«Арал ауданы Аққұм ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы №158 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына сәйкес, Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Арал ауданы Аққұм ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
4-тармақта:
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау»;
оныншы абзац алып тасталсын;
он бірінші абзац алып тасталсын.
|
Аққұм ауылдық округінің әкімі Н.Жандаулетов |
|