы, 2026 жыл
2026-2028 жылдарға арналған Арал қаласы әкімінің азаматтық бюджеті
«2026-2028 жылдарға арналған Арал қаласы әкімінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 467 шешімімен бекітілді.
2026-2028 жылдарға арналған Арал қаласы әкімінің бюджеттің негізгі параметрлері
мың. теңге
|
Атауы |
2026 жыл |
2027 жыл |
2028 жыл |
||
|
бекітілген жоспар |
нақтыланған жоспар () |
бекітілген жоспар |
бекітілген жоспар |
||
|
Түсімдер |
492 122,0 |
|
505 945,0 |
518 518,0 |
|
|
1. Кірістер, оның ішінде: |
492 122,0 |
|
505 945,0 |
518 518,0 |
|
|
Салықтық түсімдер |
399 665,0 |
|
410 928,0 |
418 667,0 |
|
|
Салықтық емес түсiмдер |
16 457,0 |
|
14 457,0 |
14 457,0 |
|
|
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер |
76 000,0 |
|
80 560,0 |
85 394,0 |
|
|
Трансферттердің түсімдері, оның ішінде: |
0 |
|
0 |
0 |
|
|
Ағымдағы нысаналы трансферттер |
0 |
|
0 |
0 |
|
|
Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен субвенциялар |
0 |
|
0 |
0 |
|
|
Бюджеттік кредиттерді өтеу |
0 |
|
0 |
0 |
|
|
Мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер |
0 |
|
0 |
0 |
|
|
Қарыздар түсімі |
0 |
|
0 |
0 |
|
|
Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары |
0 |
|
0 |
0 |
|
|
Шығыстар |
492 122,0 |
|
505 945,0 |
518 518,0 |
|
|
Шығындар, оның ішінде: |
465 459,0 |
|
505 945,0 |
518 518,0 |
|
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер |
264 740,0 |
|
269 791,0 |
272 808,0 |
|
|
Денсаулық сақтау |
0 |
|
0 |
0 |
|
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
167 882,0 |
|
176 277,0 |
185 091,0 |
|
|
Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау |
59 500,0 |
|
59 877,0 |
60 619,0
|
|
|
Басқалар |
0 |
|
0 |
0 |
|
|
Борышқа қызмет көрсету |
0 |
|
0 |
0 |
|
|
Трансферттер |
0 |
|
0 |
0 |
|
|
Бюджеттік кредиттер |
0 |
|
0 |
0 |
|
|
Қаржы активтерін сатып алу |
0 |
|
0 |
0 |
|
|
Қарыздарды өтеу |
0 |
|
0 |
0 |
|
Түсімдері
2026-2028 жылдарға арналған Арал қаласының бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау Әдістемесімен, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамындағы макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде, Қазақстан Республикасының Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.
2026-2028 жылдарға арналған қала бюджеті кірістері (трансферттерді есепке алмағанда)
2026 жылға – 492 122 мың теңге;
2027 жылға – 505 945 мың теңге;
2028 жылға– 518 518 мың теңге;
Қала бюджетінің салықтық түсімдері 2026-2028 жылдарға төмендегідей көлемде белгіленді:
2026 жылға – 399 665 мың теңге;
2027 жылға – 410 928 мың теңге;
2028 жылға – 418 667 мың теңге;
Салықтық емес түсімдерінің жоспары
2026 жылға – 16 457мың теңге;
2027 жылға – 14 457 мың теңге;
2028 жылға – 14 457 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерінің жоспары:
2026 жылға – 76 000 мың теңге;
2027 жылға – 80 560 мың теңге;
2028 жылға – 85 394 мың теңге болып белгіленді.
Қала бюджеті кірістерінің көлемі барлығы 2026 жылы – 492 122 мың теңге, 2027 жылы – 505 945 мың теңге, 2028 жылы – 518 518 мың теңгені құрауда.
Арал қаласы бюджетінің шығындары
Жоспарланған 2026-2028 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, аудан экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Президенттің Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Бюджеттік бағдарламалар бойынша 2026 жылғы
Арал қаласының бюджетінің шығындары
млн.теңге
|
ф/г |
Атауы |
2026 жылға арналған жоспар |
Барлық шығындар көлемінің үлесі,% |
|
|
II. Шығындар |
492122,0 |
100 |
|
01 |
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер
|
264740,0 |
53,79 |
|
|
124001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» |
264740,0 |
53,79 |
|
03 |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
|
167882,0 |
31,16 |
|
|
124008 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» |
51682,0 |
10,5 |
|
|
124009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» |
68700,0 |
13,96 |
|
|
124 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» |
47500,0 |
6,7 |
|
04 |
Мәдениет саласындағы қызмет |
59500,0 |
12,09 |
|
|
124006 «Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау» |
59500,0 |
12,63 |
Бюджеттік бағдарлама бойынша 2026 жылғы қала бюджетінің шығындары
|
|
Аудандық маңызы бар қала,ауыл,кент,ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету; |
|
|
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету; |
|
|
Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау |
|
|
Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру. |
|
|
Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру |
Қала бюджетініңжалпы шығындар көлемі 2026 жылы – 492 122 мың теңге, 2027 жылы – 505 945 мың теңге, 2028 жылы – 518 518 мың теңге көлемінде жоспарлануда.
Ал, 2026-2028 жылдары ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеу кезінде жоспарлы кезеңдегі тұтыну бағасының индексіне сәйкес (еңбекақыны есептемегенде) 2026 жылы 5,5 пайызға, 2027 жылы 5 пайызға, 2028 жылға 5 пайызға көбейту арқылы жоспарланды.
Сонымен қатар, 2026-2028 жылдарға арналған қала бюджетін қалыптастыру барысында ағымдағы жылға дейін республикалық және облыстық, аудандық бюджеттерденқаржыландырылған ағымдағы нысаналы трансферттер ауылдық округ бюджетінің шығыстар базасына қосылғаны ескерілді.
2026-2028 жылдарға арналған қала бюджеті шығындары функционалдық топтары бойынша төмендегідей:
«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобы бойынша:
124 001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
2026 жылға – 264 740 мың теңге;
2027 жылға – 269 791 мың теңге;
2028 жылға – 272 808 мың теңге.
Осы шығындар аппарат қызметкерлерін ұстауға, коммуналдық, іс-сапар және байланыс шығындарын өтеуге бағытталады.
«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобы бойынша:
124 006 «Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
2026 жылға – 59 500 мың теңге;
2027 жылға – 59 877 мың теңге;
2028 жылға – 60 619 мың теңге.
Бұл шығындар жергілікті деңгейдегі мәдени көпшілік шараларды ұйымдастыру және өткізуге, халық арасынан талантты және дарынды өнерпаздардың шығармашылығын дамытуға ықпал етуге, қалалық мәдениет үйлерінде мәдени іс-шараларды өткізуге.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобы бойынша:
124 008 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
2026 жылға – 51 682 мың теңге;
2027 жылға – 33 028 мың теңге;
2028 жылға – 34 679 мың теңге.
Бұл шығындар қаланы жарықтандыру жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталады.
124 009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
2026 жылға – 68 700 мың теңге;
2027 жылға – 114 172 мың теңге;
2028 жылға – 119 881 мың теңге.
Аталған шығындар қаланың санитариясын қамтамасыз етуге қаралған.
124 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
2026 жылға – 47 500 мың теңге;
2027 жылға – 29 077 мың теңге;
2028 жылға – 30 531 мың теңге.
Аталған шығындар қаланы абаттандыру мен көгалдандыруға қаралған.
Шығындардың қалған бөлігі ҚР Бюджет кодексіне сәйкес бюджет құрылымы негізінде әзірленді.