«Арал қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесі бойынша жария талқылаудың хаттамасы
Арал қаласы 19.07.2025 жыл
Төрағалық етуші: Арал қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы
А.Алтайұлы.
Хатшы: Арал қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы
А. Әбдіханов.
Қатысқандар: Жұмыс тобының құрамы, мекеме қызметкерлері.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
«Арал қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жасалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы.
Жиын барысында Арал қаласы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тауекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша жасалған талдамалық анықтамада көзделген ұсыныстарды талқылау мен пысықтаулар жүргізілді.
Атап айтқанда, адами факторды болдырмау мақсатында мекеме қызметкерлерінің жұмысқа келіп–кету уақытын есепке алатын электронды басқару жүйесі (СКУД) орнату үшін қаржы бөлу мәселесін қарастыра отырып, заң аясында тиісті жұмыстарды жүргізу қажет деген ұсыныс пен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау барысында, әсіресе «Е-өтініш» жүйесімен жұмыс жасау кезінде қызметкерлер тарапынан қате-кемшіліктер орын алып жататындықтан, қызметкерлердің аталған порталда жұмыс жасау сапасын арттыру үшін, қызметтік оқулар өткізіп отыру туралы ұсыныстар таныстырылды.
Жария талқылауға қатысқан тұлғалар тарапынан ұсыныстар мен пікір алмасулар орын алды. Арал қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы А. Алтайұлы қатысушыларға алғыс білдіріп, жария талқылауды жабық деп қорытындылады.
Жария талқылау қорытындысымен анықтамада көрсетілген ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту және қажет болған жағдайда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкессіздіктерді жою бойынша ұсыныстарды уәкілетті органға жолдау тапсырылды.
Арал қаласы әкімінің міндетін
уақытша атқарушы А. Алтайұлы
Жетекші маман А. Әбдіханов