Талдамалық анықтама «Арал қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша

Арал қаласы                                                                                     09.07.2025 жыл

 

 

КІРІСПЕ БӨЛІМ:

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісі болып «Арал қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметі табылады.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
  3. «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды Арал қаласы әкімінің 2023 жылғы 19ақпандағы № 19 ө/нқ өкімімен құрылған келесі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:

 

Рсалиева                                       -  Арал қаласы әкімінің аппаратының бөлімше

Мырзагүл Рсалықызыбасшысы, топ жетекшісі;                                                        

Рысқұлов                                      -  Арал қаласы әкімінің аппаратының бөлімше

Олжас Әмірәлиұлы                       басшысы, топ мүшесі;

Оразалиева                                  -  Арал қаласы әкімінің аппаратының бас

Аққалам Сапарғалиқызымаманы, топ мүшесі;

Дүйшембиев                                 -  Арал қаласы әкімінің аппаратының бас

Асылхан Олжабайұлы                  маманы, топ мүшесі;

Әбдіханов                                     -  Арал қаласы әкімінің аппаратының жетекші

Алмат Зейнуллаұлы                      маманы, топ мүшесі;

Қайырова                                     - Арал қаласы әкімінің аппаратының

Бибігүл Жолшарақызы                   статистигі, топ мүшесі.

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 9.07-19.07.2025 жыл аралығында жүргізілді.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен 2024жыл толығымен қамтылды.
  3. 6. «Арал қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлімше басшысы М. Рсалиеваға топ жетекшісі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді.

 

 

СИПАТТАМА БӨЛІМ:

 

  1. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) «Арал қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінiң кадр жұмыстарына талдау объектісінің қызметіне, оның ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) «Арал қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінiң кадр жұмыстары бойынша ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

  1. II. Талданатын объект туралы мәліметтер:

Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қыркүйегіндегі № 174-қ қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес «Арал қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi Арал қаласы әкiмiнiң қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

«Арал қаласы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Мекен-жайы: Арал қаласы, Астана көшесі № 35 ғимарат.

 

III. «Арал қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметіне, оны ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін НҚА мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, бөлімге қатысты  өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.

 

Аппарат қызметінде келесідей НҚА пайдаланылады:

- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;

- Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңы;

-Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;

-Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Заңы;

- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы;

 

НҚА талдау жүргізу нәтижесінде мынадай қызметтердің процестерін реттеу бойынша құқықтық олқылықтарды анықталмады:

 

3.1.Арал қаласы әкімінің аппараты ғимаратына орналасқан4 мемлекеттік мекемеде 127 қызметкер жұмыс жасайды. Жұмыс уақытысынан кешігіп келу және артық жұмыс істеу фактілерін болдырмау мақсатында қызметкерлердің жұмысқа келіп- кету уақытын бақылау Арал қаласы әкімі аппаратының бөлімше басшысына жүктелген. Дегенмен, аталған қызметкердің басқа да функционалдық міндеттері болуына байланысты, қызметкерлердің жұмысқа келіп – кету уақытын бақылау мүмкіндігі болмай жатады.

 

ҰСЫНЫМ:

2025 жылдың аяғына дейін адами фактордың алдын алу мақсатында қызметкерлердің жұмысқа келіп-кету уақытын есепке алатын электронды басқару жүйесі(СКУД) орнату үшін қаржы бөлу мәселесін қарастыра отырып, заң аясында тиісті жұмыстарды жүргізу қажет деп есептейміз.

3.3. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау барысында, әсіресе «Е-өтініш» жүйесімен жұмыс жасау барысында қызметкерлер тарапынан  қате-кемшіліктерге жол берілген жағдайлар кездеседі.

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-процестік Кодексінде жолданымдармен жұмыс жасау барысында жіберілген кейбір заң бұзушылықтарға айыппұлдар қарастырылған. 

 

         ҰСЫНЫМ:

Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-процестік Кодексімен жолданымдармен жұмыс жасау барысында жіберілген кейбір қате-кемшіліктердің салдарынан айыппұл төлеуге апарып соғатын заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында, өтініштермен жұмыс жасау бойынша қызметкерлерге құқықтық оқу өткізу қажет етіледі.

 

            ІІІ. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.

         «Арал қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аудан әкімі бекітеді.

 

         Бөлімнің штаттық құрылымы:

 

         2024 жыл (Арал қаласы әкімінің аппараты)

«Арал қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне «Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы» Арал ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 190-қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы 28.12.2023 жылғы № 146-қ қаулысымен штаттық құрылымдары бекітіліп берілді.      Осыған орай, бөлімнің штат құрылымында 12 мемлекеттік қызметкер (қала әкімі - 1, әкім орынбасары – 2, бөлімше басшысы -2,  бас маман – 6, жетекші маман – 1), 43 штаттан тыс қызметкерлер(әдіскер – 11, статистик – 3, хатшы -1, автокөлік жүргізуші -1, шаруашылық меңгерушісі – 1, қарауыл – 8, еден сыпырушы – 6, электрик -1, сантехник- 2, жұмысшы – 2, от жағушы -7) беріліп, барлығы 55 қызметкер жұмыс жасайды.

«Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы» Арал ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 190-қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы 01.04.2027 жылғы № 43-қ қаулысымен 2(әдіскер) штаты қысқарып, хатшы мен бір жұмысшы штаты әдіскер болып өзгертілді, штаттық құрылымдары бекітіліп берілді. Осыған орай, бөлімнің штат құрылымында 12 мемлекеттік қызметкер (қала әкімі - 1, әкім орынбасары – 2, бөлімше басшысы -2,  бас маман – 6, жетекші маман – 1), 41 штаттан тыс қызметкерлер(әдіскер – 11, статистик – 3, автокөлік жүргізуші -1, шаруашылық меңгерушісі – 2, қарауыл – 8, еден сыпырушы – 6, электрик -1, сантехник- 1, жұмысшы – 1, от жағушы -7) беріліп, барлығы 53 қызметкер жұмыс жасайды.

«Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы» Арал ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 190-қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы 1.07.2023 жылғы № 107-қ қаулысымен рәміздер алаңының 2 күзетші және су тұшыту құрылғысына маусымдық 3күзетші беріліп штаттық құрылымдары бекітіліп берілді.Осыған орай, бөлімнің штат құрылымында 12 мемлекеттік қызметкер (қала әкімі - 1, әкім орынбасары – 2, бөлімше басшысы -2,  бас маман – 6, жетекші маман – 1), 46 штаттан тыс қызметкерлер(әдіскер – 11, статистик – 3, автокөлік жүргізуші -1, шаруашылық меңгерушісі – 2, қарауыл – 13, еден сыпырушы – 6, электрик -1, сантехник-1, жұмысшы – 1, от жағушы -7) беріліп, барлығы 58 қызметкер жұмыс жасайды.

«Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы» Арал ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 190-қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы 2.09.2024 жылғы № 146-қ қаулысымен 2 әдіскер беріліп штаттық құрылымдары бекітіліп берілді.Осыған орай, бөлімнің штат құрылымында 12 мемлекеттік қызметкер (қала әкімі - 1, әкім орынбасары – 2, бөлімше басшысы -2,  бас маман – 6, жетекші маман – 1), 48 штаттан тыс қызметкерлер(әдіскер – 13, статистик – 3, автокөлік жүргізуші -1, шаруашылық меңгерушісі – 2, қарауыл – 13, еден сыпырушы – 6, электрик -1, сантехник- 1, жұмысшы – 1, от жағушы -7) беріліп, барлығы 60 қызметкер жұмыс жасайды.

Арал ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 190-қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы 01.04.2027 жылғы № 43-қ қаулысымен 2(әдіскер) штатықысқарыпБ. Төлемісовпен Е.Шортанбаев жұмыстан босатылды,хатшы Б.Тәжібекова әдіскер болып қайта қабылданды, әдіскер болыпЕ. Алдамжанов қабылданды.

Арал ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 190-қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы 1.07.2023 жылғы № 107-қ қаулысымен рәміздер алаңының 2 күзетші М.Ардемгеновпен С. Жұмахметов қабылданды және су тұшыту құрылғысына маусымдық 3күзетшіҰ. Өтепбергенов, Ж. Бердалиев, Н. Шарипов қабылданды.

Арал ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 190-қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы 2.09.2024 жылғы № 146-қ қаулысымен 2 әдіскер беріліп Б. Төлемісовпен Е.Шортанбаев  Арал аудандық сотының 29.08.2024 жылғы № 4332-24-00-2/568 шешіміне сәйкес жұмысқа қабылданды.

Аудан әкімімен лауазымға тағайындалатын, лауазымнан босатылатын

         1 (бір) қала әкімі.

         Қала әкімімен қызметке қабылданатын, қызметтен босатылатын

         2 (екі)  қала әкімінің орынбасары,

2 (екі) бөлімше басшысы,

6 (алты) бас маман,

1 (бір) жетекші маман,

48 (қырық сегіз) штаттан тыс қызметкерлер.

Аппарат қызметкерлері қала әкіміне, қала әкімі орынбасарларына, аудан әкіміне және оның орынбасарларына, аппарат басшысына бағынады.

 

2024 жылы қала әкімінің аппаратына жұмысқа қабылданған қызметкерлер:

№

Аты-жөні

қызметі

Мерзімі

1

А. Дүйшембиев

Бас маман

1.01.2024 ж. № 2-ө/жқ

2

А. Жасұланов

Электрик

16.05.2024 ж. № 243-ө/жқ

3

Ұ. Өтепбергенов

Маусымдық жұмыс

1.07.2024 ж. № 285-ө/жқ

4

Ж. Бердалиев

Маусымдық жұмыс

1.07.2024 ж. № 286-ө/жқ

5

Н. Шарипов

Маусымдық жұмыс

1.07.2024 ж. № 287-ө/жқ

6

С. Жұмахметов

күзетші

2.07.2024 ж. № 290-ө/жқ

7

М. Ардемгенов

күзетші

2.07.2024 ж. № 290-ө/жқ

8

Г. Жиенеева

Әдіскер

2.08.2024 ж. № 325-ө/жқ

9

Е. Шортанбаев

Әдіскер

02.09.2024ж. № 363-ө/жқ

10

Б. Төлемісов

Әдіскер

02.09.2024ж. № 364-ө/жқ

11

Н. Жубатқанов

Әдіскер

04.10.2024ж. № 392-ө/жқ

12

Е. Әбішов

Әдіскер

28.10.2024 ж. № 424-ө/жқ

 

2024 жылы қала әкімінің аппаратына жұмыстан босаған қызметкерлер:

№

Аты-жөні

қызметі

Мерзімі

1

Н.Жағыпаров

Жұмысшы

02.04.2024ж. № 194-ө/жқ

2

Е. Шортанбаев

Әдіскер

04.04.2024ж. № 297-ө/жқ

3

Б. Төлемісов

Әдіскер

04.04.2024ж. № 298-ө/жқ

4

Е. Алдамжаров

Әдіскер

03.07.2024ж. № 293-ө/жқ

5

Д. Қуандықов

Әдіскер

16.07.2024ж. № 378-ө/жқ

6

Д. Досмамбетов

Жұмысшы

16.09.2024ж. № 376-ө/жқ

7

Б. Құдайбергенов

Әдіскер

14.10.2024ж. № 406-ө/жқ

 

Бөлімдегі тәртіптік шаралар қолданылған қызметкерлер:

 

№

Аты-жөні

Қызметі

жаза

Тәртіптік шарасының болуы туралы мәліметтер

1

Е. Алдамжаров

Әдіскер

ескерту

05.02.2024ж, № 118-ө/жқ

2

Б. Тлеулесов 

Әдіскер

ескерту

1.03.2024ж, № 170-ө/жқ

3

Б. Ізмағамбетов

Әкім орынбасары

ескерту

4.04.2024ж, № 201-ө/жқ

4

Б. Құдайбергенов

Әдіскер

ескерту

4.04.2024ж, № 202-ө/жқ

5

М. Нұрмағамбетова

Мәдениет үйі директоры

ескерту

23.08.2024ж, № 359-ө/жқ

6

А.Алтайұлы

Әкім орынбасары

ескерту

9.09.2024ж, № 367-ө/жқ

7

Қ. Мыңғышпанов

Күзетші

сөгіс

20.09.2024ж. № 380-ө/жқ

8

Т. Сулейменов

Бас маман

ескерту

7.10.2024ж. № 398-ө/жқ

9

М. Әнесов

Бас маман

ескерту

11.11.2024ж, № 435-ө/жқ

 

  1. «Арал қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінiң кадр жұмыстары бойынша ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша:

Мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының 100%-ы жоғары білімді. Мемлекеттік мекемеде 15 әйел азаматша қызмет атқаруда, ал басшылық лауазымда қызмет атқаратын әйелдердің саны - 1.

Мемлекеттік қызметшілердің арасында 29 жасқа дейінгі жастар жоқ.

Бұдан бөлек 2024 жылы 4 мемлекеттік қызметші біліктіліктерін арттырған.

Сонымен бірге, қоғамда оң пікір қалыптастыру мақсатында мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілеріндегі «Арал қаласы» аккаунттарына жүргізілген мониторинг нәтижесінде тұрақты түрде жұмыс барысы туралы   хабарламалар, жаңалықтар, іс шаралар  жарияланған.

Жалпы, Арал қаласы әкімінің аппараты ғимаратына орналасқан                       4 мемлекеттік мекемеде 127 қызметкер жұмыс жасайды.

Қала әкімі аппараты қызметкерлерінің уақытысынан кешігіп келу және артық жұмыс істеу фактілерін болдырмау мақсатында қызметкерлердің жұмысқа келіп - кету уақытын бақылау Арал қаласы әкімі аппаратының бөлімше басшысына жүктелген. Дегенмен, аталған қызметкердің басқа да функционалдық міндеттері болуына байланысты, қызметкерлердің жұмысқа келіп – кету уақытын бақылау мүмкіндігі болмай жатады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдік-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез, оның ішінде қоғамдық орындарды масаң күйде болу жағдайларына жол бермеу және бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулыларына сәйкес тұрғын үйде немесе адамдар көп жиналатын өзге де орындарда банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынатындығы туралы бірнеше мәрте жиналыстар өткізілген.

Тәртіптік жазалардың берілуі (қолданылуы) заңдылығына жүргізілген талдау барысында мемлекеттік қызметі заңнамаларының (заң, қағида) талаптары қатаң сақталғандығы анықталды.

Тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау жөнінде ұсыным болмаған.

2024 жыл бойынша жүргізілген талдау барысында Арал ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 190-қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы 01.04.2027 жылғы № 43-қ қаулысымен 2(әдіскер) штатықысқарып Б. Төлемісовпен Е.Шортанбаев жұмыстан босатылуға наразылық келтіріп сотқа шағымданған. Сот шешімі жұмыстан босату заңсыз деп өкім күшін жойып аталған азаматтар қайта жұмысына алынған.

 

Қала әкімі аппаратының (кадр қызметі) бойынша негізгі жұмыстары            «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет персоналын басқару процесін жетілдіру және ол мемлекеттік органдарда кадрлық қызмет іс – әрекетінде «электрондық – үкімет» жүйесінің мүмкіндіктерін кеңінен қолдануды көздейді.

Осыған байланысты, мемлекеттік органдарда «Е-қызмет» жүйесі енгізілген. Бұл жүйе онлайн режимінде мемлекеттік қызметшілерге қатысты кадрлық ақпараттарды алуға, кадр қызметтерінің жұмысын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Әкімдік аппараттары «Е-қызмет» жүйесіне қосылған.

Өкім-шешімдердің рәсімделуі кезінде «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысының талаптары толық сақталып, фирмалық баспа-бланкілеріне жүргізілген.

ІV.Мүдделер қақтығысын реттеу.

Аппаратта мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

2024 жылы.

Барлық мемлекеттік көрсетілген қызмет – 775.

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 59 (электронды түрде). Оның ішінде берілгені – 44, қайтарып алынғаны – 14, бас тарқаны – 1.
  2. «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар беру туралы өтініш» - 608 (қараша айына дейін қолма қол және қараша айынан бастап электронды түрде). Оның ішінде берілгені – 203, бас тартқаны – 405.
  3. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» (электронды түрде) - 650.

 

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

         Аппаратта рұқсат беру функциялары жоқ.

 

         VII. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

         Аппаратта бақылау-тексеру функциялары жоқ.

 

         VIII. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

         2024 жылға Арал қаласының бекітілген бюджеті 722 487,0 мың теңге.

Оның ішінде

         Қала көлемінде жиналатын салықтық және салықтық емес түсімдер 407 307,0 мың теңге.

         Трансферт аудандық бюджеттен қаржыландыру 48 263,0 мың теңге.

2025 жылдың 01 қаңтарына бөлінген қаржының 719 607,7 мың теңгесі яғни 99,6 пайызға игерілді.

         Игерілмеген 2 879,3 мың теңге қаржы мемлекеттік сатып алудың қорытындысымен үнемделген.

        

Мемлекеттік сатып алу бойынша.

         2024 жылға мемлекеттік сатып алуға 414856,9 мың тенге қаралды.

 Оның ішінде 155 094,2 мың тенгеге 8 рет ашық конкурс өткізілді, 42 060,9 мың тенгеге 19 рет бір көзден сатып алу өткізілді, 154 303,5 мың тенгеге 63 рет баға ұсыныстарын сұрату арқылы сатып алу өткізілді, 16698,4 мың тенгеге 19 рет шақырту арқылы сатып алу өткізілді, 46699,9 мың тенгеге 32 рет электронды дүкен арқылы сатып алу өткізілді.

        

         IX.Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

        

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

         Осы кезге дейін аппаратпен ешқандай ақпараттық жүйе дайындалмаған. Ақпараттық жүйенің барлығы облыс әкімі аппараты арқылы жүзеге асырылады.

        

XI.Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

 

         11.1. Аппараттың жалпы құжат айналымы:

        

Кіріс хаттар саны жалпы – 1223 хаттар.

Шығыс хаттар саны жалпы – 1008 хаттар.

Ішкі кіріс хаттар саны жалпы – 142 хаттар.

Ішкі шығыс хаттар саны- 19 хаттар.

         Өтініштер бойынша:

         Жеке және заңды тұлғалардан 391 өтініш қабылданып, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жауаптар жолданған. Мерзім бұзушылықтар орын алмаған.Оның ішінде арыз – 357, шағым – 2, хабар, сұрау салу, үн қосу, ұсыныс- 32. Оның ішінде басқа мекемелерге құзыреті бойынша жолданғандары- 63. Қаралған жолданымдар - 329, оның ішінде әкімшілік рәсім тәртібімен – 300, қолайлы әкімшілк акт – 182, ауыртпалық түсіретін әкімшілік акт- 118, әкімшілік акт тоқтатылды-29. Оңайлатылған әкімшілік тәртібімен қаралған өтініштер-53, оның ішінде жауап берілгені 52, тоқтатылғаны-1. Мерзімі ұзартып қаралған өтініштер –24.

         Азамат Д. Тайжановтың2024 жылдың 22ақпандағы № ЖТ-2024-03242236 санды өтініші бойынша жұмыс жасау барысында өтінішін орындаусыз геопартал арқылы жолдауын сұрап кері қайтарған.

Аталған деректі көрсете отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің  1.03.2024 жылдың № 03-08/419 санды ұсынуымен кемшілік жіберген тұлғаға тәртіптік шара қолдануды талап еткен.

Соған сәйкес, Арал қаласы әкімі аппаратына келіп түскен өтініштерді бақылауға жауапты тұлға, әдіскер Б. Тлеулесовтің түсінігі алынып, соның негізінде тәртіптік жаза қолданылған.

Сонымен қатар Р. Асанбаеваның 2024 жылғы 3 сәуірдегі ЖТ-2024-03606720 санды  өтінішімен жұмыс істеу барысында жолданымды мәні бойынша шешу кезінде қолданыстағы тәртіпке сәйкес органдар қабылдаған шешім туралы «e-Otinish» АЖ-нің дерекнемелерін дұрыс  толтыруды қамтамасыз етуде

Аталған деректі көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша комитеті 20.09.2024 жылдың                 № 2-21-24-02915 санды ұсынуымен кемшілік жіберген тұлғаға тәртіптік шара қолдануды талап еткен.

Соған сәйкес, Арал қаласы әкімі аппаратына келіп түскен өтініштерді бақылауға жауапты тұлға, бас маман Т. Сулейменовтең түсінігі алынып, соның негізінде тәртіптік жаза қолданылған.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау барысында, әсіресе «Е-өтініш» жүйесімен жұмыс жасау барысында қызметкерлер тарапынан  қате-кемшіліктерге жол берілген жағдайлар кездеседі.

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-процестік Кодексімен жолданымдармен жұмыс жасау барысында жіберілген кейбір заң бұзушылықтарға айыппұлдар қарастырылған. 

Осыған сәйкес, жолданымдармен жұмыс жасау барысында жіберілген кейбір қате-кемшіліктердің салдарынан айыппұл төлеуге апарып соғатын заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында, өтініштермен жұмыс жасау бойынша қызметкерлерге құқықтық оқу өткізу қажет етіледі.

 

         11.2. Қала әкімі аппаратында 2024 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде:

         Қаржы-салық саясаты:

2024 жылға жоспарланған бюджеттің жалпы сомасы 583 768,0 мың теңгені құрайды. (оның ішінде: салық түсімдері – 393 672,0 мың теңге, салықтық емес түсімдер – 13 635,0 мың теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 128 198,0 мың теңге және трансферттердің түсімі – 48 263,0 мың теңге).

        

Салық түсімдері.

Арал қаласы бюджетінің негізін құрайтын төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы, жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, жер салығы, заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салығы, жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салығы және жер учаскелерін сатудан түсетін түісмдер болып табылады. 2024 жылы

         101 202 салық жіктемесі бойынша 288 602,4 мың теңге (жоспар 280 692,0 мың теңге) бюджетке түскен, атқарылу пайызы 102,8 пайыз, 7 910,4 мың теңге артық.

         104 102 салық жіктемесі бойынша 2 007,8 мың теңге (жоспар 1 772,0 мың теңге) бюджетке түскен, атқарылу пайызы 113,3 пайыз;

         104 302 салық жіктемесі бойынша 8 753,2 мың теңге (жоспар 8 086,0 мың теңге) бюджетке түскен, атқарылу пайызы 108,3 пайыз;

         104 401 салық жіктемесі бойынша 4 026,6 мың теңге (жоспар 3 875,0 мың теңге) бюджетке түсіп, атқарылу пайызы 103,9 пайыз;

         104402 салық жіктемі бойынша 87 839,4 мың теңге (жоспар 89 000,0 мың теңге) бюджетке түсіп, атқарылу пайызы 98,7 пайыз;

         104 501 салық жіктемесі бойынша 138,9 мың теңге (жоспар 161,0 мың теңге) бюджетке түсіп, атқарылу пайызы 86,3 пайыз;

         105 315 салық жіктемесі бойынша 8 414,8 мың теңге (жоспар 8 333,0 мың теңге) бюджетке түсіп, атқарылу пайызы 101,0 пайыз;

         105 430 салық жіктемесі бойынша 2 026,1 мың теңге (жоспар 1 753,0 мың теңге) бюджетке түсіп, атқарылу пайызы 115,6 пайыз;

 

         Салықтық емес түсімдер бойынша «Арал қаласы әкімінің аппараты» КММ – не

         201 510 салық жіктемесі бойынша 12 511,6 мың теңге (жоспар 13 575,0 мың теңге) бюджетке түсіп, атқарылу пайызы 92,2 пайыз;

         206 109 салық жіктемесі бойынша 59,3 мың теңге (жоспар 60,0 мың теңге) бюджетке түсіп, атқарылу пайызы 98,8 пайыз;

 

         Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша:

         303 102 салық жіктемесі бойынша 41 681,8 мың теңге (жоспар 2 030,0 мың теңге) бюджетке түсіп, атқарылу пайызы 2 053,3 пайыз;

         303 101 салық жіктемесі бойынша 136 186,4 мың теңге (жоспар 126 168,0 мың теңге) бюджетке түсіп, атқарылу пайызы 107,9 пайыз

        

        Жарықтандыру бойынша:

        Қазіргі таңдаАрал қаласындағы 228 көшенің 152 көшесі түнгі жарық шамдарымен қамтылған. Бұл көрсеткіш (67%) көп жылдар бойы аудандық бюджеттің мүмкіндігіне қарай кезең-кезеңімен жоспарланып жасалған жұмыстардың нәтижесі.

        2024 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 8,8 млн. теңгеге 18 көшеге және демеушілер есебінен 21 көшегекөше жарық шамдары орнатылды.

        Осы жылы 20,0 млн. теңге қаржыға қол жеткізілсе, 30 көшенің жарықтандыру жұмыстары жалғасын табатын болады.

        Бұдан басқа, 6,7 млн. теңгеге көше-жол тораптарының және парк-скверлердіңжарық шамдарын күтіп ұстау жұмыстары жүргізілді.

       

        Абаттандыру бойынша:

 

Қаладағы «Киров» мөлтек ауданынан 8,6 млн. теңгегеаудандық бюджетттен 2 шағын футбол алаңымен демеушілердің есебінен 2 шағын балалар ойын алаңы салынды.

        Сонымен қатар, 45,6 млн. Теңгеге8 көшеге және демеушілер есебінен 3 көшеге гравий жолдар төселді.

        Бұдан бөлек, тұрғындардың өтініштері бойынша қаладағы 11 көшенің қара жолдары мен тас жолдары демеушілер есебінен арнайы техникалармен тегістелді.

        49,1 млн. теңге қаржыға 4 қорым, атап айтқанда: «Орыс мола», «Төртқара», «Тасмола» және «З. Шүкіров» қорымдары қоршалды.

        Осыжылы аудандық бюджеттен 120,0 млн. теңге қаржыны бөлу қолдау тапқан жағдайда,қалған 7 қорымды қоршау жұмыстарын жүргізу жоспарда тұр.

        Арал қаласындағы «Өкілдер Үйі» ғимаратына 6,0млн. теңге бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

        Сонымен қатар, «Аудандық кірістер басқармасы» мекемесі ғимаратының ішкі залдары мен кіреберісіне 12,3 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілсе, Арал қаласы әкімі аппаратығимаратының ішкі жұмыстарына 5,0 млн. теңге қаржыға ішінара ағымдағы жөндеу жұмыстарыжасалды.

        Қалалық «Шүкіров» атындағы мәдениет үйінесахналық құрал-жабдықтар, киім-кешек, аппаратура алып берілді. Бұған 10,1 млн. теңге қаржы жұмсалды.

Қаладағы аллея, скверлер, халық көп шоғырланатын алаңдарды жыл көлемінде күтіп-ұстау үшін 17,4 млн. теңге бөлінді, сондай-ақ6,2 млн. теңге қаржығасыртқы көрнекі билбордттарды әзірлеу және орнату жұмыстары жүргізілді.

        «Өкілдер Үйі» ғимаратының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1,75 млн. теңге қаржыға көше-жол тораптарына 13 бейне бақылау камералары орнатылды.

        Өткен жыл көлемінде қаладағы қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдау полигонын күтіп ұстау, қалдықтарды сұрыптауға,9 млн. теңге толықтай игерілді.

        Жыл соңында, Жаңа жыл мерекесін жоғары деңгейде өткізу мақсатында 13,0 млн. теңгеге мемлекеттік сатып алу арқылы қаланың бас шыршасы, қосымша безендіруімен бірге орнатылды.

        2024 жылы аудандық бюджеттен 86,2 млн. теңге қаржыбөлініп,«Қуанышбек» ЖШС мен «Қуаныш» жеке кәсіпкерлік субъектісімен тазалық жұмыстары жүргізілді.

        Сонымен қатар, қосымша айта кететін мәселедемеушілікпен бірқатар жұмыстар атқарылды:

        Атап өтсек, тұрғындардың шағымдарына байланысты бұрын орнатылған күн көзінен қуат алатын жарықшамдарды ауыстыру мақсатында Арал қаласындағы (М. Сәдібеков, А. Байтұрсынов, Е. Ізбасқанов, М. Нұғманов, Қызылорда, Қомпашев, М. Рысқұлов,С. Сүлейменов, М. Елеуов және Ж. Дошниязов) барлығы 10 көшеге түнгі көше электр қуатымен жұмыс жасайтын жарықтар орнатылды.

  • Арал қаласындағы Шектібаев көшесінің бойына шағын балалар ойын алаңы мен шағын спорт алаңдары салынды.
  • М. Сәдібеков көшесінің бойындағы ұңғыма су скважинасының бұрандасы (задвижкасы) ауыстырылды.
  • Әленов көшесі бойындағы жұмысы тоқтап тұрған су тұщыту қондырғысы қалпына келтіріліп, қайта іске қосылды.
  • Қаладағы № 14 мектеп-лицейі жанындағы сорлы аймақ толық көмілді.
  • Жауын-шашын мен еріген қар суларының жиналуын болдырмау мақсатында 7 көшеге (Аралтұз, М. Сәрсенов, М. Сәдібеков, Ғ. Шектібаев, Д. Ерекеев көшелері және № 14 мектеп-лицейі мен Сартай балабақшасы ғимаратының жанына)құм төгіліп, тегістелді.
  • Қалыпты автокөлік қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында 15 көше мен тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына барар жол тегістелді.
  • Қалыпты жаяу жүргіншілер қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында Арал қаласы, Ә. Әленов және С. Көбеков көшелері аралығына жаяу жүргіншілер жолына бетон төселді.
  • Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі мен орталық алаңның кіші арбат бөлігінің 500 метр аралығынасәндік-әшекейлі жаңа жылдық аспалы жарық шамдар орнатылды.
  • Арал қаласы әкімінің аппаратының теңгеріміндегі бос тұрған, апатты жағдайдағы 2 ғимарат бұзылды.
  • Арал қаласы әкімінің аппаратының ғимараты газбен жылыту жүйесіне қосылды. Бұдан жыл сайынғы жанар жағар майға кететін шығын16 млн. орнына 800 мың теңгеге (15 млн. теңге үнемделеді) дейін азаятын болады.
  • Тұрмысы төмен, баспанасыз 4 отбасыға қараусыз қалған тұрғын үйлер жөнделіп, табысталды.
  • Тұрмысы төмен 7 отбасының баспанасына көгілдір отын кіргізілді.
  • 1 500-ға жуық иесіз, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, ұстау жұмыстары жүргізілді.
  • 110-ға жуық тұрмысы төмен қала тұрғындарына әлеуметтік жәнетүрлі көлемде қаржылай көмек көрсетілді.
  • Арал қаласының шет аймағында орналасқан 2 мал қорымы қоршалды.
  • Арал қаласы әкімінің аппараты теңгеріміндегі бос тұрған, апатты жағдайдағы 4 ғимарат жәнеқолданылмай, бос тұрған 5 автотехника электронды аукцион арқылы сатылып, жекешелендірілді.
  • «З. Шүкіров» атындағы қалалық мәдениет үйіне қызметтік көлік табысталды.
  • Сонымен қатар, қалада қондырылған 72 бейнебақылау камералары мен 7 «Сергек» камераларын қондыру кезінде Арал қаласы әкімі аппараты тарапынан, мердігерлерге техника-механиздермен көмек көрсетілді.
  •  

Санитарлық тазалық жұмыстары бойынша

             Арал қаласында санитарлық тазалық жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында жыл басынан бері қала 2 санитарлық мөлтек ауданға бөлінді. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу заңдылығына сәйкес, ашық конкурс тәсілімен «Шанхай», «Жаңа ауыл» (1-ші лот 42,7 млн. теңге ҚҚС-сыз) мөлтек аудандарының мердігері «Қуанышбек» ЖШС-і анықталды және «Автобаза, Тельман, Орталық, Курортная, Киров» (2-ші лот 41,6 млн. теңге ҚҚС-сыз) мөлтек аудандарының мердігері «Қуаныш» жеке кәсіпкері танылды. 2024 жылдың қазан айына дейін осы кәсіпкерлер жұмыс жасады. Қараша-желтоқсан айларына қаржы жеткіліксіз болып, баға ұсынысы арқылы қайта сатып алу жарияланды. Сонымен қатар 1 ші мөлтек аумақты «AG» ЖШС 4,7 млн. тенге (ҚҚС-сыз) және 2-ші мөлтек аумақты «Rizvan» жеке кәсіпкер 6,9 млн. теңгеге (ҚҚС-сыз) жеңімпаз болып танылды

Жер кезектілігі және жер учаскелерін табыстау туралы:

Арал қаласы бойынша жер учаскесін алу үшін барлығы – 8547 азаматтың өтініші арнайы есепке алынған. Жылдар бойынша бөлінісі:

2008 ж

2009 ж

2010 ж

2011 ж

2012 ж

2013 ж

2014 ж

2015 ж

2016 ж

2017 ж

2018 ж

2019 ж

2020 ж

2021 ж

2022 ж

2023 ж

2024 ж

393

337

405

525

481

273

329

301

442

381

295

296

330

423

1962

650

724

 

ҚР Жер Кодексінің 41-1-бабына сәйкес азаматтарға қолжетімді болу мақсатында жер кезектілігінің тізімі«Арал қаласы әкімінің аппараты» КММ-сі ғимаратының 1 қабатында орналасқан.

2008-2009 жылдары жер кезектілігіне - 730 өтініш алынған болса, оның ішінде 2024 жылы 105 өтініш иесіне жер учаскесі табысталды (анықтама ретінде: 2022 ж-104 және 2023 ж-262 жер учаскесі табысталды).

Қалған жер алуға өтініш түсірмеген 179 азаматтар үшін аудан әкімдігін белгілей отырып, Арал қаласының «фейсбук» әлеуметтік парақшасына бірнеше рет «хабарландырулар» берілді.

         Бұдан бөлек, аталған жұмыстар Арал қаласының № 6 және № 8 мөлтек аудандарында жалғасын табуда. Аймақтар бойынша электр және су желісін жүргізуге қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды. Бұл аймақтардан қосымша 661 (№6 м/а - 353 учаске, №8 м/а - 308 учаске) азаматтарға жер учаскесін беру жоспарланып отыр. Аталған аймақтардан жер учаскесін бөліп беру схемасының дайын болуына орай ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап жер учаскелерін табыстау жұмыстары жүргізілетін болады.

         Анықтама ретінде: 2010-2011 жылдары барлығы 955 азамат кезекке алынған, оның ішінде: №6 және №8 мөлтек аудандарынан 661 азаматтарға берілсе, қалған 294 өтініш иелеріне алдағы уақытта дайындалатын алаңдардан берілетін болады.

         Арал қаласы әкімінің аппараты мұрағатында сақталған 2010-2011 жылдары арнаулы есептегі өтініштерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, тиісті құжаттарға сәйкес тізімдер нақтыланды. Осылардың негізінде, инфрақұрылым жүргізілген аймақтардан кезектілік тізім бойынша жер учаскелерін табыстау жұмыстары жүргізілетін болады.

        

Мерзімді әскери қызметке шақырту жұмыстары туралы:

 

2024 жылғы көктемгі, күзгі мерзімді 18-27 жас аралығындағы әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтарды аттандыру бойынша барлығы 165 азамат аттандырылды.

Атап айтсақ,ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне – 38 азамат,қарулы күштер қызметіне – 75 азамат,Ұлттық ұлан қызметіне -50 азамат және мемлекеттік күзет қызметіне - 2 азамат аттандырылды. Былтырғы жылмен салыстырғанда қамтылуы екі есе өскен.

Бұл ретте, әскери қызметке барудан жалтарып жүрген азаматтарға қала әкімі аппаратының жауапты мамандары, аудандық полиция бөлімі және аудандық қорғаныс бөлімі қызметкерлерімен бірлесе күндізгі және түнгі рейдтер ұйымдастырылып, шақырту қағаздарын тарату жұмыстарын жүргізуде.

 

Жұмыспен қамту, әлеуметтік төлемдер бойынша:

 

            2024 жылы Арал  қаласының көшелеріне санитарлық тазалау жұмыстары үшін 125 адам қоғамдық негізде жұмысқа алынды.        Жыл аяғына дейін 104 адам қоғамдық жұмыста жүрді.

Санитарлық тазалау жұмыстарына жауапты мекемеледе «Қуаныш» ЖК  32 адам, «Ризван» ЖШС 48 адам, «Ардана Групп» ЖШС 24 адам қоғамдық жұмыс жасады. Жыл аяғына 104 адамның 71-і жеке кәсіпкерлер арқылы тұрақты жұмыспен қамтылған.

«10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын құру» тапсырмасына байланысты 2024 жылға жаңа жұмыс орындарына жыл аяғына дейін 480 адамды жұмысқа орналастыру қажеттілігі көрсетілген. Жыл қорытындысы бойыша 480 адам жаңадан ашылған жұмысқа орналастырылып, меже 100 пайызға орындалған.

2024 жылы атаулы әлеуметтік көмек 35 отбасыға тағайындалды.

 Мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған отбасылардың материалдық жағдайын текесеруге Арал қаласы әкімінің 2024 жылдың 11 қаңтарындағы № 7-ө/жқ өкімімен құрылған учаскелік комиссиясы жұмыстар жүргізді

 

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМІ:

 

Сыбайлас жемқорлыққа жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде «Арал қаласы әкімінің аппараты» КММ-де 2 сыбайлас жемқорлық факторы анықталды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және болдырмау үшін тиісті ұсынымдар келтірілген.

 

         ҰСЫНЫМДА

1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша:

 

         1.1. Арал қаласы әкімінің орынбасары А. Алтайұлына:

 

  Жалпы, Арал қаласы әкімінің аппараты ғимаратына орналасқан4 мемлекеттік мекемеде 127 қызметкер жұмыс жасайды. Жұмыс уақытысынан кешігіп келу және артық жұмыс істеу фактілерін болдырмау мақсатында қызметкерлердің жұмысқа келіп - кету уақытын бақылау Арал қаласы әкімі аппаратының бөлімше басшысына жүктелген. Дегенмен, аталған қызметкердің басқа да функционалдық міндеттері болуына байланысты, қызметкерлердің жұмысқа келіп – кету уақытын бақылау мүмкіндігі болмай жатады.

Сондықтан, 2024 жылдың аяғына дейін адами фактордың алдын алу мақсатында қызметкерлердің жұмысқа келіп-кету уақытын есепке алатын электронды басқару жүйесі(СКУД) орнату үшін қаржы бөлу мәселесін қарастыра отырып, заң аясында тиісті жұмыстарды жүргізу қажет деп есептейміз.

         1.2. Арал қаласы әкімі аппаратының бөлімше басшысы М. Рсалиеваға, бас маман А. Оразалиеваға:

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау барысында, әсіресе «Е-өтініш» жүйесімен жұмыс жасау барысында қызметкерлер тарапынан  қате-кемшіліктерге жол берілген жағдайлар кездеседі.

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-процестік Кодексімен жолданымдармен жұмыс жасау барысында жіберілген кейбір заң бұзушылықтарға айыппұлдар қарастырылған. 

         Сондықтан,жолданымдармен жұмыс жасау барысында жіберілген кейбір қате-кемшіліктердің салдарынан айыппұл төлеуге апарып соғатын заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында, өтініштермен жұмыс жасау бойынша қызметкерлерге құқықтық оқу өткізу қажет етіледі.

        

 

«Келісілді»

Жұмыс тобы мүшелері:

 

Арал қаласы әкімі аппаратының

бөлімше басшысы                                                                       М. Рсалиева

 

Арал қаласы әкімі аппаратының

бөлімше басшысы                                                                       О. Рысқұлов

 

Арал қаласы әкімі аппаратының

бас маманы                                                                                  А. Оразалиева

 

Арал қаласы әкімі аппаратының

бас маманы                                                                                  А. Дүйшембиев

 

Арал қаласы әкімі аппаратының

жетекші маманы                                                                          А. Әбдіханов

 

Арал қаласы әкімі аппаратының

статистигі                                                                                      Б. Қайырова

 

 

 

 

Қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынылды:

 

 

Арал қаласының әкімі                                                               Б. Ұзақов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талдамалық анықтама «Арал қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша
Дата публикации
18 августа 2025