2024-2026 жылдарға арналған Арал қаласы әкімінің азаматтық бюджеті

 

 

 

 

 

 

 

2024-2026 жылдарға арналған Арал  қаласы әкімінің

азаматтық бюджеті

 

 



 

 

 

 

 

 

                                                                                                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арал қаласы, 2024 жыл

 

 

 

2024-2026 жылдарға арналған Арал қаласы әкімінің азаматтық бюджеті

 

 

  1. 2024-2026 жылдарға арналған Арал қаласының

әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

 

         Жергілікті атқарушы органның қызметі есепті кезеңде Елбасы Жолдауынан туындайтын мәселелерді, мемлекеттік, аймақтык бағдарламаларды іске  асыруға бағытталды. Қабылданған іс-шараларды іске асыру барысында қаланың әлеуметтік–экономикалық дамуында біршама ілгерілеушіліктер байқалды.

           

Кәсіпкерлік

Арал қаласы бойынша - 3469 кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, оның ішінде жұмыс жасап тұрғаны - 3237 субъекті (197 заңды тұлға, 3272 - жеке кәсіпкер).

2023 жылы 18 кәсіпкерлік нысан ашылды. Олардың ішінде, тамақтану орындары, көлік жуу, балалар ойын-сауық орталығы, шағын маркеттер бар.  

       Жалпы алғанда, 2024 жылдың 1 қаңтарына қаржылық несие ұйымдары арқылы  қала кәсіпкерлері тарапынан 154 жоба бойынша 3250,6 млн. теңге несие алуға қол жеткізді. 

         Ауылшаруашылығы

         Бүгінгі күнге, Арал қаласы бойынша  5857 бас мүйізді ірі қара,     1934 бас жылқы, 2904 бас түйе, 6221 бас уақ малдар; барлығы - 16 916 мал басы тіркелген.

         Жұмыспен қамту, әлеуметтік төлемдер бойынша:

         2023 жылы қаланы санитарлық тазалау жұмыстарына 99 адам қоғамдық жұмысқа алынды.

         Жылдың қорытындысымен 99 адамның 60-ы тұрақты жұмыспен қамтылған болатын.

Биыл, көше тазалығына 99 қоғамдық жұмысшыларды қамтуға тапсырыс берілді.

         Ал, жаңа жұмыс орындарына меже бойынша 507 адамды жұмысқа орналастыру қажет болса, бұл көрсеткіш 116,9 пайызға артық орындалды (592 адам).

         Жер кезектілігі және жер учаскелерін табыстау туралы:

Арал қаласы бойынша жер учаскесін алу үшін барлығы – 7823 азаматтардың өтініші арнайы есепке алынған. Жылдар бойынша бөлінісі:

 

2008 ж

2009 ж

2010 ж

2011 ж

2012 ж

2013 ж

2014 ж

2015 ж

2016 ж

2017 ж

2018 ж

2019 ж

2020 ж

2021 ж

2022 ж

2023 ж

393

337

430

525

481

273

329

301

442

381

295

296

330

423

1962

650

 

ҚР Жер Кодексінің 41-1-бабына сәйкес азаматтарға қолжетімді болу мақсатында жер кезектілігінің тізімі «Арал қаласы әкімінің аппараты» КММ-сі ғимаратының 2 қабатында орналасқан.

2008-2009 жылдары жер кезектілігіне - 730 өтініш алынған болса, оның ішінде 2022 жылы 230 өтініш иесіне жер учаскесі табысталды.

2023 жылдың тамыз айында Арал қаласының су және электр желісі жүргізілген аймақтарынан дайын болған жер учаскелерінің санына                  қарай - 500 өтініштің тізімі жасақталып, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне жолданды.

Ағымдағы жылдың соңғы төрт ай мерзімінде, дайын болған алаңдардан барлығы - 262 өтініш иесіне жер учаскесі табысталса, 24 өтініш мерзімі бойынша қаралуда.

Қалған жер алуға өтініш түсірмеген 214 азаматтар үшін аудан әкімдігін белгілей отырып, Арал қаласының «фейсбук» әлеуметтік парақшасына бірнеше рет «хабарландырулар» берілді.

         Бұдан бөлек, аталған жұмыстар Арал қаласының № 6 және № 8 мөлтек аудандарында жалғасын табуда. Аймақтар бойынша электр және су желісін жүргізуге қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды.   Бұл аймақтардан қосымша 661 (№6 м/а - 353 учаске, №8 м/а - 308 учаске) азаматтарға жер учаскесін беру жоспарланып отыр. Аталған аймақтардан жер учаскесін бөліп беру схемасының дайын болуына орай ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап жер учаскелерін табыстау жұмыстары жүргізілетін болады.

         Анықтама ретінде: 2010-2011 жылдары барлығы 955 азамат кезекке алынған, оның ішінде: №6 және №8 мөлтек аудандарынан 661 азаматтарға берілсе,.қалған 294 өтініш иелеріне алдағы уақытта дайындалатын алаңдардан берілетін болады.

         Жарықтандыру

         Арал қаласындағы 228 көшенің 131 көшесі түнгі жарық шамдарымен қамтылған (57,4 %).

2023 жылы бұған дейін жасалмаған 46 көше жарықтандырылды
(12-і жеке қаржы есебінен, 34-і АБ - 20,0 млн. тг.).

Анықтама ретінде: 46 көшенің 15-і күн сәулесінен қуат алатын жарықшамдар.

         Сонымен қатар, аудандық бюджеттен бөлінген 2,4 млн. теңгеге ұзындығы 0,6 шақырым әскери қалашыққа барар қиыршық тасты автомобиль жолын тегістеу және жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

         Абаттандыру және тазалық

         Қалада барлығы 31 сквер, саябақ, балалар және шағын спорт алаңдары бар (ашық спорт және ойын алаңдары - 20, скверлер мен алаңдар - 11).

Өткен жылы «Рәміздер алаңының» артқы бетін периметрі бойынша үрінді құм мен қардан қорғау, абаттандыру мақсатында аудандық бюджеттен бөлінген 6,2 млн. теңгеге бұрынғы қоршаулары демонтаждалып, жаңадан қоршаулар орнатылды.

Сондай-ақ, аудандық бюджеттен бөлінген 7,0 млн. теңгеге саябақтар мен скверлер, аллеялардағы көгалдандыру нысандарына тамшылатып суару әдісін қолдану үшін су құбырлары жүргізілді.

Бұған дейін қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету жұмыстарына ғана бюджеттен қаржы сұралатын болса, биылдан бастап барлық сквер, саябақ, парктер мен алаңдарды абаттандыру мен күтіп ұстау үшін 50,0 млн. теңгеге өтінім ұсындық. 30,0 млн. теңге АБ-тен бөлінді (6,0 млн. тг. трансферден АБ, ал 24,0 млн. тг. базылық қаржы), ендігі қажетті сумма 20,0 млн. теңге.

         Ал, қала көшелерінің санитарлық тазалық жұмыстарын 2023 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 74,0 млн. теңгеге, 3 бөлініс (ЛОТ) бойынша «Қуанышбек» ЖШС мен «Қуаныш» жеке кәсіпкерлік субъектісі қамтамасыз еткен болатын.

Сондай-ақ, 7,1 млн. теңгеге мердігер мекеме «Н. Мырзагулова» шеткі аймақтардағы қоқыстарды тазалау жұмыстарын жүргізді.

Бұдан бөлек, 8,9 млн. теңгеге қаланың оңтүстік-батыс беткейінде орналасқан полигондағы қатты тұрмыстық қалдықтарды көму, тегістеу, нығыздау және сұрыптау жұмыстарын «Қуанышбек» ЖШС жүргізді.

         Енді, биылғы жылға бұл жұмыстарды бөлек-бөлек жарияламай, топтастырып, бір сметалық құжаттамаға сәйкес 84,0 млн. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды. Қазір, аудандық бюджеттен 74,8 млн. теңге бөлінген, әлі 9,2 млн. теңге қажет. 

         Бейнебақылау камералары

         2013-2017 жылдар аралығындақала көшелеріне барлығы 32 дана бейнебақылау камералары орнатылған.

Қазіргі таңда, оның 25 данасы істен шығып, жарамсыз күйге жеткен. Қалған 7 камераның аздық етуіне байланысты 2022 жылы 6 дана және 2023 жылы 11 дана бейнебақылау камералары орнатылды (барлығы
24 бейнекамера).

САЛЫҚ ТҮСІМДЕРІ.  

2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында барлық салық пен басқа да түсім түрлерінің болжамының орындалуы 330 139,0 мың теңге немесе 129,7 пайызды құрады.

 

ІІ. Арал қаласы  бюджеттің түсімдері және шығындары

 

Бюджет кодексінің 52-1 бапқа сәйкес жергілікті салық түсімдерінен және ауылдық округ әкімдерінің иелігіндегі меншікті жалға беруден түсетін кірістерден, сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылардан, әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұлдардан, жеке және заңды тұлғалардың ерікті алымдарынан қолма қол бақылау шоттарына түсімдер түсіру арқылы кірістері жоспарланып, шығындары мен айырмасы субвенция ретінде жоспарланды.

 

 

«2024-2026 жылдарға арналған Арал қаласы әкімінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 144 шешімімен бекітілді.

 

2024-2026 жылдарға арналған Арал қаласы әкімінің бюджеттің негізгі параметрлері

 

мың. теңге

Атауы

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

бекітілген жоспар

нақтыланған жоспар ()

бекітілген жоспар

бекітілген жоспар

Түсімдер

425 422,0

 

427 865,0

427 865,0

1. Кірістер, оның ішінде:

425 422,0

 

427 865,0

427 865,0

Салықтық түсімдер

292 934,0

 

297 327,0

297 327,0

Салықтық емес түсiмдер

13 575,0

 

13 779

13 779

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

68 936,0

 

69 970

69 970

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

49 977,0

 

46 789,0

46 789,0

Ағымдағы нысаналы трансферттер

22 705,0

 

0

0

Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен субвенциялар

27 272,0

 

46 789,0

46 789,0

Бюджеттік кредиттерді өтеу

0

 

0

0

Мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0

 

0

0

Қарыздар түсімі

0

 

0

0

Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары

0

 

0

0

Шығыстар

425 422,0

 

427 865,0

427 865,0

Шығындар, оның ішінде:

425 422,0

 

427 865,0

427 865,0

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

214 371,0

 

215 115,0

215 115,0

Денсаулық сақтау

0

 

0

0

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

155 422,0

 

154 653,0

154 653,0

Жергілікті деңгейдемәдени-демалыс жұмысын қолдау

55 629,0

 

58 097,0

58 097,0

Басқалар

0

 

0

0

Борышқа  қызмет көрсету

0

 

0

0

Трансферттер

0

 

0

0

Бюджеттік кредиттер

0

 

0

0

Қаржы активтерін сатып алу

0

 

0

0

Қарыздарды өтеу

0

 

0

0

           

 

Түсімдері

 

2024-2026 жылдарға арналған Арал қаласының бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау Әдістемесімен, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамындағы макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде, Қазақстан Республикасының Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

2024-2026 жылдарға арналған қала бюджеті кірістері (трансферттерді есепке алмағанда)

2024 жылға – 375 445 мың теңге;

2025 жылға – 381 076 мың теңге;

2026 жылға – 381 076 мың теңге;

Қала бюджетінің салықтық түсімдері 2024-2026 жылдарға төмендегідей көлемде белгіленді:

2024 жылға – 292 934 мың теңге;

2025 жылға – 297 327 мың теңге;

2026 жылға – 297 327 мың теңге;

Салықтық емес түсімдерінің жоспары

2024 жылға –13 575 мың теңге;

2025 жылға – 13 779 мың теңге;

2026 жылға – 13 779 мың теңге;

         Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерінің жоспары:

2024 жылға – 68 936 мың теңге;

2025 жылға – 69 970  мың теңге;

2026 жылға – 69 970 мың теңге болып белгіленді.

Аудан бюджетінен қала бюджетіне берілетін субвенция көлемі 2024 жылы – 27 272 мың теңге, 2025 жылы – 46 789 мың теңге, 2026 жылы – 46 789 мың теңге болып белгіленді.

Сонымен қатар, 2023 жылғы 21 желтоқсандағы 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет бекітілуіне байланысты 2024 жылға арналған қала бюджетінің кіріс бөлігі республикалық бюджеттен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, ұйымдар жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге 705 мың теңгеге және аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферт есебінен мекемеге 1 дана қызметтік автокөлікті  сатып алуға 16 000 мың теңге сондай – ақ аллея, парк, сквер алаңдарды күтіп ұстау мен абаттандыруға 6 000 мың теңге қаржыға көбею жоспарлануда.

Осыған байланысты, қала бюджеті кірістерінің көлемі барлығы 2024 жылы – 425 422 мың теңге, 2025 жылы – 427 865 мың теңге, 2026 жылы – 427 865 мың теңгені құрауда.

 

Арал қаласы бюджетінің шығындары

 

Жоспарланған 2024-2026 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, аудан экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Президенттің Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.  

 

Бюджеттік бағдарламалар бойынша 2024 жылғы

Арал қаласының  бюджетінің шығындары

 

млн.теңге

ф/г

Атауы

2024 жылға арналған жоспар

Барлық шығындар көлемінің үлесі,%

 

II. Шығындар

425 422,0

100

01

 

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

 

214 371,0

50,39

 

124001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер»

214 371,0

50,39

03

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

 

155 422,0

36,53

 

124008 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру»

27 995,0

6,58

 

124009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету»

96 781,0

22,75

 

124 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру»

30 646,0

7,20

04

Мәдениет саласындағы қызмет

55 629,0

13,08

 

124006 «Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау»

55 629,0

13,08

 

 

 

Бюджеттік бағдарлама бойынша 2024 жылғы қала бюджетінің шығындары

 

                     

 

Аудандық маңызы бар қала,ауыл,кент,ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету;  

           

 

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;  

 

 

Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау

 

 

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру.

 

 

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

 

 

Қала  бюджетінің жалпы шығындар көлемі 2024 жылы – 425 422 мың теңге, 2025 жылы – 427 865 мың теңге, 2026 жылы – 427 865 мың теңге көлемінде жоспарлануда.

Ал, 2024-2026 жылдары ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеу кезінде жоспарлы кезеңдегі тұтыну бағасының индексіне сәйкес (еңбекақыны есептемегенде) 2024 жылы 4,5 пайызға, 2025 жылы 3,5 пайызға көбейту арқылы жоспарланды.

Сонымен қатар, 2024-2026 жылдарға арналған қала бюджетін қалыптастыру  барысында ағымдағы жылға дейін республикалық және облыстық, аудандық бюджеттерден қаржыландырылған ағымдағы нысаналы трансферттер ауылдық округ бюджетінің шығыстар базасына қосылғаны ескерілді.

2024-2026 жылдарға арналған қала бюджеті шығындары функционалдық топтары бойынша төмендегідей:

«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобы бойынша:

124 001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша:

2024 жылға – 198 371 мың теңге;

2025 жылға – 215 115 мың теңге;

2026 жылға – 215 115 мың теңге.

Осы шығындар аппарат қызметкерлерін ұстауға, коммуналдық, іс-сапар және байланыс шығындарын өтеуге бағытталады, сонымен қатар, республикалық бюджеттен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, ұйымдар жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалақысын арттыруға 564 мың теңге қаржы қаралғандығы ескерілді.

124 022 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша:

2024 жылға – 16 000 мың теңге;

Бұл шығын аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферт есебінен мекемеге               1 дана қызметтік автокөлікті  сатып алуға 16 000 мың теңге қаралған.

«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобы бойынша:

124 006 «Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша:

2024 жылға – 55 629 мың теңге;

2025 жылға – 58 097  мың теңге;

2026 жылға – 58 097 мың теңге.

Бұл шығындар жергілікті деңгейдегі мәдени көпшілік шараларды ұйымдастыру және өткізуге, халық арасынан талантты және дарынды өнерпаздардың шығармашылығын дамытуға ықпал етуге, қалалық мәдениет үйлері мен елді мекендердегі клубтық мекемелерде мәдени іс-шараларды өткізуге және республикалық бюджеттен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, ұйымдар жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын арттыруға 141 мың теңге қаралғандығы ескерілді.

 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобы бойынша:

124 008 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша:

2024 жылға – 27 995 мың теңге;

2025 жылға – 28 975 мың теңге;

2026 жылға – 28 975 мың теңге.

Бұл шығындар қаланы жарықтандыру жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталады.

124 009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша:

2024 жылға – 96 781 мың теңге;

2025 жылға – 100 168 мың теңге;

2026 жылға – 100 168 мың теңге.

Аталған шығындар қаланың санитариясын қамтамасыз етуге қаралған.

124 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша:

2024 жылға – 30 646 мың теңге;

2025 жылға – 25 510 мың теңге;

2026 жылға – 25 510 мың теңге.

         Аталған шығындар қаланы абаттандыру мен көгалдандыруға және аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферт есебінен аллея, парк, сквер алаңдарды күтіп ұстауға 6 000 мың теңгеқаралған.

Шығындардың қалған бөлігі ҚР Бюджет кодексіне сәйкес бюджет құрылымы негізінде әзірленді.

 

 

Дата публикации
13 февраля 2024