
Бұл бөлім тіршілікті қамтамасыз ету және ТҮКШ объектілеріндегі штаттан тыс жағдайлар орын алған кезінде, сондай-ақ қолайсыз ауа-райы мен климаттық жағдайлар кезінде халықты уақытылы хабардар етуге арналған
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» № 246 Заңына сәйкес, табыстары облыста бекітілген кедейлік шегінен төмен отбасылар үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту орталығына, орталық болмаған жағдайда кент, ауылдық округ әкімдігі арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтініш білдіруге болады.
Жүгіну барысында отбасының табыстарын алдын-ала есептеу, отбасының жұмысқа қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту және өзге де әлеуметтік бейімдеу шараларына қатыстыру мәселелері бойынша кеңес беру және өтініш қабылдау жұмыстары жүргізілетін болады.
2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (№ 482-V ҚРЗ) 13- бабына сәйкес жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін тұрғылықты жерiндегі халықты жұмыспен қамту орталығына тікелей не "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеле аласыз.
Жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлығы, мамандығы талап етпейді.
Қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналастыру мерзімі 12 айдан аспайды.
Тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту оралықтарына барып өтініш беру қажет.
Жеке куәлік, еңбек өтілін растайтын құжат (бар болса); білімі туралы құжат(аттестат, куәлік, диплом); арнайы білімін немесе кәсіптік дайындығын растайтын құжат (бар болса), есеп шот.