ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
«Ақжарма мәдениет Үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша
31.03.2025 жыл «Ақжарма мәдениет Үйі»
КІРІСПЕ БӨЛІМІ:
СИПАТТАМА БӨЛІМІ:
І.Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) Кәсіпорынның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (әрі қарай - НҚА)сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Кәсіпорынның ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талданатын объект туралы мәліметтер:
Кәсіпорын қызметінің басты міндеті мәдениет саласында қызмет көрсету болып табылады. Көрсетілген мақсатты іске асыру үшін кәсіпорын келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- Қазақстан Республикасында аталып өтетін мерекелерді, концерттерді, фестиваль-конкурстарды, байқауларды, халықтық қолданбалы және бейнелеу өнерілерінің көрмесін ұйымдастыру;
- Семинарлар, конференциялар, көрмелер, және облыстық мәдениет саласындағы даму нысандарын ұйымдастыру;
- Аймақтық, облыстық, республикалық және халықаралық конкурстарға, фестивальдарға қатысу арқылы халық шығармашылығының үздік ұжымдарын насихаттау;
- Мәдени-демалыс қызмет орталығы саласында ұлттық мәдениеттің дамуына және сақталуына бағытталған әр түрлі мәдени акциялар, бағдарламалар мен инновациялық жобаларды қолдау.
Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Ақжарма ауылдық округі, Баймұрат батыр ауылы, Н.Тасымов көшесі №20А.
ІІ. Кәсіпорынның қызметінде, оны ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, кәсіпорын өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі;
- Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
- Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Кодексі);
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi;
- Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңы;
- "Қазақстан Республикасының шегінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының қызметтік іс сапарлары туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 қаулысы;
-"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысы;
- "Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде Шет мемлекеттерге қызметтік іс-сапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысы -
НҚА зерделеу нәтижесінде оларды сәйкесіздіктер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдер тудыратын деректер анықталмады.
ІІІ.Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.
3.1. Кадрлық құрам бойынша.
2024 жылы қызметкерлерді басқару: штаттық бірлік бойынша -14; қызметкерлер саны - 15. Оның ішінде шығармашылық қызметкерлер- 4; есепші-1. 0,5 штат бірлікте 2 қызметкер жұмыс жасайды.
Қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жататын Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты «Ақжарма мәдениет Үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2025 жылы қызметкерлерді басқару: штаттық бірлік бойынша -14; қызметкерлер саны - 15. Оның ішінде шығармашылық қызметкерлер- 4; есепші-1. 0,5 штат бірлікте 2 қызметкер жұмыс жасайды.
Кадрлық құрам бойынша өзгеріс болған жоқ.
Теріс себептермен жұмыстан шығарылған қызметкерлер жоқ. Мекемеде кәсіби біліктіліктерін көтеру бойынша қайта даярлау курстарына жіберу және санаттарын көтерудің кестесі мен уақыты сақталған. Еңбек тәртібін бұзушылық фактілері тіркелмеген.
Талдау жүргізілу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң бұзғандығы үшін сотталған немесе қылмыстық іс жасағандарды жұмысқа қабылдау фактілері анықталмаған.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдары
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі |
|
Кәсіпорын директоры |
Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау |
ҚР Конституциясына, ҚР өзгеде нормативтік –құқықтық актілеріне сүйене отырып, Заңдылықтар қағидаттарын басшылыққа алу, адамның және азаматтың құқықтарымен бостандықтарын, Заңды мүдделерін бұзуға бастайтын іс-әрекеттерге жол бермеу. Ұйымның және ұжымның беделін түсіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге міндетті. Кәсіпорын директорының лауазымдық міндетте көрсетілген тараптарын ескере отыра орындалуы тиіс. |
Алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі орташа. |
ІV. Мүдделер қақтығысын реттеу.
31.03.2024-31.03.2025 жылдары айларында Кәсіпорында мүдделер қақтығысы орын алмаған.
4.1. Кәсіпорынның белгілі бір қызметкерлеріне өздерінің функциональдық міндеттеріне қосымша комплеанс-офицер қызметін жүктеген. Бұл өз ретінде, кәсіпорын қызметкерлері өздерінің еңбек міндеттерін орындау барысында жеке мүдделіктің туындауына әкеліп соғады. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде арнайы комплеанс-офицер қызметі штаттық бірлігі қарастырылмағандықтан, мәдениет Үйінің мамандарына қосымша міндеттемелер жүктелуде, осы жағдай мүдделер қақтығысын туғызуы ықтимал. Кәсіпорында комплеанс-офицер қызметкеріне штаттық бірлік берілсе, ашықтылықты, жариялылықты қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық сипатының алдын алуға өз септігін тигізеді.
Кәсіпорынмен мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.
VІ. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.
Кәсіпорынмен рұқсат беру функциясы жүзеге асырылмайды.
VІІ. Бақылау функцияларын жүзеге асыру:
31.03-2024-31.03.2025 жылдар аралығында 72 бұйрық қабылданған.
VІІІ. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.
2024 жылға - 46907,0 мың теңге қарастырылған, игерілу пайызы 100%;
2025 жылға - 53212,0 мың теңге қарастырылған.
ІХ. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.
2024 жылы айында – 32 шарт жасасты.
2025 жылдың қаңтар-ақпан айында – 15 шарт жасасты.
Х.Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.
Кәсіпорында 31.03.2024-31.03.2025 жылдар аралығында ақпараттық жүйе әзірленбеген және ақпараттық жүйелер ауылдық округі әкімі аппараты арқылы жүзеге асырылады.
ХІ. Ақжарма мәдениет Үйінің ұйымдастырушылық – басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
11.2. Ақжарма мәдениет Үйінің жалпы құжат айналымы: 31.03.2024-31.03.2025 жылдың жалпы құжат саны – 102. (кіріс-32,
шығыс-70).
Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер бойынша:
2024 жылы – 1 ұсыныс
2025 жылдың қаңтар-ақпан айларына өтініштер түспеген.
11.2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша:
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі салалық бағдарламасы аясында мәдениет үйінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және болдырмау бағытында тиісті жұмыстар, іс-шаралар жүргізілуде
Сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында мәдениет үйінің ғимаратында (есіктерінде) пара беру мен оны алу зардаптары туралы арнайы парақшалар орналастырылған.
Сонымен қатар жүйелі түрде дөңгелек үстөлдер, семинарлар мен кездесу ұйымдастырылды. Алдағы уақытта бекітліген іс-шаралар жоспарына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылады.
Ағымдағы жылдың 27 наурызда Ақжарма мәдениет Үйінің ұйымдастырылуымен «Сыбайлас жемқорлық қауіпті дерт» атты ауылдағы мемлекеттік және мекеме қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Есепті мерзімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс шаралар:
- 2024 жылы жалпы саны – 1;
- 2025 жылдың жалпы саны – 1.
Талдау нәтижесінде Кәсіпорынмен қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкестіктерді жою бойынша:
ҰСЫНЫМДАР
1.1 «Қалалық экономика және қаржы» бөліміне және уәкілетті органдарға:
«Ақжарма мәдениет Үйі» КМҚК-на ашықтылықты, жариялылықты қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық сипатының алдын алуға өз септігін тигізу мақсатында, мүдделер қақтығысын болдырмауға және кез келген сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін комплеанс-офицер қызметкеріне 1 штаттық бірлік беруге ұсыным хат жолдауды.
Комплеанс – офицері Ә.Есқалиева
Қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынылды.
Директор А. Баймбетова
«Ақжарма мәдениет Үйі» КМҚК
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі |
|
Кәсіпорын директоры |
Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау |
ҚР Конституциясына, ҚР өзгеде нормативтік –құқықтық актілеріне сүйене отырып, Заңдылықтар қағидаттарын басшылыққа алу, адамның және азаматтың құқықтарымен бостандықтарын, Заңды мүдделерін бұзуға бастайтын іс-әрекеттерге жол бермеу. Ұйымның және ұжымның беделін түсіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге міндетті. Кәсіпорын директорының лауазымдық міндетте көрсетілген тараптарын ескере отыра орындалуы тиіс. |
Алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі орташа. |
«Бекітемін»
Ақжарма ауылдық округі әкімінің
аппараты «Ақжарма мәдениет Үйі»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорны директоры_____ А.Баймбетова
«Ақжарма мәдениет Үйі» КМҚК
|
№ |
Ұсыным |
Іс-шара |
Іс-шараны аяқтау нысаны |
Орындаушылар |
Іс-шараны орындау мерзімі |
|
|
Комплеанс офицері қызметінің тиімділігін арттыру және мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында қосымша 1 дана штаттық бірлік сұрау |
Ұсыныстың жобасын әзірлеу |
Қызылорда қаласы әкімдігіне ұсыныс беру |
А. Баймбетова |
1 (бір) жыл шеңберінде |