«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған Ақирек ауылдық округінің бюджеті 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 79 403 мың теңге;
салықтық түсімдер – 2 263 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 270 мың теңге;
трансферттер түсімі – 76 870 мың теңге;
2) шығындар – 79 403 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
қарыздар түсімі – 0;
қарыздарды өтеу – 0;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0».