Арал қаласы әкімі аппаратында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын іске асырудың, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қолжетімділігін арттырудың маңызды тетігі. Қызметтердің басты артықшылықтары – уақытты үнемдеу, ашықтық және әділдік.

Бүгінгі таңда әрбір азамат өз жағдайына қарай ыңғайлы жолды таңдай алады: «Азаматтарға арналған үкімет» (ЦОН) бару, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын пайдалану немесе үйінде отырып eGov.kz порталы арқылы өтініш беру. Бұл тәсілдер халықтың уақытын үнемдеуге және қызметтің қолжетімді болуына мүмкіндік береді.

Арал қаласы әкімі аппаратында барлығы 5 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Олардың ішінде тек «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» қызметі әзірше қағаз жүзінде қабылданады. Қалған қызметтердің барлығы eGov.kz порталы арқылы электронды форматта көрсетіледі.

  1. Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту
  • Мақсаты: жалға алынған жердің пайдалану мерзімін ұзарту.
  • Қалай алынады: қазіргі таңда әкімдікке қағаз түрінде (уақытша). Алдағы уақытта eGov.kz порталына көшіріледі.
  • Қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні (шарт жасау мерзімі кірмейді).
  • Құны: тегін.
  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру
  • Мақсаты: жер телімінің мақсатын өзгерту (мысалы, ауыл шаруашылығынан тұрғын үй құрылысына).
  • Қалай алынады: тек eGov.kz порталы арқылы.
  • Қызмет көрсету мерзімі:
    • Елді мекен ішінде – 13 жұмыс күніне дейін;
  • Этаптары: өтініш беру → тыңдалым өткізу → әкімдіктің шешімі.
  • Құны: тегін.
  1. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою
  • Мақсаты: жерді әділдік пен ашықтық үшін кезек тәртібімен беру.
  • Қалай алынады: тек eGov.kz порталы арқылы.
  • Өтініш қабылдау: жүйеде 20 минут ішінде тіркеледі.
  • Құны: тегін.
  1. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату
  • Мақсаты: жерді жеке меншікке сатып алу мүмкіндігін беру.
  • Қалай алынады: тек eGov.kz порталы арқылы.
  • Қызмет көрсету мерзімі: 5 жұмыс күні.
  • Этаптары: өтініш беру → жердің кадастрлық құнын есептеу → сату-сатып алу шартын жасау → меншік құқығын тіркеу.
  • Құны: ақылы (жердің кадастрлық құнына сәйкес).
  1. Республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қала шегінде жер учаскесіне құқықтар алу
  • Мақсаты: қала аумағындағы жерді ресми түрде иелену немесе пайдалану құқығын рәсімдеу.
  • Қалай алынады: тек eGov.kz порталы арқылы.
  • Кезеңдері:
    1. өтініш пен жер учаскесінің схемасын тапсыру;
    2. келісілген жер таңдау актісі мен жер-кадастрлық жұмыстарға төлем құжатын ұсыну.
  • Қызмет көрсету мерзімі:
  • 1-кезең – 28 жұмыс күніне дейін;
  • 2-кезең – 10 жұмыс күні ішінде.
  • Құны: тегін (жер-кадастрлық жұмыстар бөлек төленеді).

Арал қаласы әкімі аппаратында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлығы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларға» сәйкес жүзеге асырылады.

 Қызметтердің басым бөлігі eGov.kz порталы арқылы қолжетімді, бұл азаматтар үшін тиімді әрі ыңғайлы. Тек «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» қызметі әзірше қағаз жүзінде қабылданады. Алдағы уақытта ол да электронды форматқа көшіріліп, барлық қызметтер толықтай цифрлық жүйеге енгізілмек.

Мемлекеттік қызметтерді дұрыс рәсімдеу – азаматтардың уақытын үнемдеп қана қоймай, ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етеді.

 

Арал қаласы әкімі аппаратының бас маманы А. Оразалиева

Арал қаласы әкімі аппаратында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
Дата публикации
04 сентября 2025