«2025 – 2027 жылдарға арналған Ақжарма ауылдық округінің бюджеті туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №231-33/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«2025 – 2027  жылдарға арналған Ақжарма ауылдық округінің бюджеті туралы»  Қызылорда қалалық мәслихатының
2024 жылғы 24 желтоқсандағы  №231-33/3 шешіміне өзгерістер
енгізу туралы

 

Қызылорда қалалық  мәслихаты ШЕШТІ: 

  1. «2025-2027 жылдарға арналған Ақжарма ауылдық округінің бюджеті туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2024 жылғы
    24 желтоқсандағы №231-33/3 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған шешімнің 1-тармағы  жаңа редакцияда жазылсын: 

         «1. 2025-2027  жылдарға арналған Ақжарма ауылдық округінің бюджеті  1,2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

         «1) кірістер – 428 437,0 мың теңге, оның ішінде: 

         салықтық түсімдер –9 070,0 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер- 164,0 мың теңге;

         трансферттер түсімі – 419 203,0 мың теңге;

         2) шығындар – 431 593,7 мың теңге;

          3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

          бюджеттік кредиттер – 0;

          бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

          4) қаржы активтерімен  операциялар бойынша сальдо – 0,

          қаржы активтерін сатып алу – 0;

          мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

          5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 3156,7;

          6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) –3156,7»

        «Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 3156,7 мың теңге».

аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Ақжарма ауылдық округі әкімі                             С.Әбдіреев                                                               

 

 

Дата публикации
26 февраля 2025