Арал қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 17 маусымында сағат: 11:00-де Рсалы Тұрымбетов көшесінің 2-қатарындағы жаңа көшеде Ұлы Отан соғысының ардагері Садық Жұмағұловтың есіміне көше атауын беру мәселесі бойынша көше тұрғындарының қатысуымен жергілікті қоғамдастықтың жиыны өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай отырып, көшпелі жиын барысында Арал қаласы, Рсалы Тұрымбетов көшесінің 2-қатарындағы жаңа көшеге Садық Жұмағұловтың есімін беру туралы ұсыныс мақұлданды.
"Арал қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі