Ақжарма ауылдық округі Баймұрат батыр ауылының көшесіне ҰОС ардагері Мұратбаев Еспенбет есімін беру туралы хаттамасы

ҚР Үкіметінің 2014 жылдың 24 ақпанындағы №138 қаулысы негізінде Ақжарма ауылдық округіндегі құрамдас бөліктерге атау беру мақсатында көше тұрғындарының қатысуымен өткен жиынның ХАТТАМАСЫ

 

Ақжарма ауылдық округі                                                          30 мамыр 2025  жыл

Баймұрат батыр ауылы                                                              сағат 10:00

 

 

Жиналыс төрағасы: Ә. Мусабаев – Ақжарма ауыл округінің әкімі міндетін атқарушы;

Жиналыс хатшысы: А.Дуйсенбаева – маман;

Жиналысқа қатысқандар: Қоғамдық кеңес төрағасы мен мүшелері, ауыл тұрғындары.

Барлығы – 32 адам.

 

Күн тәртібінде:

  1. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігінен алдын-ала қолдау тапқан Ақжарма ауыл округіне қарасты Баймұрат батыр ауылындағы атаусыз бос көшесін – Мұратбаев Еспенбет есімін беруді қарау туралы.
  2. Пікір алмасу.

Тыңдалды:

     Жиналысты Ақжарма ауылдық округінің әкімі міндетін атқарушы Ә. Мусабаев   ашып, күн тәртібінде талқыланатын мәселемен таныстырды.

     Ақжарма ауылдық округінің әкімі міндетін атқарушы Ә.Мусабаев:- Бүгінгі жиынның күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 24 ақпанындағы №138 қаулы талаптарын сақтай отырып, Ақжарма ауыл округіндегі құрамдас бөліктерге атау беру мақсатында халықтың пікірлерін ескере отырып, Баймұрат батыр ауылындағы көшелерге атау беру және қайта атау туралы жеке тұлғалардан келіп түскен ұсынысты төмендегідей мәлімдеді:

  • Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Ақжарма ауылдық округі бойынша қолдау тапқан атаусыз көшесін – Мұратбаев  Еспенбет есімімен атау беру туралы ұсынысын айтты.

 

Ақжарма ауылдық округінің Баймұрат батыр ауылы тұрғындары жоғарыда ұсынылған көшенің  атауы мен тұлғаның еңбек жолдарымен танысып, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат минстрлігінен алдын – ала қолдау тапқан атаусыз көшеге жаңадан атау беруге келіп түскен ұсынысты толықтай келісетіндігі туралы бір ауыздан қолдау білдіріп, шешім етті. Қарсы – жоқ, қалыс – жоқ.

 

ШЕШІМ  ЕТЕДІ:

  1. Қоғамдық кеңес жиналысына қатысқан тұрғындардың пікірін талқылай келе құрамдас бөліктерге атау беру барысында ұсынылған тұлғалар атауларына қолдау білдіре отырып, тиісті заңдылықтарға сәйкес қажетті құжаттары дайындалып, Қызылорда қаласы әкімдігі жанындағы ономастикалық жұмысшы тобының қарауына ұсынылсын.

 

  1. Осы хаттаманың орындалуы ауыл округінің әкімі міндетін атқарушы Ә. Мусабаевтан сұралсын.

 

 

           Жиналыс төрағасы:                               Ә. Мусабаев

 

           Жиналыс хатшысы:                               А. Дуйсенбаева  

Дата публикации
05 июня 2025